facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
auysyp-otyru-kez-nde-teg-n-ona-ylermen-amtamasyz-etet-n-ue-kompaniyalary
logo
Ауысып отыру кезінде тегін қонақ үйлермен қамтамасыз ететін әуе компаниялары

07.08.2018

Ауысып отыру кезінде тегін қонақ үйлермен қамтамасыз ететін әуе компаниялары

Кейбір әуе компаниялар ұзақ түнгі түйісу кезіндегі тегін қонақ үйлер беретінін аз адам біледі. Әдетте бұл жайлы ақпарат сайтта көрсетілмейді және әуе компания жұмысшылары да бұл туралы атамайды. Сондықтан, егер тізімде көрсетілген бір әуе компаниясымен түнгі ауысып отырумен ұшсаңыз, жай ғана компания өкілдеріне хабарласып, тегін қонақ үйді қалай алу керек екенін сұраңыз.


Астана және Алматы — Air Astana

Ауысып отыру әуежайлары: Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Астана әуежайы, Алматы Халықаралық әуежайы

Шарттары:

— түйісу 10 сағаттан кем емес

— қонақ үй классы сатып алынған әуе билетінің классына байланысты.

Stopover Holidays аясында 1 $ символикалық ақы үшін сізді таңғы аспен қоса, қонақ үйге апарып, қайтадан әуежайға әкеліп салады. Тұруды65 $ ұзартуға болады.

Брондау жолы: Брондауды кем дегенде Алматы/Астанаға келмес бұрын 4 күн алдын жасау керек. Мұны осы сайттағы парақшада жасауға болады. 1 $ тұратын«Стоповер Холидейс» пакеті 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолжетімді.

Сілтеме: ресми сайт.



Стамбул — Turkish Airlines


Ауысып отыру әуежайлары: Ататүрік, Стамбул (IST)

Шарттары:

— екі ұшу бағыты да бір түбіртекте болуқажет

— кесте бойынша бұрынсоңғы пунктке басқа ұшу жолы жоқ (міндетті емес)

— тек халықаралық сапарлар

— түйісу түнде 10 сағаттан (эконом) және 7сағаттан (бизнес) кем емес

— тек барып — қайту сапарлары үшін.

Қазақстаннан стоповер қолжетімді бағыттар тізімі: Америка (АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Колумбия, Панама, Куба), Ұлыбритания, Ирландия, Шенген келісіміндегі елдер, Таяу Шығыс (Тель-Авив, Дубай, Доха, Бахрейн), Оңтүстік Африка Республикасы (Кейптаун, Йоханнесбург, Дурбан).

Брондау жолы: freehotelkazakhstan@thy.comпоштасына брондау коды мен билет нөмірін көрсетіп, жазу керек. Байланыс нөмірі: +7 7272 506 219.

Сілтеме: әуе компания сайты.



Доха — Qatar Airways


Ауысып отыру әуежайлары: Хамад Халықаралық әуежайы, Доха (DOH)

Шарттары:

— кесте бойынша бұрын соңғы пунктке басқа ұшу жолы жоқ

— Дохадағы транзит 8 сағаттан 24 сағатқа дейін

— сіз Абу Дабиден/ге (AUH), Бахрейннан/ге (BAH), Дубайдан/ға (DWC или DXB), Кувейттен/ке (KWI), Мускаттан/қа (MCT), Рас-аль-Хаймадан/ға(RKT) или Шардждан/ға (SHJ) ұшпайсыз

— брондаудың барлық класстары қонақ үй ала алады, толығырақ әуе компаниядан біліңіз.

Сілтеме: әуе компания сайты.


Дубай — Emirates


Ауысып отыру әуежайлары: Дубай (DXB)

Шарттары:

— екі ұшу бағыты да бір түбіртекте болу

— кесте бойынша бұрын соңғы пунктке басқа ұшу жолы жоқ

— түйісу 8 сағаттан (эконом) және 6сағаттан (бизнес) кем емес, ал 24 сағттан артық емес

— сайтта брондауды ұшуға дейін 24 сағат бұрын жасау қажет.

Сілтеме: әуе компания сайты.


