facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ayni-t-rebaeva-n-yu-yorktan-key-n-almaty-a-oraludy-sebeb-zhayynda
logo
Ғайни Түребаева Нью-Йорктан кейін Алматыға оралудың себебі жайында

12.06.2019

Ғайни Түребаева Нью-Йорктан кейін Алматыға оралудың себебі жайында

Ғайни Түребаева, туған қаласы — Астана, дизайнер, @getgaini

5 (3).jpg


Астана — Нью-Йорк — Алматы


Мен астаналықпын және осы қалада өстім. Бес жасымнан бастап киім дизайнері болуды армандадым, ақшамды жинап, алғашқы шағын топтамамды жасадым, жұмыстан шығып, Алматыға көшіп кеттім. Сол жерде үш жылдай тұрдым – бір дизайнерде, кейін ательеде ішкі процестерге жетекшілік жасап жұмыс істедім, тәжірибе жинадым, жұмыстың қыр-сырын үйрендім.

Мен киім дизайнері болуды қаладым, бірақ бұны қалай жүзеге асыруға болатынын білмедім, сол себепті Нью-Йоркқа кеттім. Сол жерде тәжірибемді қайта қарастырып, нені қалайтынымды, әрі қарай қалай даму керек екенін түсіндім. Нью-Йоркта өмір қайнап жатыр, Қазақстанға оралғасын, бойымда жігер және бірдеңені істеу ниеті болды. Мен Алматыны таңдадым, себебі осында мүмкіндіктер көп, маталардың, фурнитуралардың таңдауы үлкен.

3 (4).jpg


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Алматыда алғаш рет бала кезімде болдым. Біз байқауға келдік, бірақ жергілікті барахолкаға баруды қаладым. Менде 80 теңге болды, сол ақшаға күшті күлгін түсті сөмке алдым. Соны көп жылдар бойы ұстап жүрдім. Бұл менің қала жайындағы алғашқы әсерім.

Алматы маған бірден ұнаған жоқ. Қалада мән болмағандай көрінді. Адамдар қалайша террасаларда отырып, көше бойымен асықпай серуендей алатынын түсінбейтінмін. Бірақ қазірде Алматыға келіп, өмірден рахат аламын. Бұл менің сүйікті қалам.

Бірақ екінші рет нақты мақсатпен көшіп келдім – топтамамды тігіп, сатуды және брендімді дамытуды қаладым


Осында алғаш рет келген кезде, көп нәрселерді күттім. Бұдан бөлек, нені қалайтынымды өзім білмедім. Бірақ екінші рет нақты мақсатпен көшіп келдім – топтамамды тігіп, сатуды және брендімді дамытуды қаладым. Сол себепті пәтерді іздеуден басқа қиындықтар болған жоқ.


Алматыдағы өмір жайында


Маған қаланың атмосферасы ұнайды – осында тыныш өмір орнаған.

47058041_214747199404049_3387573912375594970_n.jpg

Алматылықтар белсенді, ақкөңіл. Осында бірдеңемен айналысып жатқан, әртүрлі бағыттарда дамып жатқан көп қызықты адамдар тұрады. Мысалы, мен актерлік шеберлік курстарына барып жүрмін, спортпен айналысамын. Бұл маған ұнайды.

Нью-Йорктан кейін, көп адамдар менен Қазақстанға оралу себебін сұрады. Бірақ мен ешқашан бір жаққа көшіп кетуді қаламадым, керісінше, әрқашан осында тұруды қаладым. Алматыда жайлы және ыңғайлы. Мені осында түсінеді, мен де адамдарды түсінемін. Осы қалада айналамда бұрыннан бері жұмыс істеген ескі достарым бар. Бұл менің туған жерім және мен ешқайда кетуді қаламаймын.


Жұмыс жайында


Алматыда өзімнің үлгілерімді тіге алатын орынды таптым, қажетті маталарды және сапаны таптым. Күзгі топтамамды тіге бастадым, ол әлі күнге дейін табысты түрде сатылып жатыр. Брендімнің жұмыс істеп жатқанына тоғыз ай болды.

49858757_1981969908764433_4877971825360048034_n.jpg

Брендімнің концептісі – бұл қарапайым базалық киімдер. Мен трендтерден тыс, көпке дейін киюге болатын сапалы киімдерді жасаймын. Қарапайымдылық пен минимализм философиясын ұстанамын. Көп адамдарға сай келетін үлгілерді ойлап шығарамын.

Брендімнің концептісі – бұл қарапайым базалық киімдер


Қазіргі таңда бренд серпінді түрде дамып жатыр. 17 мамырда Алматыда алғашқы шоурумымды аштым.

Барлығы сенің мойныңда болған кезде, жеке кәсібіңді дамыту қиынға соғады. Бастапқы капиталым үлкен болған жоқ және әрдайым бірдеңені ойлап табу керек болатын. Бастапқы уақытта клиенттерге өзім жеткізетінмін, қаржылық сұрақтарды өзім шешетінмін. Киімді жасап шығарудан бөлек, брендті дамыту жайында ойлау керек. Бірақ жақында менде клиенттермен араласатын, шоурумымда жұмыс істейтін көмекшім пайда болды.

Қазір мен үшін аудиториямның, брендімнің құндылықтарына ортақтасатын адамдардың көңілін жаулап алу маңызды. Қазақстанның, кейін әлемнің басты бренді болу жоспары бар.

Мен әрдайым оқимын. Бизнес-мектепте оқып, киім дизайны саласында қосымша білімге ие болуды қалаймын. Уақыт өте тағы бір бағытты жүзеге асырамын. Ол әлдеқайда минималды түрде, мүлдем басқа стильде болады.

1 (5).jpg


Қаланың ықпалы


Мен Алматыда жалғыз тұрамын, отбасым Астанада тұрады. Бұл әлдеқайда жинақы болуыма ықпал етеді. Мен әрдайым жұмысым жайында ойлаймын, бірдеңені жасап шығарамын.

Алматыда брендімнің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл маңызды.

Өзіңе сену маңызды екенін түсіндім. Өзіңе сенбегенше, ешкімге қажет болмайсың. Сонымен қатар өзіңе сенімді болу керек. Бірдеңені шынайы түрде қаласаң, алдыңда ешқандай кедергілер болмайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
«Кунг-фу панда 4», «Претенденты» және біз көктемде күтетін тағы 10 фильм
«Кунг-фу панда 4», «Претенденты» және біз көктемде күтетін тағы 10 фильм
Рейтингі ең жоғары 5 Қазақстан сериалдары
Рейтингі ең жоғары 5 Қазақстан сериалдары
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары