facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
avstraliyada-y-m-nay-kompaniyasynda-zh-mys-step-aza-stan-a-oralyp-alaysha-30-zhasynda-mamandy-ty-auystyru-turaly
logo
Австралиядағы мұнай компаниясында жұмыс істеп, Қазақстанға оралып қалайша 30 жасында мамандықты ауыстыру туралы
Главный (каз)

26.08.2018

Австралиядағы мұнай компаниясында жұмыс істеп, Қазақстанға оралып қалайша 30 жасында мамандықты ауыстыру туралы

Мұрат Шакуов, 32 жаста, туған жері — Алматы, «Колеса Крыша Маркет» кіші әзірлеушісі



Барлығы қалай басталғаны туралы



Бала кезімнен нақты ғылымдарға қабілеттерім болды, ал мектеп аяқтап, жоғары білім туралы сұрақ туындаған кезде ол инженерлік мамандық болу керек деп ойладым. Инженерлердің қайсысына көбірек ақша төлейтінін анықтап, мұнайшы екенін білгенде, сол бағытта оқуды шештім.

Оқу бітіруіне жарты жыл қалғанда бізге американдық Baker Hughes мұнай-газ компаниясынан мамандар келді, өздері үшін студенттерді іріктеп алды


ҚазҰТУ-ға түсіп, онда төрт жыл бойы оқыдым. Оқу бітіруіне жарты жыл қалғанда бізге американдық Baker Hughes мұнай-газ компаниясынан мамандар келді, өздері үшін студенттерді іріктеп алды. Бұл бізге жақсы шарттарда жұмыс ұсынған алғашқы адамдар болды, сондықтан мен іріктеуден өтуді шештім.

IMG_6094.JPG

Үш кезең болды: тестілеу, сұхбаттасу және тағы бір сұхбаттасу, бірақ жоғары басшылықпен. Іріктеуден өттім және әлі студент болған кезімде маған жұмыс ұсынды. Кейін біз жұмысты бастау үшін менің диплом алғанымды күттік.

Бұл компанияда 2008 жылдан 2012 жылға дейін жұмыс істеп шықтым. Біз ұңғымаларды зерттеумен айналыстық, уақытымыздың көп бөлігін далада, кен орындарында және ұңғымаларда өткіздік. Жұмыс оңай емес. Есімде, алғашқы жұмыс вахтасынан кейін жұмыстан шығып кеткім келді, себебі еңбек жағдайлары ауыр болды. Онда дәл әскердегідей болды: қатал режим, сенімен ешкім әуре болмайды, алдыңда міндет тұр және сен оны орындау керексің. Бірақ бір нәрсе ойымды өзгертіп, жұмыста қалдым: менің ойымша, ол жалақы. Кеңседе жақсы лауазымдарда жұмыс істеп жатқан теңдерімнен екі-үш есе көбірек ақша таптым. Радиация, жарылғыш заттармен жұмыс істегеніміз үшін бізге көбірек төледі.



Қызметкерлерді қысқарту туралы



Бүкіл мансабым бойы екі қысқартудан өттім, ең біріншісі мен үшін сәтті өтті. Жұмысқа орналасып, біраз уақыт өткеннен кейін дағдарыс орнады. Мұнайдың бағалары төмендеп, тапсырыстар азайды, өйткені барлығы үнемдей бастады. Көп адамдарды жұмыс орнында ұстап қалу қиынға соқты, сондықтан қысқартулар басталды. Сол кезде шетелдік компанияларға жергілікті қызметкерлерді жұмыстан шығаруға болмайтыны жайлы заң шықты. Сол себепті алғашқы уақытта компания жұмыстан шетел азаматтарын шығарды, ал әбден қиын болған кезде адамдарды өз еріктері бойынша жұмыстан шығуды өтінді.

IMG_1068.jpg

Сонымен қатар, бізді компанияның жабдықтарымен жұмыс істеуді үйрену үшін Шотландияға оқуға жіберді, өйткені олар күрделі әрі нәзік заттар, ал университетте мұны үйретпейді. Ол жақта оқу үлгерімі жағынан үлгерменгендерді оқудан шығарды және олар жұмыстарын сақтап қала алмады.

Мен оралған кезде дағдарыс аяқталып, жоғарлау басталды. 2012 жылға қарай мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке жетті және басқа халықаралық компаниялар қызметкерлерді іздей бастады, өйткені мұны пайдаланып қалу қажет болды.

Бұрын бізде жұмыс істеген TGT Ресей компаниясының бір қызметкері, өзіне команда жинай бастады. Мен де олармен бірге ілесіп кеттім. Жаңа жұмыс әлдеқайда жеңіл болды, бірақ қызығушылығымды тез жоғалтып алдым. Бірнеше ай ішінде барлығын меңгеріп, ары қарай даму мүмкіндігі жоқ екенін түсіндім, ал өмір бойы осымен айналысқым келмеді.

rci 008.jpg

Уақыт өте келе маған қайтадан Baker Hughes компаниясына оралуды ұсынды, бірақ Аустралияға және жұмыс шарттары да жақсырақ болды. Осылайша барлығы басталған компанияға оралып, Аделаида деген қалашыққа көштім, Аустралияның ортылығында, Мумба қаласында жұмыс істедім.

Аустралияда екі жұмыс жылы ішінде мен кәсіби жағымнан өстім. Жұмыс істеуімді байқап, басқарушы болуды ұсынды. Қиын болды, өйткені өмір бойы инженер жұмысын атқардым, ал мұнда үлкен нысанды басқарып, адамдарды бақылау қажет болды.

Осылайша барлығы басталған компанияға оралып, Аделаида деген қалашыққа көштім, Аустралияның ортылығында, Мумба қаласында жұмыс істедім


Мені тағайындаған кезде қайтадан дағдарыс орнады. Ол бұған дейін басталған еді, Аустралия оны сезінген соңғы елдердің бірі болды. 2014 жылдың соңында мұнай бағасының төмендеуі басталды, ал 2015 жылы ол құлдырап кетті. Сол кезде өзім адамдарды жұмыстан шығарып, «Кешір, бірақ сен ертең жұмысқа шықпайсың. Міне, билет, үйге қайт» деп адамдарға айтатын жағдайға тап болдым. Бірге жұмыс істеген адамдардың ішінен әлсіздерін таңдап алуға тура келді. Ал кейін өзім де сол тізімге ендім.



Жаңа жұмыс туралы



Қазақстанға оралған кезде мұнай саласына жұмысқа орналасқым келді: түйіндемемді жіберіп, бақыладым, бірақ маған шарттары ұнамады немесе мамандығымның тар бағытынан оларға сәйкес келмедім. Бір нәрсе істеп, басқа мамандықты меңгеру қажет деп ойладым. Мынандай сөз бар: «Қалаған адам әрқашан амалын табады, ал қаламаған адам сылтау іздей бастайды».

Мені жұмыстан қысқартқанға дейін бос уақытымда бағдарламау бойынша кітаптар оқитынмын. Маған бұл қызық болды, әрқашан техника және компьютермен ортақ тіл табатынмын. Сонда өзімнің әуестігіммен жұмыс істейтінімді шештім. Жасым 30 болғанда компьютерлік академияға оқуға түсіп, бағдарламалауды меңгере бастадым. Жарты жылдан кейін жұбайым сонда жұмыс істейтін танысынан «Колеса Крыша Маркет» соңғы курс студенттерін жұмысқа қабылдайтынын білді. Олар үш айлық тағылымдамадан өтіп, нәтижесіне сай оларды жұмысқа қабылдайды. Мен байқап көруді шешіп, сұраным жібердім. Тәжірибе алғым келді, себебі тәжірибесі бар студент ретінде неғұрлым тәжірибе көп болса, соғұрлым университет аяқтағаннан кейін лайықты жұмыс табу жеңіл болатынын түсіндім.

Жасым 30 болғанда компьютерлік академияға оқуға түсіп, бағдарламалауды меңгере бастадым

Тағылымдамаға орналасып, теңертеңнен кешке дейін жұмыста болдым, оқу қиындап кетті. Академияда тек сенбі күндері оқуға баратын оқу түрі болды, соған ауыстым. Кейін бәрібір үлгермейтінімді түсініп, жарты жылға академиялық демалыс алдым. Көңілімді толығымен тек жұмысқа бағыттанған кезде, қолымнан келе бастады.

Тағылымдама соңында алған білім мен тәжірибеден басқа маған жұмыс ұсынды. Бұнымен оқуым аяқталған жоқ, мен күн сайын жаңа нәрсе үйреніп келемін.

Тағылымдаманы санағанда мен жарты жыл «Колеса Крыша Маркет» компаниясында android-әзірлеуші қызметін атқарып келемін


Тағылымдаманы санағанда мен жарты жыл «Колеса Крыша Маркет» компаниясында android-әзірлеуші қызметін атқарып келемін. Бүгінгі айналысып жатқан ісім өзіме ұнайды. Алғашқы кезде жұмыс істеп жүргенімді түсінбейтінмін. Бұл ақша төленетін әуестігім секілді.



Жоспарлар туралы



Жоспарымда дамып, өсу. Болашаққа бағдар жасамаймын, себебі жоспарлағаныңның аз бөлігі ғана орындалады. Шахматшы Каспаровтан: «Ойын кезінде қанша қадам алға ойлайсыз?» — деп сұраған кезде, ол «Мен алда жасайтын қадамдарымды ойламаймын, тек қалыптасқан жағдайды ойлап, ең жақсы амалын таңдап аламын», — деп жауап берді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

С этой статьей читают
Как получить шенгенскую визу: документы, сроки и рекомендации
Как получить шенгенскую визу: документы, сроки и рекомендации
«Цель человека — созидать», — Юлия Нугманова о своем пути и создании проекта «Ели-Худели»
«Цель человека — созидать», — Юлия Нугманова о своем пути и создании проекта «Ели-Худели»
10 простых, но важных привычек, которые упростят и организуют вашу жизнь
10 простых, но важных привычек, которые упростят и организуют вашу жизнь
Где найти работу студенту — 12 актуальных вакансий на неполный рабочий день
Где найти работу студенту — 12 актуальных вакансий на неполный рабочий день
Основатель школы робототехники о будущем современного образования
Основатель школы робототехники о будущем современного образования