Монреаль, Торонто, Ванкувер — Air Canada


Ауысып отыру әуежайлары: Торонто (YYZ), Монреаль (YUL), Ванкувер (YVR)

Шарттары:

—тек Latitude, Premium Economy и Business брондау класстарына ғана қолжетімді

— Tango и Flex класстарына 49 $ жеңілдік ұсыныстары бар

— түйісу 6 сағаттан артық.

Брондау жолы: әуе компания сайтында сатып алу кезінде және ұшуға 96 сағаттан кеш емес.


Гуанчжоу — China Southern


Ауысып отыру әуежайлары: Гуанчжоу (CAN)

Шарттары:

— кодшерингтік сапарлар сәйкес келеді

— түйісу 8 және одан да артық сағат (6+ Аустралия, Жаңа Зеландия, Лондон бағыттары үшін), түнеумен бірге түйісу 8-48 сағат

— промо-билеттер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Билетті сатып алғаннан кейін әуе компанияда нақтырақ біліңіз.

Сілтеме: әуе компания сайты.



Пекин, Чэнду, Далянь, Ханчжоу, Шанхай — Air China


Ауысып отыру әуежайлары: Пекин (PEK), Чэнду (CTU), Далянь (DLC), Ханчжоу (HGH), Шанхай (SHA или PVG)

Шарттары:

— кодшерингтік сапарлар мен мили билеттері сәйкес келмейді

Сілтеме: көбірек шарттар мен брондау жолдары әуе компания сайтында.

Келесі шарттармен:

— Абу-Даби — Etihad Airways. Әуе компания сайтында қонақ үйлерге үлкен жеңілдіктер берілетін ұсыныстар табуға болады.

— Сингапур — Singapore Airlines. Қонақ үй мен трансфер есептелген ауысып отыруға пакеттер бар. Сайтта қарауға болады.

— Хельсинки — FinnAir. Ұзақ және қысқа стоповерлерге пакеттер бар.

Егер Ресейден ұшсаңыз

Касабланка — Royal Air Maroc

Ауысып отыру әуежайлары: Мохаммед V атындағы әуежай, Касабланка (CMN)

Шарттары:

— түнде ауысып отыру 8 сағаттан кем емес

— егер ауысып отыру 4 сағаттан 8 сағатқа дейін болса, онда сізді тамақтандырып, лаунжға апарады.

Брондау жолы: келу залында Transit Desk барыңыз

Сілтеме: pdf форматындағы кітапша сайтта.

Аддис-Абеба — Ethiopian Air

Ауысып отыру әуежайлары: Боле, Аддис-Абеба (ADD)

Шарттары:

— түйісу 8 сағаттан 24 сағатқа дейін.

Сілтеме: әуе компания сайты

Бахрейн — Gulf Air (Қазақстанда жоқ)

Ауысып отыру әуежайлары: Бахрейн Халықаралық әуежайы (BAH)

Шарттары:

— брондау J, C, D, Y, H, M, L класстары үшін қолжетімді

—I, P, B, K, X, Q, V, E, O, N, S, W, T, G класстары үшін қолжетімсіз. Бұл класстар қонақ үйге жеңілдік ала алады

— ұшуға дейін ваучер алу қажет. Бұл үшін жақын жердегі Gulf Air кеңсесіне бару керек.

Сілтеме: әуе компания сайты.

Сямынь — Xiamen Air

Ауысып отыру әуежайлары: Сямынь (XMN)

Шарттары:

— Егер кестеде бұрын тағы басқа сапар болса және тіпті күндіз ауысып отыру 6 сағаттан артық болса қонақ үймен қамтамасыз етеді.

Сілтеме: әуе компания сайты

— Бангкок — Thai Airways. Тек Бангкок арқылы Аустралиядан Еуропаға ұшатын жолаушылар үшін ғана. Толығырақ сайтта

— Biman Airlines Тайландтан Непалға ұшқан кезде Даккада қонақ үй береді

— Рейкьявик — IcelandAir. Компания 7 күнге дейін стоповер ұсынады. Толығырақicelandair сайтында.

Ақпарат көзі: samokatus.ru

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.