Гүлзада Ізбасова, 39 жаста, туған қаласы — Ақтау, «Гүлзада» сұлулық салонының директоры
Мен кәсібімді төрт жыл бұрын аштым және қазірде «Гүлзада» сұлулық салонында жетекшілік қызметін атқарамын. Біз қолайлы бағалар бойынша сапалы қызмет көрсетеміз. Бұл бізді бәсекелестерімізден ерекшелендіретін артықшылығымыз.
Студияда 15 кәсіби шебер жұмыс істейді. Біз қызметкерлеріміздің дамуы мен білім алуы үшін барлық жағдайлар жасаймыз. Жақсы мамандар – жетістіктің кілті.
Барлық жерде жақсы табыс табуға болады, тек өз салаңда алдыңғы орында болуға талпыну керек
Бизнестің айналымы айына 1 500 000 — 2 000 000 теңгені құрайды және бұл сан әрқашан өсіп отырады.
Маған Атырау ұнайды. Адамдардың шынайылығы мен турашылдығы – біздің құндылығымыз.
Мен қызыммен ретросаябақта серуендеуді, ойын-сауық саябақтарына баруды жақсы көремін. Қалада ойын-сауық алаңдары жетіспейді.
Атырау – өндірістік қала ғана емес, осында қолдауды қажет ететін дарынды жастар да көп.
Біз клиенттерімізді ішкі көрінісі мен қызмет көрсетуі таң қалдыратын жаңа студияның ашылуымен айналысып жатырмыз.
Барлық жерде жақсы табыс табуға болады, тек өз салаңда алдыңғы орында болуға тырысу керек.
Аманбек Хамидуллин, 18 жаста, туған қаласы — Орал, барбер
Мен 15 жасымнан бастап барбер болып жұмыс істеймін. Оқуға әуес болған жоқпын, сол себепті өзіме сай келетін жұмысты табуды шештім. Анам – шаштаразшы, ол маған қиындықтарды еңсеруге көмектесті, қажетті ақыл-кеңестерімен бөлісті. Бұл салаға ынтам болған жоқ, бірақ уақыт өте қызыға бастадым.
Барбер қызметінің қиындығы – клиенттермен жұмыс. Адамдар нақты нені қалайтындарын біле бермейді, сол себепті клиенттің қалауын болжап білу керек.
Барбер ― еркін мамандық, жұмыс кестеңді өзің құрайсың. Бұл өзіндік жұмыс ырғағын құруға мүмкіндік беретін үлкен артықшылық.
Барбер ― жақсы табыс табуға мүмкіндік беретін мамандық, Атырауда бұл айрықша сезіледі
Жұмыс клиенттерге байланысты: келушілер қаншалықты көп болса, жалақың соншалықты жоғары болады. Айына шамамен 400 000 теңге табамын. Бір жыл бұрын Атырауға енді көшіп келгендіктен, табысым әлдеқайда төмен болды. Бұл уақыт аралығында мен клиенттік базамды кеңейтумен, танымалдылығымды арттырумен айналыстым.
Барбер ― жақсы табыс табуға мүмкіндік беретін мамандық, Атырауда бұл айрықша сезіледі.
Атырау – барлығы жұмыс істеуге келетін бай қала. Бұл бизнес үшін жақсы бастапқы алаң және капиталды арттыру үшін керемет жер болып табылады. Қаладағы әрбір дерлік сала қаржылық жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Бірақ осында жалқауларды ұнатпайды. Еңбекқорлық пен табандылықтың арқасында ғана жетістікке жетуге болады.
Атырау – адамдары еліміздің барлық аймақтарынан келетін дамушы қала. Достарымның көбісі жұмыс табу мақсатымен осында келді, сол себепті Атырауды еңбектің қаласы деп атауға болады.
Таяудағы бес жыл Атырауда тұрып, кәсіби тұрғыдан дамуды жоспарлаймын.