Раушан Дюсенбаева, 35 жас, Солтүстік Қазақстан облысы, Рузаевка
Мен 11 жыл бойы Астанада тұрамын. Біздің үйіміз Молдағұлова 19 көшесінде орналасатын. Мен осы жатақхананы жеті жыл бұрын сатып алдым. Әрине, тұру жағдайы бізге ұнамады. Барлығы ескі болды, терезелер сынық болған себептен күзде және көктмде үнемі су жиналатын, қыста жан-жақтан суық жел соғатын. Сатылар сұмдық жағдайда болды, кішкентай баламен түсуге қиын болатын. Бірақ үй орналасқан аудан жақсы,қоныстанған болды.
Қазіргі кезде біз Сол жағалауға,Е-16 көшесіне көштік. Осы жердегі аудан да, үй де жақсы. Автобустардан осы жаққа 17, 61 және 101 жүреді,бірақ Оң жағалауға баратын одан да көп автобустардың жүруі жақсы болар еді. Оған қоса 17 автобус үнемі толып жүреді.
Жаңа аудан бізге ұнайды, осы жерде әрдайым таза ауа. Сонымен қоса осы ауданды әрі қарай қоныстандырады. Бүгін де үйдің жанында асфальт сала бастады. Жанымызда мектептер орналасқан, әр үйде бірнеше дүкеннен ашылған. Мен осындай үйге ие болуға мүмкіндік бергені үшін қала Әкімдігіне де, тұрғын үй Басқармасына да үлкен алғысымды білдіремін, себебі бұрынғы үйіммен салыстырғанда,осы үй жердегі жәннат секілді.
Светлана Абубакирова, 65 жас, туған қаласы — Астана
Көшуге дейін мен Абай-Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орналасқан үйде тұрдым. Бұл металл құрастырылымы зауытына қарама-қарсы орналасқан екі қабатты үйлер болды. Үй ескі болды, жаңа бір нәрсені қажет еттім. Сол кезде біздің үйіміз құлатуға ұшырады. Негізі біздің ауданымыз жақсы болды. Біріншіден, көшеміз жасыл, екіншіден біз ауылдағыдай тұрдық — бүкілі бір-бірін білетін, себебі бүкілі бір зауытта жұмыс істеді.Сол жерде маған бүкілі ұнады.
Менің қазіргі пәтерім «Жағалау» шағын ауаданында,Е-16 көшесінде орналасқан. Жалпы аудан жаман емес, сонда да оны әлі абаттандыру қажет. Үй абаттандырылғанда, сонда жақсы болады. Осы жерде дүкендер ашыла бастады,кейбір дүкендер жұмыс істейді,бірақ олардың бағалары базарға қарағанда жоғары, сондықтан біз азық-түлік үшін әдеттегідей Оң жағалауға барамыз. Жетуге де ыңғайлы.
Жаңа пәтерім маған ұнайды. Бұрын менде үш бөлмелі пәтер болған,ал жаңа құрылыс ережелері бойынша маған екі бөлмелі пәтер берді,сонда да осы жағдайға қарамастан бұл дәл менікі екенің түсіндім. Маған екінші,үшінші, төртінші қабаттарда пәтерлер ұсынды,мен оларға қарап,бұл менікі емес болғанын сездім. Маған кеңшілік ұнайды. Менің жатын бөлмемнен қалаға керемет көрініс ашылады — ашық хат сияқты. Үйдің жанында шағын көлдер бар. Біз осы жаққа көшкенде, осы жерде көп үйрек жүзетін, керемет болды. Сол жерде көбісі балық аулайды. Сол жерде орасан зор бірдене салуға кірісті, ағаштарды отырғыза бастады.
Маржан Муханова, 39 жас
Біз Молдағұлова,19 көшесінде тұрдық. Бұл үйде тұруға арналған мүлдем ешқандай жағдай болмады. Бұл шағын отбасылы жатақхана болды: ортақ дәретхана, су жоқ – бесінші қабатқа іс жүзінде су көтерілмеді.Ашықтан-ашық айтқанда, біз сол жерде көп жыл бойы тұрған себептен ауданымыз туғандай болса да, инфрақұрылымдық тұрғыда бізге ұнамады.
Біздің пәтеріміз Е-16 көшесінде орналасқан,бұл «Хан Шатырдың» артында. Бұл жаңа аудан, осы жерде,әрине,бүкілі жаңартылған,бүкілі қызықты. Балаларға ұнайды. Дүкендер мен мектептер жақын орналасқан.
Сонымен қоса, Сол жағалаудан және бүкіл ойын-сауық жерлерден алыс емес — артықшылықтар көп. Айырбасымыз дәл осындай болатынын күттік.