facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-otbasylarynda-b-zd-k-nge-dey-n-sa-tal-an-9-a-ida
logo
Қазақ отбасыларында біздің күнге дейін сақталған 9 қағида
Таңғажайып Қазақстан

16.08.2017

Қазақ отбасыларында біздің күнге дейін сақталған 9 қағида

Үлкендерге құрметпен қарау


Қазақ халқы үлкен кісілерге әрқашанда басымдылық беріп, аға буынға құрметпен қарайтын салтымен танымал. Мысалы, кішілер үлкендерге бірінші болып амандасып, оларға «сіз» деп сөйлеуі қажет.




Бірінші баланың есімін атасы мен әжесі қояды



Баланың өмірге келуіне байланысты салтты қалалық тұрғындарда және ауылда тұратындар да қатаң сақтайды. Мысалы, біздің уақытта бірінші балаға «ат қою» құқығы атасы мен әжесіне тиесілі. Бұрын баланың атын қою құрметі туысқандардың үлкеніне немесе ақсақалға бұйыратын.





Балаларды үлкендермен бірге бір дастарханға отырғызбайды


Әдетте, қонақтар келген кезде балаларды бөлек дастархан жайылған басқа бөлмеге жібереді.




ң.jpg

Ерекше мағынасы бар есімдер



Есімдерге келетін болсақ, қазақ халқы әр есімге ерекше терең мағына беріп, бұған ерекше назар аударады. Отбасында бірыңғай қыз балалар дүниеге келсе онда соңғысына келесісі міндетті түрде ұрпақ жалғастырар - ұл болсын деген оймен Ұлбала немесе Ұлболсын есімін береді.





Өз жеті атасын білу



Әр қазақ өзінің қандай руға тиесілі екендігін білуі және әкесі бойынша жеті атасын айтып беруі қажет. Қазақ халқы баяғы заманнан бері туысаралық некелердің зияндығы туралы білген, сондықтан қанның араласуын болдырмау мақсатында әр қазақ жеті атасын білуі міндетті.




Үлкен баланы әкесінің ата-анасының тәрбиесіне берген



Үлкен баланы әкесінің ата-анасының тәрбиесіне береді. Атасы мен әжесінің тәрбиесінде өскен бала олардың даналығы мен тәжірибесін алып, жауапты болады деп санаған. Ал отбасындағы үлкен бала кіші інілері мен қарындастарына үлгі болатындықтан тәрбиенің осындай форматы дұрысырақ болып табылады.




Кенже ұл ата-анамен бірге тұрады



Көптеген қазақ отбасылары кенже ұл бала әке ошағы мен мүлігінің мұрагері болып қалатын «әке мұрасы» салтын сақтайды. Осы ретте, кенже ұлына қартайған ата-анасына күтім жасау қамқорлығы да артылады.




Әмеңгерлік



Әмеңгерлік — бұл гуманизм идеясынан тараған ежелгі қазақ дәстүрі, оған сәйкес жесір қалған келіншек күйеуінің бауырларының біріне тұрмысқа шыққан. Бұл дәстүрдің мақсаты асыраушысыз қалған жесір мен оның балаларын қолдау болып табылады. біздің күндері қайтыс болған күйеуінің бауырларының бірі жетім қалған отбасына некеге тұрмай-ақ қамқорлық жасап, көмектеседі.


9 (1).jpg





Қонақжайлық және кең дастархан



Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрінен бастау алатын бірде бір мейрам дәмі тіл үйірер түрлі тағамдарға толтырылған бай дастархансыз өтпейді. Өте ерте ғасырлардан бастап бүгінгі күнге дейін қазақтар қонақтарды ең дәмді тағамдардан дәм татқызып, содан кейін егер қонақ кететін болса оны құр қол үйден шығармауға тырысып оларға аса құрметпен қараған.
Мұқабадағы суреттердің авторы: Евгений Ким

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар