Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e8d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e8d86bac26fb29d188417bfb6564ad41.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Атыраудағы өмір неге үйретеді: жұмыскерлерді сыйлауға, масалардан қорғануға, шетел тілдерін білуге
2252

31.01.2020

Атыраудағы өмір неге үйретеді: жұмыскерлерді сыйлауға, масалардан қорғануға, шетел тілдерін білуге

Атыраулықтар қандай дағдыларға ие және қала өмірі адамдарға қалай әсер етеді.

— Атыраудың қалалық өмірі адамды сабырлыққа және ұсақ нәрселерге алаңдамауға үйретеді.

Атыраулықтар физикалық тұрғыда еңбек ететін жұмыскерлерге құрметпен және түсіністікпен қарайды. Көп тұрғындар зауыттарда вахталық әдіспен жұмыс істейді, сондықтан қалада әр бесінші адам жұмыс киімінде жүреді. Қызметкерлер бұл киімде күнделікті шаруаларын жасай береді, бұл қалыпты нәрсе. Егер кешке мереке болса, екінші киімдерін өздерімен бірге алып жүреді.

Тұрғындар барлық дәстүрлерді құрметтейді. Батыс қазақтары басқаларына қарағанда барлық дерлік дәстүрлерді сақтап, күнделікті өмірлерінде ұстанады.

Атырау шетелдіктерге деген толерантылыққа үйретеді. Қалада Қытай, Үндістан, Америка және басқа елдерден келген экспаттар көп.

Атыраудың қалалық ортасы түрлі тілдерді тез үйреніп кетуге көмекетседі. Шетелдіктер жергілікті тұрғындарға сыйластықпен қарап, әрқашан қарым-қатынасқа дайын тұрады. Мысалы, жағажай жақта қытайлықтар көп жүреді. Егер қытай тілін үйреніп жүрсеңіз, онда Атырау — оны практикалық тұрғыда жетілдіруге көмектесетін таптырмас жер.

Атырау өзіңмен күнде масаларға қарсы заттарды алып жүруге үйретеді. Қалада, әсіресе шет жақта масалар өте көп.

Атырау тұрғындарының достық ықыласы ерекше. Мұнда түрлі елдерден көптеген дос табуға болады.

Тұрғындар ауа-райына байланысты киінуге және резеңке етікпен жүруге үйренген. Жаңбырдан кейін резеңке етік таптырмас аяқ-киім, өйткені Атыраудың кей аудандарында асфальт төселмеген.

Қала тұрғындары қонақжай және қонақтарды қарсы алуды біледі. Атырауда кез-келген қонақты төрге шығарып, ерекше құрмет көрсетеді.

Атырау айналандағыларды дұрыс қабылдауға үйретеді. Қалаға енді келгендерге оған біреу дөрекі сөйлеген немесе дұрыс емес сұрақ қойған сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, оның барлығы оған қатысты емес. Атыраулықтар табиғатынан тік сөйлеп, сөз таңдамайды. Жақын араласа келе олардың эмоцияларды жасырмайтынын түсінуге болады.


Фотоның дерек көзі: @zholdasqali

Меню

Істер

Қала 24

Шолу