Біз сізге әлемнің әртүрлі елдерінің тағамдарынан дәм татып, жаңа гастрономиялық әсер алуға болатын, Атыраудағы ең үздік 10 мейрамхананы ұсынамыз.
Coffee Matters, @coffeematters.kz
Мекеме қаладағы ерекше орындардың біріне айналған. Мұнда тек кофе ғана емес, сондай-ақ дәмді тағамдар да ұсынылады. Сонымен қатар, арнайы ұсыныстар, дрейп пакеттер, кофеге арналған сәнді термокружкалар және тағы басқа заттар бар.
JIDA, @jida.7k.atyrau
JIDA — итальян асханасындағы ерекше мейрамхана. Мұнда ингредиенттердің тамаша үйлесімі мен авторлық көзқарас байқалады. Сіз мұнда жаңа роллдар мен сушиден, дәмді тұздықтар мен макарон өнімдерінен дәм тата аласыз. Сонымен қатар, көңілді викториналар мен музыкалық лотереялар жиі ұйымдастырылады.
«Хачапури Марико», @hachapuri_atyrau
Грузин асханасының ерекше дәмін сезініп, ыстық хачапуриден ләззат алыңыз. Мекемеде жаңа мәзір позициялары, авторлық тағамдар мен табиғи өнімдерден дайындалған шайлар ұсынылады.
Modus, @modus.atyrau
Бұл мейрамханада еуропалық және Жерорта теңізі тағамдарының ингредиенттері мен хош иістері үйлескен түрлі мәзір ұсынылады.
La Fête Coffee & Cafe, @la_fete_cafe
Францияның тыныш әрі жайлы атмосферасын сезінгіңіз келсе, бұл жер дәл сізге арналған. Жылы кездесулер мен ерекше сәттер үшін мінсіз орын. Таңғы ас, түскі ас немесе романтикалық кешкі асқа келуге болады.
Villa Beer House, @villa_beer_house
Мейрамхана әртүрлі демалыс форматын ұсынады: 150 орындық кең зсл, VIP аймақтар, көп форматты кеңістік, караоке және үлкен бар. Жоғары деңгейдегі іс-шаралар үшін тамаша таңдау.
«Қозы Қазақ Гриль», @qazaqgrill_atyrau
Барлық дәстүрге сай дайындалған, хош иісімен тәбет ашатын, шырынды еттен дәм татыңыз. Мұнда жайлы атмосферада кешкі ас ішуге болады. Қызмет көрсету де жоғары деңгейде.
Lift, @bar.lift
Жұмсақ жарық, түрлі тағамдар мен коктейльдер, DJ-дің сүйемелдеуімен ерекше атмосфера қалыптастырады. Мұнда сізді жайлы орта, қызықты музыкалық тректер мен мекеменің жағымды тосынсыйы күтеді.
Lucky Fox, @luckyfox_atyrau
Lucky Fox — итальян тағамдарынан дәм татуға арналған ерекше орын. Мұнда кремді тұздықтағы макарон, жұқа әрі қытырлақ пицца мен салқын сусындар ұсынылады.
Yamato, @yamato_atyrau
Жапон және еуропалық асхананы ұсынатын бұл мейрамхана нағыз жапон тағамдарын сүйетіндер үшін тамаша таңдау. Сондай-ақ, жазғы террассасы бар, онда өзіңіз сүйетін роллдар мен сушиден дәм тата аласыз.