facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aulet-biznest-neg-z-n-p-ter-sh-nde-alap-astanada-y-zd-k-dizayn-studiyasyna-dey-n-su-zhayynda
logo
AULET. Бизнестің негізін пәтер ішінде қалап, Астанадағы үздік дизайн студиясына дейін өсу жайында

Олжас Тортай, туған қаласы — Астана, 33 жаста, сәулет, интерьер дизайны

Гүлжан Аркенова, туған қаласы — Астана, 32 жаста, сәулет, интерьер дизайны

28.01.2019

AULET. Бизнестің негізін пәтер ішінде қалап, Астанадағы үздік дизайн студиясына дейін өсу жайында

Компания атауы: AULET (ArchiGraphicStudio)

Қызмет түрі: сәулет, интерьер дизайны

Негізі қаланған жыл: 2007


Бәрі қалай басталды


Олжас. Біздің компаниямыз 2007 жылы университет бітіріп, үйленгеннен соң пайда болды. Мен үйленгенге дейін де сәулетпен айналысқым келді, әртүрлі құрылыс компанияларда жұмыс істедім. Маған құрылыстың қасбетін жобалауда ұсақ бөлшектерімен жұмыс істеген ұнайтын. Мен интерьерлерге икемім бар екенін түсіндім. Өзімнің негізгі жұмысыммен қатар мен дизайнмен айналыса бастадым, бұл мен үшін хобби болатын. Портфолио жинап, құрылыс компанияға жібердім. Олар таң қалды, себебі сондай жобаларды шетелге жоғары бағаға тапсырыс беретін.

_T1A4904-Edit.jpg

Осылайша мен интерьер дизайны саласында жұмыс істеуді шештім. Басында біз бәрін өзіміздің пәтерімізде жасайтынбыз – мен балалар бөлмесіне компьютер қойып, жұмыс істедім. Бізде дуэт құрылды; мен графикаға ие болдым, ал Гүлжанның талғамы жақсы еді. Ол әлемде орын алған үрдістер және алдағы трендтер жайында айтып отыратын. Біз барлық жақсы журналдарды сатып алатынбыз, оларды зерттеп, шабыт алатынбыз.

Басында біз бәрін өзіміздің пәтерімізде жасайтынбыз – мен балалар бөлмесіне компьютер қойып, жұмыс істедім

Бұл нақты бір компания болмайтын, біз күнкөріс үшін жұмыс істедік. Бірақ ақырындап сұраныстың көбейіп, көптеген адамдарға жұмыстарымыздың ұнайтынын байқадық. Құрылыс компаниясы жобаларын бірінен кейін бірін бізге тапсырыс беретін. Сол кезде біз ұйықтамай, күнімен-түнімен жұмыс істейтінбіз.

Кейін клиенттерді қабылдау үшін бір мекеменің болуы қажет екенін түсініп, кеңсе туралы ойлана бастадық. 18 шаршы метр шағын орыннан бастадық және біздің ниеттерімізді сызбалауға көмектесетін бір адамды қызметке алдық. Сол кезде бізде нысандар ағымы болды, бірақ компания әлі кішкентай болатын. Өсу үшін команданың қажет екенін түсінбегенімше, жұмысты басқа біреуге тапсырып беру қиын еді.

Біздің курстас таныстарымыз өздері сабақ беретін Еуразия университетінің бірнеше жақсы студенттерін алуға кеңес берді. Біз сол жастарды оқыта бастадық, өздерімізбен бірге құрылыс аймақтарына апардық. Осылайша біз кеңейе бастадық. Қазірде бізде 20-дан астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы тәжірибелі мамандар. Себебі біздің қызметкерлеріміз – компаниямыздың басты құндылығы.

Біз бизнес-орталықтармен, ресторандармен, апартаменттермен жұмыс жасаймыз. Біздің компаниямыз Астанадағы алдыңғы қатардағы компаниялардың бірі. Бұның өзінде бәсекелестіктің болуы маған ұнайды. Бұл деңгейді сақтап тұруға ықпал етеді.

Біз Қазақстаннан тыс елдерде де жұмыс жасаймыз және біз Нью-Йорк, Лондон және Дубайдағы үлкен жобаларға қатысуды қалаймыз.


Біздің қағидаларымыз бен дәстүрлеріміз


Олжас. Біз адамдарды әрдайым олардың адамгершілік қасиеттеріне қарап қабылдаймыз. Олардың қаншалықты өршіл екені, командада жұмыс істей алуы, білім алуды қалайтыны маңызды. Компаниямыздағы қызметкерлер отбасы сияқты болуы біз үшін маңызды.

Біздің қызметкерлер сызуды, ойлап шығаруды, клиенттермен тіл табыса білуді – барлығын білу қажет, нысандарға барып, кез-келген сәтте өз әріптесінің орнына басып, жұмысын сапалы түрде атқаруы тиіс.

OAW_7868.JPG

Сонымен қатар клиенттермен жұмыс істеген кезде, белгілі қағидалар бар. Біз тапсырыс берушілердің айтқанына көне бермеуге тырысамыз. Жұмысымыздың он жыл уақыт аралығында біз бұндай жағдайда атқарылған жұмыс саған да, клиентке де ұнаймай қалатынын түсіндік. Ортақ келісімге келе отырып, өзіңнің ой-пікіріңді ұстану керек.

