Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Ayau. Алматылық талантты музыкант қызды не шабыттандырады
1931

06.12.2022

Ayau. Алматылық талантты музыкант қызды не шабыттандырады

Ayau Алматыдағы сүйікті орындары туралы айтып берді.

Аяулым Құсайын, 19 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @ayaumusic


R1-01169-006A.JPG


Өзім жайлы


Қазіргі таңда мен ән жазып, музыкамен айналысып жүрмін. Менің негізі бос уақытым бола бермейді, өйткені таңнан кешке дейін сабақ, ал бос болсам, ән жазамын. Демалыс күндері кітап оқыған ұнайды. Алайда оған да кейде уақыт табу қиын.

Менің ортам — барлығы өнер жолында жүрген, музыканы сүйетін адамдар. Әрқайсысы ерекше, еңбекқор. Аспапта керемет ойнайтындары бар, оларға тамсана қараймын.

Тыңдаймын, оқимын және көремін


Мен қазіргі кезде көбінесе Neo soul, Вossa nova, Jazz-funk, R& жанрындағы әндерді көп тыңдап жүрмін. Олар аса көңілді немесе мұңлы емес, сонысымен ұнайды. Бұл жанрда айтатын әншілердің ішінде Bruno Major, Nyah Grace, Cleo Sol, Eloise, Billie Eilish және тағы да басқа сүйікті әншілерім бар. Олардың туындыларын тыңдаған кезде өзімді жайлы сезінемін.

Маған «Аватар», «Чарли и шоколадная фабрика», «Сумерки» сынды фэнтези жанрындағы фильмдер ұнайды.

Не шабыттандырады


Маған ән жазатын адамдар шабыт береді. Олар ішкі сезімдерін әнмен суреттеп, халыққа жеткізеді. Олардың ішінде Billie Eilish бар, ол жас болса да керемет туындылар жазады. 15, 16 жасынан-ақ қорықпай, халыққа әндерін көрсетіп, нық қадам басты.

Менің ойымша шабыт кез келген жерде келуі мүмкін. Ол белгілі жерге байланысты емес. Мен көбінесе әндерімді үйде, түнде жазамын. Өйткені сол кезде өзіммен өзім қалып сырласып, іштегі сезімдерімді жасырмай, әннің сөзін толығымен ашылып жазамын.

Бос уақытымды қайда өткіземін


Отбасым қаланың шетінде, ал мен қалада тұратындықтан, оларға баруға кейде уақыт болмайды. Сондықтан үйге барғанда бәріміз жиналып, фильм көргенді, ән айтқанды ұнатамын. Жалпы менің шаршағанымды басатын — отбасым.

Алматыдағы ең сүйікті жерім — 1991 дәмханасы. Бұл жер екінші үйім сияқты. Осы жерде алғашқы кавер концерттерімді өткізгенмін.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу