facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
avstriyada-y-aza-tar-asem-cerri-otbasyly-biznes-zh-ne-europada-bala-t-rbieleu-turaly
logo
Австриядағы қазақтар. Асем Cэрри отбасылық бизнес және еуропада бала тәрбиелеу туралы

26.10.2018

Австриядағы қазақтар. Асем Cэрри отбасылық бизнес және еуропада бала тәрбиелеу туралы

Асем Сэрри, 31 жаста, туған жері — Алматы, суретші


ab065eaa5b8d63e9e0167b22d606090d.jpeg


Алматы — Сардиния — Австрия


Алматыда туып өстім, ешқашан шетелде өмір сүрем деп ойлаған емеспін. Саяхаттау — бұл керемет, бірақ, менің ойымша, Алматы — алматылықтар үшін таптырмайтын қала.

Мамандығым бойынша заңгермін, университет бітіргеннен кейін төрт жыл бойы банк саласында жұмыс істедім. Марко есімді Сардиниялық итальяндыққа тұрмысқа шықтым. Ол Қазақстанда жеке компанияларда, итальяндық мейрамханаларда аспазшы болып жұмыс істеп, түрлі шеберлік класстарын өткізетін.

Алматы мен Астанада белгілі уақыт тұрып, кейін ол кәсіби тұрғыда даму үшін Еуропаға баруды шештік. Аяғым ауыр болды және баланың Еуропада дүниеге келуін дұрыс деп санадық.

Сардинияның Кальяри қаласына көштік, ол күйеуімнің Отаны. Ол жерде ұлымыз туылды, қазір жасы төртте. Ол жерде біраз уақыт тұрдық, бірақ Маркоға Австрияда жұмыс істеу ұсынысы түсіп, Фельден қаласына көштік.

59a6499f325b11d23690f7754b4516f0.JPG


Ең бірінші әсерлер мен қиындықтар туралы


Австрияға кішкентай баламен келдім, сондықтан алғашқы уақытта негізінен балалар ауласында ағылшын тілінде сөйлейтін ата-аналармен араласатынмын. Бірақ біраз уақыттан кейін қала маңына көштік, ол жерде ағылшын керек емес, сол себепті неміс тілін үйренуге тура келді. Бұл қиын болды, түсініспеушілікке жиі тап болдым. Сондықтан баланы балабақшаға бергеннен кейін неміс тілі курстарына бара бастадым.

Ұлымыз орыс, ағылшын тілдерінде жақсы сөйлейді және шамалы неміс тілін біледі. Оған қазақ сөздерін үйретуге тырысамын.

Мұнда такси қызметтері қымбат, жергілікті тұрғындар бұл қызмет түрін сирек қолданады. Менің үйімнен қала орталығына дейін 6 шақырым жолды жүріп өту үшін 25 евро төлеу керек. Сондықтан бастапқыда қоғамдық көліктерге отыратынмын, өзіңнің жеке көлігің болмаса, бір жерден екінші жерге жету өте қиынға соғады. Куәілігімді растау үшін емтихан тапсыру қажет болды. Емтиханды бірнеше рет тапсырдым, өйткені Қазақстанда дұрыс деп саналатын жүргізу тәсілдері бұл жерде агрессивті болып саналады, жергілікті ережелерге үйрену керек болды.


Австриядағы өмір туралы


584ad0b9450f2def6299a2a94b0b6dc1.JPG

Филлах қаласында тұрамыз. Бұл жердің табиғаты әдемі, таулар мен көлдер Алматыны еске түсіреді. Қыс айтарлықтай суық емес, шаңғы тебу мүмкіндігі бар. Жалпы, мұнда адамдар спортпен айналысқанды ұнатады және бос уақыттарында табиғатқа шығады.

Мұнда өте таза. Жергілікті адамдар ашық жүзді, адамдар басқалармен жайдан-жай амандасады. Адамдардың шетелдіктерге деген қарым-қатынастары ұнайды. Егер сіз мұнда тұрып, жұмыс істегуді қаласаңыз, жергілікті адамдар сізді өте жылы қарсы алады. Сонымен қатар, австриялықтар өте ұқыпты және мұқият.

Біз тұратын жер Италия мен Словенияға өте жақын орналасқан. Италиядағы ең жақын елді мекенге 15 минут ішінде жетуге болады, сондықтан онда жиі барып тұрамыз.

Балалар мұнда басқаша, сәл тұйықтау, ал біздің баламыз үнемі өзі бірінші барып, танысады. Қазір ол халықаралық балабақшаға барады, ондағы тәрбиешілер итальян, славян және неміс тілдерінде сөйлейді және балаларға ағылшын тілін үйретеді.


Бизнес туралы


Бастапқы кезде күйеуім қонақ үйдің мейрамаханасында аспазшы болып жұмыс істеді. Бірақ уақыт өте келе тәуекелге барып, өз мейрамханасымызды ашуды шештік, сондықтан қала маңына көштік.

8695f43788245a4c0c464d8067147938.jpeg

Бұл біз үшін үлкен кәсіпорын, үлкен іс, өйткені бұған дейін бизнес жүргізу бойынша ешқандай тәжірибеміз болған жоқ. Өзіміздің итальяндық ас үй мейрамханасын аштық. Көбінесе мейрамханамен күйеуім айналысады.

Осы жазда неміс тілін тәжірибеде байқап көру керек деп шештім, ал күйеуім оған көмектесуді сұраған кезде мен келістім. Жаз бойы оған даяршы, есепші ретінде көмектесіп, құжаттармен айналыстым. Жаз мезгілі аяқталғанда оған демалыс күндері көмектесетін болдым. Бұл қызық және оңай емес. Алғашқы кезде бұл жұмыс мен үшін емес деп ойладым, алайда білуге пайдалы көптеген ұсақ-түйектер бар екен. Барлық рестораторлар жақсы психологтар, адамдармен сөйлесе біледі. Алайда жеке тұлғаңды сақтап қалу маңызды, ол да клиенттерді тартады. Шарап, тағамдарды ұғып алдым, тіпті кеңес бере аламын. Кейде тауар сатып алуға өзім барамын.

Біздің клиенттер — жергілікті адамдар, туристер емес. Себебі, біріншіден, біздің бағалар барлық уақытта туристерге сай келе бермейді, екіншіден, әдеттегі итальяндық пицца мен паста емес, одан да күрделі тағамдарды ұсынамыз.


Шығармашылық туралы


Ешқашан көркемөнер мектебінде оқыған емеспін, бірақ әрдайым сурет салатынмын. Өнердің барлық көріністерін ұнатамын және өзімді сәл суретші ретінде көрсетемін. Мүмкіндігінше, бір нәрсені қарап, зерттеп, байқап көруге тырысамын. Бұл менің хоббиім.

bb4c3da9ee743c727fef1b4b3b96065e.jpg

Уақыт пен мүмкіндігім болған кезде тіпті осылайша ақша табуға тырысамын. Австрия, Италия, Швейцария клиенттерінен портретке тапсырыстар болды. Бірақ тапсырыс бойынша жұмыс істеу — бұл клиенттердің талаптары, ерекшеліктері. Маған абстрактілі нәрсе жасау көбірек ұнайды.

Өзімнің жұмыстарыммен бірнеше көрмелерге қатыстым және жақсы пікірлерге ие болдым. Ал өткен жылы Украинадан келген қызбен бірігіп, Филлада жеке көрмемізді өткіздік.


Ең қымбат сатып алу туралы


Болашақта осында жеке үй сатып аламыз деген ойдамыз. Бірақ, әзірше барлық жинақ ақшаларымызды бизнеске салдық, ал ол көркейіп, табыс әкеледі деген үміттеміз.


Қала қалай әсер еткені туралы


9d6e55d47a4bde3a52aea4b47c8ba969.JPG

Өзгермеген секілдімін. Бірақ жалқаулықтан арылдым және ірқашан қажетті деңгейді ұстап тұру үшін әрдайым бірдеңе істеп, үйреніп, өзіңмен жұмыс істеу керек.

Өнермен айналысып, осы салада жұмыс істегім келеді, өйткені бұл қызмет түрінің де өзіндік келешегі бар. Өмір тек материалдық қажеттіліктермен шектелмеуі керек.

Мен өршіл адаммын және қазір жұмыс істемейтінімді қабылдау мен үшін қиын. Сондықтан қазір жергілікті университетке неміс тілі курстарына барып жүрмін, емтихан тапсырып, болашақта жұмыс істеп, университетке түсуді жоспарлаудамын. Қай жерде жұмыс істеуді қалайтыным жайлы ойланып жүрмін. Банк саласына оралып, тілдерді білу икемдерімді пайдаланып, жұмыс таба аламын немесе арманымды іске асырып, өнер саласында жұмыс істеуді бастар едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі