Румия Сартаева, 21 жаста, туған қаласы ― Атырау, мұнайшы, @rumiya _tortinkova
Кәсібінің бастамасы
Шоколадты өндірумен студенттік кезімнен айналыса бастадым. Сол кезде мен табыс табудың тәуелсіз жолын іздедім және шоколадты өндіруді шештім, себебі бұл қолымнан жақсы келеді.
Бастапқыда өнімдерімді достарыма ұсындым, хабарламаларды таратып, таныстарыма айтып жүрдім. Сол кезде өнімдерімнің бағасы төмен болатын, бірақ табысым жолыма және түскі асыма жететін, бұл мені қуантатын.
Өндіріс жайында
Өнімдерімнің сұрыптамасы алуан түрлі. Тапсырыс бойынша жемістен және тәтті гүл шоқтарын, шоколад әріптерін, торттар мен тәтті нандардың алуан түрлерін жасаймын. Барлығы клиенттің ниетіне байланысты.
Суреттің күрделілігі, шоколадтың түрі және рәсімдеуі сияқты әртүрлі факторлар өнімнің бағасына ықпал етеді. Бір әріптің құны – 200 теңге.
Мен әрқашан шоколадтың ең жақсы рецептін тауып алуға тырысамын. Callebaut бельгиялық шоколадты ұнатамын. Оның өндірістегі құны қымбаттырақ, бірақ шоколад дәмінің сапасы әлдеқайда жоғары деңгейде. Клиенттер маған өнімнің сапасы мен дәмі үшін келеді.
Барлығы клиент үшін жасалады – бұл жұмыстағы ұраным
Барлығы клиент үшін жасалады – бұл жұмыстағы ұраным. Мен минусқа кетуге дайынмын, бірақ сапалы өнімді беремін.
Қайда сатып алуға болады
Бізде жеткізілім қызметі бар. Әдетте өнімді жеткізумен мен немесе күйеуім айналысады. Егер тапсырыс үлкен көлемге жасалса, жеткізілім тегін болады.
Клиент тапсырысын өзі де алып кете алады, бірақ мен әрдайым бір жерде бола бермеймін. Әдетте мені Шоқан Уәлиханов көшесінде кездестіруге болады.
Ақбота Бойтанова, 26 жаста, туған қаласы ― Отырар ауданы, Маяқұм ауылы, химик, @qurtatyrau
Кәсібінің бастамасы
Мен ауылда туып өстім. Біз мал шаруашылығымен және дәнді дақылдарды егумен айналыстық. Сол кезде мен құртты және қауынның кептірілген бөліктерін дайындауды үйрендім, өнімдерімді ауылдағы адамдарға сата бастадым.
Кейін мен Атырауға көшіп келдім. Жергілікті дүкендерде құрт іздеген кезде, оның сапасы төмен екенін түсіндім. осылайша менде құртты үйде дайындап, дүкендерде сату идеясы ойыма келді. Осылайша FOODNOMAD.KZ пайда болды.
Өндіріс жайында
Қазірде біз құрттың бір киллограмын 2500 теңгеге дайындаймыз, қауынның кептірілген бөліктерінің килограмын 1600 теңгеге, бір литр қаймақты 2000 теңгеге сатамыз.
Мен жалғыз жұмыс істеймін, балаларға қараймын және табиғи өнімдерді өндіремін. Қажетті ингредиенттерді қалада сатып аламын.
Өнімнің ерекшелігі – 100 % табиғи өнімдерден жасалатын жеке үй өндірісі
Өнімнің ерекшелігі – 100 % табиғи өнімдерден жасалатын жеке үй өндірісі. Болашақта Атырауда сүт зауытын ашуды қалаймын.
Қайда сатып алуға болады
Өнімдерімізді «Дина» базарына қарама-қарсы орналасқан «Ляпиза» мейрамханасының ауданында сатып алуға болады. Бізде тапсырыстарды үйден келіп алып кетуге болады.
Жеткізілім қызметі әлі жоқ, бірақ мен бұл мәселені шешу үстіндемін. Тапсырыстар көбейсе, жеткізілім тегін болады.
Айгүл Төленова, 30 жаста, туған қаласы ― Атырау, экономист, @syrdoma_
Кәсібінің бастамасы
Мен бір жыл бұрын баламен үйде отырған кезде, ірімшіктерді дайындай бастадым. Бір нәрсемен айналысуды қаладым, қазір бұл кеңге таралған – үй шаруасындағы көптеген әйелдер үй шаруаларынан бөлек табыс әкелетін кәсіппен айналысады.
Мен ірімшіктерді дайындаумен айналысуды шештім, себебі өзім бұл өнімді жақсы көремін, ал дүкендерде құрамы сапалы табиғи ірімшіктерді сирек кездестіремін.
Өндіріс жайында
Мен көптеген рецептерді интернетте таптым, интернет-дүкен арқылы ірімшікке қажетті пішіндерге және табиғи ашытқыларға тапсырыс бердім, ал фермер шаруашылығы бар көршілерден сүтті сатып алдым.
Instagram желісінде жұмыс парақшасын аштым, сол жерде алғашқы сатып алушылар пайда болды.
Бүдан кейін мен осы салада дамуды қаладым және Астанадағы Айнұр есімді ірімшік дайындау бойынша кәсіби маманның шеберлік-класынан өттім. Сол кезде мен көп жаңа білім алдым және ірімшік дайындау – бұл менің бағытым екенін түсіндім.
Ірімшік дайындау – бұл менің бағытым
Мен әртүрлі ірімшіктерді дайындаймын: моцарелла, буррата, фета, сулугуни, качотта, зеңі бар ірімшік және тағы көпеген түрлері бар.
100 грамм ірімшіктің құны 600 теңгеден басталады.
Өнімдеріміздің ерекшелігі – зиянды қоспалары жоқ 100 % табиғи ірімшіктер. Толықтай табиғи пастерленген сүттен жасалған өнім.
Болашақта итальяндық шеберлердің шеберлік-кластарына қатысуды және дайындау техникасы мен өндірістің қыр-сырларын өз көзімен көруді қалаймын.
Қайда сатып алуға болады
Біздің Instagram парақшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Өздігінен алып кету мүмкіндігі де бар.