«Африкадағы қазақша бизнес», 2018 жыл
Кассалық жинақ: 772 386 440 теңге
Жомарт және Айсулу — жас жұбайлар. Олар қазақша бал айына барады, яғни туыстарымен бірге. Айсулу уақытты қызықты өткізгісі келеді, бірақ Жомарттың туысқандары ақша тапқылары келетіні соншалық олар жаңа идеяларды ойлап таба береді. Жомарт бұл идеяларға, кениялық кәсіпкермен таныспағанша, назар аудармайды.
«Америкадағы қазақша бизнес», 2017 жыл
Кассалық жинақ: 581 000 000 теңге
Фильм кішігірім қонақ үйдің қожайынының қызықты оқиғалары туралы. Шетелдік инвесторлармен сәтті келісім-шарттан кейін Жомарт қонақ үйіне халықаралық дәрежені және 5 жұлдыз деген атақты алғысы келеді. Алайда кәсіпкердің алпауыт ойлары құрдымға ұшырайды. Істі қолға алу үшін ол Штаттарға кетеді.
«Аға ма, әлде неке ме 2», 2018 жыл
Кассалық жинақ: 514 955 680 теңгеден жоғары
Гаухардың аяғы ауыр, ал Айдар әйелінің ағаларымен енді тіл табысқандай. Бірақ барлығы басты рөлдегі кейіпкердің біртүрлі ауруға ұшырағанынан күрт өзгереді.
«Құдалар», 2018 жыл
Кассалық жинақ: 420 000 000 теңге
Астана мен Шымкенттің құдалары жайлы оқиға. Астаналықтар қыздарының министрдің ұлына тұрмысқа шығады деп ойлады, ал шымкенттіктер ұлдары үйлеріне барлық салтты білетін келін әкеледі деген үмітте болған. Тойға дайындық құдалар арасындағы кикілжінге әкеліп соқтыруы мүмкін.
«Келін Сабина 2», 2016 жыл
Кассалық жинақ: 404 416 000 теңге
Екінші бөлімде барлығы жақсы көретін келін Сабина Жүгері ауылында жаңа отбасымен тұрады. Ол келіндерге арналған оңалту орталығын, ашық аспан астындағы кинотеатрын, дайвинг-орталығын, «Жүгері де-люкс» спа-салонын, тіпті психолог кабинетіне дейін ашады. Мәди есімді әдемі ұлдың пайда болуынын өзі Сабина мен Жәнібектің бақытын бұза алмайды деп ойлап жүргенде, жаңа кедергі пайда болады.
«Келін Сабина», 2014 жыл
Кассалық жинақ: 348 000 000 теңге
Сабина — байдың алматылық ерке қызы. Оның барлық өмірі — түнгі қыдырыстар мен еуропалық брэндтер. Қыздың арманы — араб шейхына тұрмысқа шығып, Қазақстаннан Дубайға, Jumeirah Beach-те тұру үшін кетіп қалу. Бірақ бір күні қыздың өмірі күрт өзгереді. Ол Жүгері ауылына келін болып түседі. Жәнібек атты малшының әйелі болады. Ендігі оның арманы — ауылдан қашып кету!
«Қазақша бизнес», 2016 жыл
Кассалық жинақ: 299 700 000 теңгеден жоғары
Кез-келген кәсіпкер дұрыс таңдалған қызметкерлер — табыстың басты көзі екенін біледі. Жомарт — қонақ үйі бар, қарапайым кәсіпкер. Оның кәсібінде жаңа леп пайда болады, оның жобасымен алпауыт инвестор қызығып отыр. Және ең жауапты сәтте, қонақ үйді презентацияға дайындау үшін, барлық қызметкерлер жұмыстан кетіп қалады. Бірақ адам адамға қасқыр болса, Қазақстанда адам адамға туысқан.
«Қазақ жігітіне ғашық болмаудың 5 себебі», 2014 жыл
Кассалық жинақ: 248 248 700 теңгеден жоғары
Бұл оқиға шетелдегі оқуынан кейін Жюль атты французға тұрмысқа шыққысы келетін Динара деген қыз жайлы. Бірақ оның қиындығы — отбасының қарсылығы. Қыз Дархан деген таксистпен кішігірім ойын ойнағысы келеді. Динара қазақ жігітіне ғашық болмаудың 5 себебін айта алады: жалқаулық, мақтаншақтық және ұқыпсыздық.
Дерек көзі: kursiv.kz, kinopoisk.ru