Гүлжан. Біз міндеттерімізді бөлуге тырысамыз. Олжас жетекшілік міндеттер үшін жауап береді, ал мен жобалардың визуалдық құрылымына – декор, эстетикасына жауап беремін. Олжас жоспарлаумен, дизайнмен, жалпы сәулетпен айналысады, ал мен перделерді, жастықтарды, жарықты, жиһазды таңдаймын.

Біз балаларымыздың осы ісімізді жалғастырып, компанияны әлемдік деңгейге дейін жеткізгенін қалаймыз

Кейбір кезде мен тапсырыс беруші әйелдермен өзім кездесемін, себебі маған олармен тіл табысу жеңілірек. Біз әрқашан бір-бірімізбен ақылдасамыз, бірақ шешім қабылдауда кедергі жасамауға тырысамыз.

Бізде реніштердің барлығын бір-бірімізге айтып тастау және түсініспеушіліктерді бірден шешіп тастау сияқты жақсы әдетіміз бар.

Олжас. Біз балаларымыздың осы ісімізді жалғастырып, компанияны әлемдік деңгейге дейін жеткізгенін қалаймыз. Сол үшін компаниямыздың атауын да өзгерттік. Бұрын ол AGS деп аталатын, ал қазір AULET деп атадық. Әулет сөзінің мағынасы өзін айқындап тұр. Және біз соған талпынамыз.


Біздің жұмыс күндеріміз


Олжас. Клиенттер тәжірибелі болып келеді, олар көп ақпаратты интернетте, шет елдерде зерттейді және дизайн саласында көп нәрселерді түсінеді. Сол себепті олардан озып, әрқашан алда болу қажет, трендерді білу керек. Біз естігенімізді, оқығанымызды үнемі талқылаймыз. Сонымен қатар мен команданы жігерлендіріп, бір нәрселерді ойластырып, олардың жұмыстарын қадағалауым қажет. Сол себепті жұмысқа көп уақыт кетеді.

_T1A4793-Edit.jpg

Қазірде жұмыс кеңсемен қатар, телефон арқылы да атқарылады. Сен таңғы ас кезінде, жолда – әрдайым поштаны, чаттарды тексересің. Мен телефонымды тек жаттығу уақытында сөндіремін.

Балалар да үйге тек кешкі уақытта келеді – 08:00 сабаққа кетіп, кешкі 21:00 бірақ оралады. Сол себепті біз 19:00-ден кейін жұмыс істемеуге, ал сенбі жексенбі күндерін балалармен өткізуге тырысамыз.

Гүлжан. Жыл сайын біз балалармен екі-үш елге барып, саяхаттауға тырысамыз.

Олжас. Менің ойымша, балаларды үйретудің қажеті жоқ, олар ата-аналарының қалай өмір сүріп жатқанын көріп, соған еліктеу керек. Мақсаттарға жетіп, табысты болу қажет, сонда балалар да жетістікті бола бастайды. Ең бастысы – оларды тыңдап, күндері қалай өткендерін сұрап, өз істеріңіз бен нәтижелеріңіз туралы айту қажет.


Бізідің тәжірибеміз


Олжас. Гүлжанда компанияның жұмысын жақсарту – клиенттер үшін, ұжым үшін қызмет көрсетуді жақсарту бойынша үнемі жаңа идеялар туады. Ал мен сол идеяларды толықтырамын. Ол әрдайым әртүрлі тренингтарға, байқауларға барып жүреді, деңгейлерді қояды. Ал мен оларды жүзеге асыруға тырысамын. Жүйелеумен, стратегиямен, оқытумен айналысамын.

Егер таластар туындаса, оларды бір күнде шешіп тастаймыз. Біз бір-біріміздің жауапкершілік шекараларын білеміз және араласпаймыз. Мен жұбайыма сенемін – отбасылық бизнесте бұл маңызды.

OAW_7874.JPG

Бізде әрқашан талқылайтын ортақ тақырыптарымыз бар. Жұмыстан бөлек, біз джиу-джитсу спорт түрімен айналысамыз. Бізде кәсіп, адамдар, ұжым, достар – барлығы ортақ . Біз отбасы мен бизнесті бөліп жаруға талпынбаймыз.

Біз отбасы мен бизнесті бөліп жаруға талпынбаймыз

Мен ортақ бизнес жүргізген отбасында өсіп тәрбиелендім. Менің әкем сәулетші болған, ал анам онымен бірге жұмыс істеді. Мен олардың әрдайым бірге жүргенін көрдім және мен үшін басқаша бола алмайды.

Мен жұбайыммен әрі қарай жұмыс істегім келеді және балаларымның ісімізді жалғастырғанын қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Дипломдық жұмысты қорғауға қалай дайындалуға болады: тәжірибе, қателер және студенттердің кеңестері
Дипломдық жұмысты қорғауға қалай дайындалуға болады: тәжірибе, қателер және студенттердің кеңестері
«Менің жұмысым — адамдарды бақытты ету», — Камалдин Камирдинов музыка бизнесін жүргізу принциптері туралы
«Менің жұмысым — адамдарды бақытты ету», — Камалдин Камирдинов музыка бизнесін жүргізу принциптері туралы
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Қазақстандық тәжірибелі ғалым  елдегі ғылым мен оның қиындықтары туралы
Қазақстандық тәжірибелі ғалым елдегі ғылым мен оның қиындықтары туралы