facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ayya-darbaeva-metada-y-layoff--a-aramastan-londonda-y-bloomberg-te-ba-darlamashy-mansabyn-alay-ryp-zhat-any-turaly
logo
Айя Дарбаева Метадағы Layoff-қа қарамастан, Лондондағы Bloomberg-те бағдарламашы мансабын қалай құрып жатқаны туралы

11.04.2023

Айя Дарбаева Метадағы Layoff-қа қарамастан, Лондондағы Bloomberg-те бағдарламашы мансабын қалай құрып жатқаны туралы

Қазақстандық Айя Дарбаева әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірі Лондонда жұмыс істеп, өмір сүру тәжірибесі туралы айтып берді.


Айя Дарбаева, 24 года, қаласы — Лондон, Bloomberg-те бағдарламашы, @yegnb

Айя Д

Қоныс аударуы туралы

Мен Шымкентте туып-өскенмін. Назарбаев Университетін компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым.

Айя Д

2022 жылдың күзінде күйеуіммен бірге Лондонға қоныс аудардым. Оған дейін бір жыл бұрын ол Meta-да фронтенд-әзірлеуші ретінде табысты тағылымдамадан өткен болатын. Маған да осы компаниядан жұмыс ұсынылды, алайда жеке жағдайларыма байланысты жұмысты бір жылдай кейінге қалдыруды шештім.

Қазір бағдарламашы болып жұмыс істеймін және Лондонда тұрамын.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар туралы

Ұлыбританияда қиындықтар басқа елдердегідей. Сізге мәдени айырмашылықтардан бастап, жұмыс визасына толық тәуелділікке дейін бейімделу керек.

Айя Д

Мұнда пәтерді жалға алу қиынырақ, өйткені жалға берушілер бұрынғы иелерінен референс, жұмыс орнынан анықтама, басқа да растайтын құжаттарды сұрайды және түрлі себептермен пәтерді бермеуі де мүмкін.

Ал жұмыс визасына келетін болсақ, ол жұмыс берушіге байланысты. Сондықтан жұмыс орнын ауыстырғанда немесе шыққанда, аз уақыт ішінде визаға демеушілік жасауға дайын жаңа жұмыс берушіні табу керек.

Қазіргі таңда пәтерлерді жалға алу мен коммуналдық қызметтер бағасының күрт өсуін де қиындықтарға жатқызуға болады.

Бейімделуге байланысты қиындықтарға қарамастан, Ұлыбританиядағы өмір иммигранттарға даму үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

Айя Д

Мұнда кез келген ұйымға қоңырау шалып, шынымен мәселеңізді шеше аласыз. Адамдар шын жүректен көмектескісі келеді және өз жұмысын адал атқарады. Маған адамдардың ұстамдылығы және агрессияны азырақ көрсететіні ұнайды.

Лондонның қоғамдық көлік жүйесі де ұнайды. Қала жаяу жүруге де ыңғайлы. Жаяу жүргіншілер жолының кеңдігі, көптеген саябақтардың болуы жаяу серуендеуге өте ыңғайлы.

Жаңа елде таныстар мен достар табу, жергілікті қоғамдастыққа ену маңызды. Алдын ала белсенділік таныта аласыз, мысалы, Telegram, Facebook-тағы топтарға қосылыңыз. Одан да жақсысы, тіл мен мәдени ортаға ену үшін жергілікті достар табыңыз.

Күнделікті өмірде ақша үнемдеудің түрлі тәсілін мүмкіндігінше ертерек зерттеңіз. Супермаркеттерден ең жақсы жол жүру карталарын, жеңілдік карталарын табыңыз. Лондон сияқты қымбат қалаларда бұл көп нәрсені үнемдейді.

Лондонда қалай жұмыс іздеуге болады

Менің Meta-ға келер жолым қиындықтардан басталды. Жұмысқа тұрғаныма 10 күн өтер-өтпес Tech Industry-дың басқа компаниялары сияқты, Meta да қысқартулар болатынын жариялады. Көшуге дайындалған бір жылға жуық уақыттан кейін бұл жаңалық тура төбемнен біреу суық су құйып жібергендей әсер етті.

Айя Д

Бірақ АҚШ-тан айырмашылығы, Ұлыбританияда заң бойынша корпорациялар ұжымдық кеңессіз көп қызметкерді жұмыстан шығара алмайды. Бұл маған Meta қызметкері бола отырып, барлық ықтимал нұсқалар қарастыруға және бағалауға қосымша екі ай уақыт берді. Осы уақыттың бәрінде мен фронтенд-әзірлеуші ретінде қосылатын команданы іздедім.

Жағдай мәз болмаса да, өзімді тез қолға алдым. CV-ді жаңартып, сұхбатқа дайындала бастадым. Сонымен қатар күн сайын түрлі компанияларға хабарласып жүрдім, сұхбатқа алғашқы шақырулар алдым, тест тапсырмаларын орындадым және кей компаниялар бас тартты.

Рождество алдында және Жаңа жылға жақын уақыт — жұмыс іздеуге ең қолайсыз уақыт. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым, сөйтіп үш компаниядан шақырту алдым. Олардың бірі тіпті жақсы болып шықты: енді мен Bloomberg-темін.

Табандылық және нақты қайда жұмыс істегіңіз келетінін түсіну маңызды.

Сандардағы бүкіл оқиға былай көрінеді: төрт ай, 50 компания, 30 сұхбат, үш ұсыныс, 100 500 жүйке жасушалары.

Жұмысқа тұру үшін жоспардың болуы маңызды. Дайындық бэкграундыңызға байланысты алты ай немесе бір жыл бұрын басталады. Сондықтан табандылық және нақты қайда жұмыс істегіңіз келетінін түсіну маңызды.

Бағдарламашылар үшін алгоритмдік есептерді шешу дағдылары, ағылшын тілі, CV-ге арналған жобалардың болуы және System Design-дағы негізгі білім маңызды.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Қоныс аудару жоспарларымды қайта қарауға мәжбүр етті. IT саласындағы соңғы жағдайларды ескере отырып, не болып жатқанына қарамастан, икемді болуыңыз керек. Ең бастысы, нарықта құнды кадр болып қалу үшін дағдыларыңыз бен білімдеріңізді үнемі инвестициялау, трендтерге бейімделу қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Шетелде танымал қазақстандық жұлдыздар
Шетелде танымал қазақстандық жұлдыздар
Дамель Мектепбаева: «Бағалар мен рейтингтерге ұмтылу кезінде балалар жиі естілмей қалады»
Дамель Мектепбаева: «Бағалар мен рейтингтерге ұмтылу кезінде балалар жиі естілмей қалады»
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі Қазақстанның білім беру мәселелері мен болашағы туралы
Әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі Қазақстанның білім беру мәселелері мен болашағы туралы
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар