Атырау облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа жобалар жүзеге асырыла бастады.
Таяуда жеке инвестордың қаржысына облыс орталығында гемодиализ орталығы ашылды. Орталық бүйрек жұмысын жақсартуға және вирусты гепатитке шалдыққандарға көмек көрсетеді. Осы заманғы ең озық медициналық қондырғылар Германиядан арнайы жеткізілген. Ол бір мезетте 12 науқасқа қызмет көрсете алады. Бүгінде мұнайлы өңірде бүйрек жұмысының бұзылуынан 120 адам зардап шегеді. Енді олар жаңа орталықтан тегін ем қабылдап жатыр.
Мәншүк Аймурзиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Жекеменшік инвестормен келісім бойынша қазір осы Атырау облысына 12, Жылыойда 4 аппарат жаңадан алынып, сонымен қатар аппараттарды ары қарай қызметін қарап тұруға, уақытында өңдеуге алдын ала жергілікті мамандар дайындалған.
Дерек көзі: 24.kz