facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
australiya-o-t-st-k-afrika-respublikasy-zh-ne-zha-a-zelandiya-sheteld-kter-semeyge-ne-sebept-k-shkender-turaly
logo
Аустралия, Оңтүстік Африка республикасы және Жаңа Зеландия шетелдіктері Семейге не себепті көшкендері туралы

17.06.2018

Аустралия, Оңтүстік Африка республикасы және Жаңа Зеландия шетелдіктері Семейге не себепті көшкендері туралы

Эд Фитцджеральд, 62 жаста, туған жері — Уогга-Уогга, Аустралия, Семей НЗМ директорының халықаралық орынбасары


Семейге 2014 жылы көшіп келдім. Қазақстандағы Семейлік НЗМ директорының халықаралық орынбасары ретінде жұмысқа жіберген еді.

Ed.jpg

Семей — сүйкімді қала. Қалада серуендеген ұнайды, әсіресе саябақтағы өзеннің бойымен — қалалық жағалау өте көрікті. Барлық төрт мезгіл бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетіні ұнайды. Алайда қыс көпке дейін созылуы мүмкін.

Қаладағы адамдар жылы шырайлы. Көптеген адамдар ағылшын тілінің сөйлеушісімен сөйлескенді ұнатады және әңгіме өздері бастайды. Менің жұмысым жергілікті университеттердің, колледждердің, мектептердің өміріне қатысуға мүмкіндік береді. Сол себептен Семейдегі көптеген адамдар мені таниды және көшеде сәлемдеседі.

Семейде керемет мұражайлар мен бірнеше мейрамханалар ұнайды


Семейде керемет мұражайлар мен бірнеше мейрамханалар ұнайды. Қуана-қуана Невзоров атындағы өнер мұражайын атап өтер едім. Ол маған бәрінен артық ұнайды.

Шынымды айтсам, осы жылы Семейден кету өкінішті болады, бірақ жағдайлар талап етеді. Зейнетке шыққанға дейін тағы бір елге барып, тұрғым келеді, сол себепті қала алмаймын.



Стефан Сафари, 45 жаста, туған жері — Кейптаун, ЮАР, Семей НЗМ биология мұғалімі


Оңтүстік Африкаданмын, Семейге өткен жылдың қыркүйек айында келдім, осында тұрып жатқаныма сегіз ай болды. Назарбаев Зияткерлік мектебіне биология пәнінен сабақ беруге келдім. Қазақстанға келгеніме дейін алты жыл бойы Кейптаундағы халықаралық мектепте сабақ бердім. Кейін шетелде сабақ беру үшін өтінім жаздым.

468

Осында келгенге дейін Қазақстан туралы аз білдім, ол мен үшін жаңа мемлекет болды. Маған жұмыс ұсынған кезде бірден ғаламтордан ақпарат іздеп, Семей мен секілді жаңа келген адам үшін сай кішігірім тұрғыны бар шағын қала екенін білдім. Үлкен қалада тұрғым келмейді, себебі оған үйрену және бейімделу қиынға соғады. Шағын қалада жұмыс істеу туралы таңдау дұрыс шешім болды, осында адамдарға және жаңа тәлге тезірек үйрене алдым.

Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеймін. Үйге келген кезде келесі күннің сабақтарына дайындаламын. Демалыс күндері қыдырамын, мейрамханаларға барамын, жаңа адамдармен танысамын. Жұмыста НЗМ жұмыс істейтін түрлі мемлекеттерден келген мұғалімдермен сөйлесемін. Жұмыстан тыс уақытта жиі әңгімелесеміз, қазақтармен де, орыстармен де араласып тұрамыз.

Семей — шағын қала, бірақ мұнда қызықты жерлер көп. Абай атындағы театрға қойылымға екі рет бардым. Өзен мен жағалау ұнайды, ол жерде жиі серуендеймін, көпір арқылы ядролық сынақ полигонының құрбандарына арналған ескерткішке өтемін. Әрдайым жаяу жүремін, маған ұнайды. Тіпті сауда жасауға да жаяу барамын.

Семей — шағын қала, бірақ мұнда қызықты жерлер көп


Осындай қатал ауа-райына бірінше рет тап болдым, Африкада өте ыстық. Өткен жылы қыркүйек айында Семейге келгенде жылы болды, ал сосын бірден күн суып кетті. Мен үшін бұл нағыз сынақ болды. Температура минус 40 градусқа дейін жетті. Бөлме іші жылы, ал далаға шыққан сайын тозақтың барлық топтарынан өткендей боламын. Мұндай қатал ауа-райында өмір сүру мен үшін қиын.

