Аслан Табылдиев, 22 жаста, туған жері — Атырау, University of California at Berkeley, Chemical engineering: microelectronics
Назарбаев университетіндегі оқу туралы
Университеттегі төрт жыл оқу ішінде өте көп пайдалы тәжірибе жинадым. Инженерия мектебінің үздік студенттер қатарында болдым. Бірінші курста тобымызбен икемді жиектас жасауға патент алып, оны өзіміз ойлап тауып, пайдаланылған шиналарды өңдеу технологиясы негізімен жасадық. Осыдан кейін түрлі стартаптарға, инкубаторларға қатысып отырдық.
Университетте ғылыми жұмыспен көбірек айналысуға тырыстым. Менің тақырыбым — сарқынды суларды тазалау, «Астана Су Арнасымен» бірге жұмыс жасап, олар үшін жобалар жасадық. Осының арқасында менің ғылыми жарияланымдарым шығып, халықаралық конференцияларға қатысып отырдым.
Үшінші курста Назарбаев университеті үздік студенттерді жазғы семестрге шетелге жібереді. Мен де солардың қатарында болып, Мадисондағы Висконсин университетіне екі айға оқуға бардым. Бұл мен үшін керемет мүмкіндік екенін түсіндім, өз ғылыми жұмысымды сонда жалғастыруды қаладым, өйткені ол әлемдегі үздік университеттердің бірі. Бір профессормен танысып, оның тобында екі ай бойы жұмыс жасадым.
Берклидегі Калифорния университетіне түсу туралы
Қазақстанға оралғаннан кейін шетелдегі оқуымды жалғастырғым келіп, оқуға түсуге дайындала бастадым. Нәтижесінде Берклидегі Калифорния университетіне оқуға түстім. Бұл университет мемлекеттік университеттер ішінде бірінші орында, ал менің мамандығым бойынша әлемде екінші орында. Осы университетке түсіп жолым болды, бұл менің арманым еді — Калифорнияға оқуға түсіп, барлық технологиялар жинақталған Кремний алқабына бару. Өз мамандығымды микроэлектроникаға ауыстырдым және келешекте осы салада жұмыс істеуді қалаймын.
Менің оқуым тегін, мұнда академик Шахмардан Есенов атындағы қордың есебінен оқып жатырмын. Осы жылы олар магистратураға оқу бағдарламасын ашып, бүкіл Қазақстанға тек екі грант бөлді. Мен жеңімпаздардың ішінде болдым.
Университеттегі алғашқы күндері мұнда әлемнің ең ақылды адамдары жиналғандай болды. Біздің топта 30 адам, 80% - бұл халықаралық студенттер, олардың көбісі Қытай мен Үндістаннан, ТМД елдерінен мен жалғызбын. Көптеген студенттер ірі компанияларда жұмыс істеген, сондықтан олардың жанында болу қолайсыз еді. Бірақ белгілі бір уақыттан кейін танысып, араласа бастадық, қазір олар Қазақстан туралы көп ақпарат біледі, мәселен, GGG туралы.
Оқуға көп уақыт кетеді. Мәселен, сейсенбі күні сабағым таңғы сегізде басталып, кешкі тоғызда аяқталады, түскі үзіліске екі сағат беріледі. Мұндағы оқу күрделі, профессорлардың ірі компанияларда жұмыс істеу тәжірибелері бар, олар студенттерге сабақ оқыту мен жұмысты бірге істейді.
Бұдан басқа мен MBA курстарын өтіп жатырмын, бағдарлама бизнес пен технологияны біріктіреді. Бұл бағдарламаны таңдаған себебім — бір нәрсені ғана меңгергім келмейді, бизнес туралы ақпарат алып, компанияның қалай құрылатынын білгім келді.
Калифорниядағы өмір туралы
Калифорния маған ұнайды, мұнда үнемі жаз әрі жылы. Бірақ қала штат секілді қымбат. Келген кезімде барлығы үйреншікті болды, өйткені бір жыл бұрын АҚШ-та болып көрдім.
Қаланы білетін адамды табу қажет еді. Осында «Болашақ» бағдарламасымен келген қазақстандықтарды тауып, олар маған көмектесті. Тағы бір қиындық — пәтер, өйткені тұрғын үй бұл жерде қымбат. Бір бөлмелі пәтер шамамен 2500 доллар тұрады. Пәтер тапқан уақытқа дейін достарымда тұрдым, қолайлы пәтерді таныстарым арқылы таптым.
Мені табиғат ресурстарынан мұнда тек тұз өндіретіні, ал қалғанының барлығы технологиялар мен адам ресурстары екені таңғалдырды. Алайда бір штаттың ЖІӨ Ұлыбританияның ЖІӨ-нен жоғары.
Мұнда барлығы технологияға негізделген, Tesla электромобильдерін көруге болады. Адамдар қоршаған ортаға қамқорлық көрсетеді, мен тіпті қоқысты іріктей бастадым.
Сондай-ақ, Қалифорнияда отандастарымыз көп екені таңғалдырды. Мұнда 25 жастарында жоғары нәтижелерге жетіп, дәстүрлер туралы ұмытпайтын ақылды адамдар тұрады. Ірі ІТ компаниясында жұмыс істейтін бір қазақ бізді қызының тұсау кесу тойына шақырды. Біз бүкіл қазақ диаспорасымен жиналдық.
Жоспарлар туралы
Мен Intel, AMD, IBM секілді ірі компанияларда жұмыс істеуді қалар едім. Естігенімше, онда бір қызметке 1000 артық өтініш түседі. Онда жұмысқа түсу қиын, бірақ егер өз ісіңнің білгіші болып, оларға қажет икемің болса, мүмкіндігің бар. Apple, Facebook, Amazon істейтін қазақстандық балаларды білемін. Олар армандарына қол жеткізе алды, демек, менің де қолымнан келеді.
Тәжірибе жинап, ірі компаниялар қалай жұмыс істейтінін көріп, олардың бизнес үлгілерін зерттегім келеді. Бірақ менің келешек жоспарым Қазақстанмен байланысты. Жинақталған біліміммен Қазақстанға оралып, еліміз үшін құнды нәрсе жасап, химиялық индустрия саласына өз үлесімді қосқым келеді.