Өзі жайлы
Мен ақылдымын. Бірақ ақыл — өмірде жетістікке жетуге кепілдік беретін артықшылық емес. Білімді дұрыс қолдана біліп, айналана талантты команда жинау білу керек.
Технологиялардың әлемді өзгертетініне сенемін. Пайдалы нәрселерді ойлап таба аламын және оларды жүзеге асыруға тырысамын.
Мен мейірімдімін. Айналамда болып жатқан нәрселерге бейжай қарай алмаймын. Әлемнің мен үшін, отбасым мен жақындарым үшін қауіпсіз, әрі жақсырақ болғанын қалаймын.
Технологиялардың әлемді өзгертетініне сенемін
Мен үшін өз мүмкіндігімді дұрыс пайдалануымды, дамуымды, бір орнымда тұрмайтынымды түсіну маңызды. Қазақстандық көрсеткіштер бойынша белгілі бір жетістікке жеткен де шығармыз. Бірақ, біз тек Қазақстанда ғана дамығымыз келмейді.
Мен оптимистпін. Кез-келген жағдайдан шешім тауып шығуға болатынына сенемін.
Өмірлік қағидалар жайлы
Жұмыста және өмірде базалық қағидаларды ұстанамын: ашық болу, әңгімелесушіні мұқият тыңдау, екі тарап үшін пайдалы шешімге келу. Work-life balance қолдауға тырысамын.
Бір тілде сөйлеп тұрса да, адамдар жиі бірін-бірі түсінбейді. Осыдан көп қиыншылықтар пайда болады. Сондықтан ортақ тіл табыса алу маңызды.
Маған адамдарға пайда әкелетін нәрсені ойлап табу ұнайды. Технологиялар өмірге бейімделген болу керек деп есептеймін. Кез-келген нәрсе өзін-өзі ақтап шығу керек — бұл IT-бизнесте маңызды. Егер адам бір нәрсе үшін төлеуге дайын болса, яғни, ол оларға керек.
Мен стресстік жағдайларды ұнатпаймын. Ондай жағдай кездессе, себептерін іздеймін.
Өмірдегі адамдар жайы
Мен адамдардың ұқыптылығын, шынайылығын және сенімділігін бағалаймын. Жанымда бір нәрсені менен артық білетін адамдардың болғанын қалаймын.
Жұмыс жайлы
Маған әрқашан IT саласы ұнайтын. Мектепті бітірер кезде қайда оқитыным жайлы нақты білгенмін. МФТИ-ді таңдадым, ол ТМД елдеріндегі ең мықты техникалық оқу орны. Бүгінде мен мамандық бойынша жұмыс істейтін бірнеше кәсіпкердің бірімін.
Мен адамдардың ұқыптылығын, шынайылығын және сенімділігін бағалаймын
Мен жұмыс істейтін жобалардың жоғары бағаланғаны және пайда әкелгені маңызды. Олардың алғашқысы — командамызбен қазақстандық нарықта жүзеге асырып жатқан, үлкен жоба «Сергек». Екіншісі — халықаралық нарыққа арналған Nommi стартапы.
Барлық жобаларымыз үш негіздің түйісуінде құралады: soft ware, hardware және телеком. Сондықтан біздің командада тар мамандандырылған программистер жұмыс істемейді. Біз түрлі салада қабілеті бар мамандарды таңдаймыз. Ол үшін арнайы мамандықтың қажеті жоқ.
Барлық жобаларымыз үш негіздің түйісуінде құралады: soft ware, hardware және телеком
Мұндай тәсіл тек бағдарламалық заттарды ғана емес, сыртқы әлемнің болмысын ескеруге көмектеседі. Біз «Сергек» үшін алгоритмдерді ойлаған кезде, осы алгоритмдердің энергиялық тиімділігін бағалаймыз. Біз оны қайда қолданамыз және қанша тұрады деген түсінікпен софт жаза аламыз. Өзіндік құны қаншалықты төмен болса, біздің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі соғұрлым жоғары.
Сондай-ақ телеком тұрақты пайда алуға көмектеседі, келісімдерге тәуелді soft ware-ге қарағанда.
Қазіргі уақытта Nommi жобасын Amazon-да жүзеге асырудамыз. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін өнімді дамытудамыз. Бұл халықаралық өнім — мен үшін қызықты және маңызды тәжірибе. Біздің девайс шетелде сұранысқа ие болуы мүмкін екенін көрсетуге тырысудамыз.
Мені қызықтыратын тағы бір идея — онлайн-қызметтердің экспорты. Қазақстанда қызметтер төлемі төмен, ал Еуропада жалақы жақсырақ. Сондықтан қазақстандықтар өз қызметтерін онлайн ұсына алады. Мысалы, Талғарда тұрып, ағылшын тілін үйрету арқылы ақша табу. Бұл бағыт жетістікке әкеледі деп сенемін.
Менің өмірлік жұмысым — әлемді жақсы жаққа дамытатын, технологияларды ойлап табу.