facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
atyrauly-otbasy-almatydan-ne-sebept-k-shkender-zh-ne-alaysha-aza-standa-7-yves-rocher-d-kender-n-ash-andary-turaly
logo
Атыраулық отбасы Алматыдан не себепті көшкендері және қалайша қазақстанда 7 Yves Rocher дүкендерін ашқандары туралы
Іс философиясы

11.07.2018

Атыраулық отбасы Алматыдан не себепті көшкендері және қалайша қазақстанда 7 Yves Rocher дүкендерін ашқандары туралы

Ержан Нуршанов, 31 жаста, туған жері — Тараз, кәсіпкер, стресс-менеджмент саласындағы маман

Ассоль Коровицына, 31 жаста, туған жері — Атырау, Yves Rocher France дүкендер желісінің директоры



Барлығы қалай басталғаны туралы



Ержан. Алматыдан Атырауға көшіп келдік. Алматыдағы ең бірінші бизнесім IT технологияларға байланысты болды. Мен IT саласындағы ең үздік кәсіпкер болдым және ірі жоба бойынша жұмыс істедім. Біз kundelik.kz электронды күнделік жобасын іске асырдық. Қаржыландыру басталған кезде орнымызды алған ірі бәсекелестеріміз пайда болды. Доменді сатып, жоба бойынша жұмысымызды тоқтаттық. Алайда жұмыс үрдісінде қазіргі күнде де қолданып жүрген үлкен тәжірибе алдым. 2011 жылы Атырауға көшуді шештім. Менің жұбайым Атыраудың тумасы, оны мыс компаниясына жұмысқа шақырды, ал маған жағдайымды ауыстыру қажет болды, сол себепті көшеміз деп шештік.

IMG-20170507-WA0013.jpg

Ассоль. 2012 жылы ең алғашқы дүкенімізді аштық. Сол кезде Ержан маған Алматыдан косметика әкеліп жүрді, бірақ бір кезде ол көңілімнен шыға бастады. Сонда ол маған бизнес ашу туралы ұсыныс тастады.

Ержан. Бастапқыда мен қиындықтан арылу мақсатын көздедім. Мұнымен айналыса ма деп сұрадым, ал әйелім келісті. Бірінші кезде бізде кішігірім орнымыз болды, кейін ол толыққанды фирмалық дүкенге айналды. Біз Fresh Line грекиялық компанияның франшизасы бойынша жұмыс істедік, кейін олардың шарттары бізді қанағаттандырмай қалды.



Yves Rocher франшизасы туралы



Ассоль. Тәжірибе жинағаннан кейін Yves Rocher брендіне көштік. Бізді Maybelline, L’Oreal брендтері қызықтырды және біз олардың өнімдерін сата бастадық. Бізді қызықтырған барлық адамдарға жаздық. Yves Rocher-мен байланысқан кезде олар Қазақстанда өкілдері жоқ екендерін айтты.

Ержан. Алайда екі жыл бұрын біз байланысып, келіскен ресми өкілдік пайда болды. Компания өкілдері Атырауға келіп, біздің мүмкіндіктерімізді және қаланың шамасын бағалады. Алдымен бізге бір қала берді. Кейін барлық батыс аймақпен жұмыс істей бастадық. Соңғы екі жыл бойы оның дамуымен айналысып жатырмыз. Қазір алты қалада жеті дүкеніміз бар: Қостанай, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Атырау және Павлодар. Жалпы Қазақстан бойынша бес дилер бар. Бұның барлығы бір желінің дүкендері және біз бірыңғай маркетингті, баға саясатын және орталықтандырылған жүйені ұстанамыз.

Қазір алты қалада жеті дүкеніміз бар: Қостанай, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Атырау және Павлодар



Өнімдер туралы



Ержан. Yves Rocher компаниясының незігін қалаушысың ең басты қағидаларының бірі — барлық әйелдерге қолжетімді, сапалы әрі табиғи косметика. Өнім халық арасында үлкен сұранысқа ие, әсіресе брендті бұрыннан білетіндер мен Еуропаға жиі шығып тұратындар арасында.

IMG-20171120-WA0023.jpg

Бір бренд өкілдігінде жұмыс істеген кезде қиындықтар пайда болмайды. Тауар сапасы бағасына сай, ал клиенттер таңдау жасай алатындай ассортимент де үлкен. Компанияның өз зауыттары, зертхналары, жерлері бар. Оған қоса клиенттер барлығы бір жерде өсіріліп, дайындалатынын біледі. Нашар өнімді компания нарықта көпке дейін бола алмас еді.

Нашар өнімді компания нарықта көпке дейін бола алмас еді


Ассоль. Әйелдер біздің өнімді пайдаланғаннан кейін бізге жылы көзбен қарай бастайды. Ішкі адалдық жүйесі жақсы әзірленген. Акциялар үнемі өтіп тұрады, ал желі жұмысы үздіксіз істейді: өнімдер одан әрі өңделеді немесе жаңа өнімдер пайда болады.

Компания қымбат жарнамаға қаржы жұмсамайды: телеарналарда жарнама жоқ, жұлдыздар біздің өнімді жарнамаламайды. Барлық қаржылар клиенттерді қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан біз қолжетімді бағаны ұстанып, тұрақты негізде сыйлықтар береміз.



Жоспарлар туралы



Ержан. Yves Rocher дүкендер желісін дамытып келеміз. Бірнеше күн бұрын Павлодар қаласында компанияның филиалын аштық. Жақын арадағы бірнеше аптада Астанаға көшуді жоспарлап отырмыз. Үлкен қалада ары қарай жылжу керек. Жақын уақытта елордада дүкен ашқымыз келеді. Қазір компанияның өзімен және өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.