Шарт бойынша жұмыс істеймін. Егер шарт мерзімін ұзартса — Қазақстанда қаламын, ұзартпаса — Оңтүстік Африкаға қайтып барамын. Шетелде жұмыс істеу оңай емес, отбасымызды, кішкентай балаларымызды тастап кетеміз. Ең дұрысы Қазақстанда үш жыл жұмыс істеп, кейін үйге қайтамын.



Сьюзан Паркс, 64 жаста, туған жері— Крайстчерч, Жаңа Зеландия, Семей НЗМ мұғалімі


Жаңа Зеландияның Крайстчерч деген жеріненмін, өмірімнің 30 жылын мұғалім болып жұмыс істеп келемін. Бүкіл өмірімде 50 шақты мемлекетте болып көрдім, Қазақстанға келер алдын Қытайда жұмыс істедім. Қытайда жұмыс істеген кезде жаңа жұмыс іздей бастадым, Қазақстанға өтінім жібердім де, мені қабылдады. Бастапқыда мені басқа қалаға жіберген еді, бірақ ол жерде шетелден келген мұғалімдер аз болды, ал Семейдегі жұмыс туралы естіген кезімде, бірден осында өтінім жібердім, енді тұрып жатқаныма үш жыл болып қалды. Жобалық жұмыстарды жасаймын, оқыту бағдарламаларын дайындаумен айналысамын. Сонымен қатар жаһандық мәселелерді меңгеруге көмектесемін, балаларға «жаһандық құндылық», «жаһандық азаматтылық» түсініктерін оқытамын. Жұмысым өзіме ұнайды.

WhatsApp Image 2018-05-22 at 19.00.02.jpeg

Семейде тұрған кезде белгілі бір қиындықтарға тап боласың. Мәселен, Семейден Қазақстанның басқа жерлеріне жету қиын — Алматыға поездбен 20 сағат, Астанаға 15 сағат, Өскеменге 3 сағат. Тағы Семейде іс-шаралар туралы ақпарат алу қиын. Абайдың ауылына барғым келді, бірақ ол жерге қалай баруға болататын таба алмадым.

Абай мұражайы ұнады, ол таңғажайып. Семейдегі өнер мұражайында керемет сурет коллекциялары бар. Осы жерлерді атақты қылудың көптеген жолдары бар деп ойлаймын, бар назарды жарнамаға аудару керек. Бірнеше рет театрда болдым, ол жердегі қойылымдар орысша және қазақша. Егер ғаламторда ағылшын тілінде сюжетін тапсаңыз, онда барлық сөздерді түсіну міндетті емес. Тағы жақында балетте болдым, бұл таңғаларлық болды. Осындай мерекелерге жиі барып тұрғым келеді.

Семейде шетелдіктер аз. Шәкәрім атындағы университетте төрт шетелдік, экономика мектебінде біреу және НЗМ көптеген шетелдіктер жұмыс істейді. Естуімше, осында спорттық жаттықтырушы болып жұмыс істейтін шетелдіктер бар. Бірақ мені ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың саны таңғалдырады. Кеше қымыз фестивалінде болдым, онда бір отбасымен таныстым. Олар маған қымызға тапсырыс беруге көмектесті, біз суретке түсіп, әңгімелестік. Бұл қаланың адамдары өте мейірімді.

Шәкәрім атындағы университетте төрт шетелдік, экономика мектебінде біреу және НЗМ көптеген шетелдіктер жұмыс істейді


Болашаққа нақты жоспарымды әлі білмеймін, Жаңа Зеландияға барып, келуім мүмкін. Отбасым үлкен және әлемнің барлық жерінде. Бір ұлым мен әйелі Лондон мен Монтре арасында тұрады, екінші ұлым отбасымен бірге Нью-Йоркта тұрып жатыр, Жаңа Зеландияда тұрып жатқан ұлдарым да бар. Бүкіл әлемдегі достарым мен отбасыммен сөйлесу үшін скайп, Whatsapp, Instagram, Facebook желілерін пайдаланамын. Бұларсыз мен жалғызсырап қалар едім.

Шетелде тұрып, сіз толыққанды болуды үйренесіз. Тілді білмей, нарыққа барып, сауда жасауға кедергі етпейді. Жақсы жұмысқа ие болған маңызды. Біз студенттермен бірге қызықты әрі ынталандыратын жобаларды жасаймыз. Осы жұмыстыі арқасында үш жыл бойы Семейде қызықты өмір сүріп келемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Раздел не найден