facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ata-anasymen-t-rudy-zh-n-k-rgen-aza-standy-3-otbasy
logo
Ата-анасымен тұруды жөн көрген, қазақстандық 3 отбасы

16.12.2017

Ата-анасымен тұруды жөн көрген, қазақстандық 3 отбасы

Арыстангали Сансызбаев

36 жаста, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі бастығының орынбасары

Жұбайы: Риза Сансызбаева, 32 жаста, «12 ай Астана» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы

Біз отбасы болғанымызға 12 жыл болды.Үлкен қызымыз Назерке 10 жаста, Мқлдір 7 жаста, Ұлым Аманжол 1 жас 10 айлық.

Отбасымда жалғыз ұл болғандықтан, 12 жыл бойы ата-анаммен тұрамыз. Анам, Сауле Алдабергенова 57 жаста. Әкем қайтыс болған, ал анам әрдайым бізбен бірге, әрқашан көмек қолын созады, кеңес айтады, қолдайды.

Әрине, көзқарастарымыз келіспейтін жағдайлар да болады, бірақ соңғы шешімді анам қабылдайды. Ол өте ақылды әйел, сондықтан көп жағдайда шешім қабылдау жағын маған ұсынады.


1с.jpg


Ата-анаммен тұруымыздың бірнеше себептері бар. Біріншіден, ата-анаға деген махаббат. Екіншіден, бұл ұлдың, еркектің парызы. Бұл біздің салтымыз, адами және рухани құндылықтарымыз. Үшіншіден, солай ыңғайлы. Анам бізге балалырмыздың тәрбиесінде көмектеседі, керек кезде кеңес айтады.

Үлкендермен тұрудың артықшылықтары көп. Үйде әркез сен сенім арта алатын адамын бар. Балалар әрдайым қарауда болады, олар үшін уайымдамайсың, өйткені бұл бөтен адамдар емес. Балалар атасы мен әжесінің махаббатын, жылуын сезінеді, бұл балаларға өте қажет.

Кейде үлкендерге бағыну керек болмаса, аса қатты қиыншылықтар жоқ.



Арман Юсупов

21 жаста, видеоблогер

Жұбайы: Карина Оксукпаева, студент

Біз Карина екеуміз, біржарым жыл бұрын үйлендік. Ата-анамызбен 1 жыл 7 ай тұрамыз. Әкем 66 жаста, ал анам 56 жаста.

Үйіміздегі атмосфера өте жайлы және жылулық сезіледі. Карина бұл атмосфераны бірден сезінгендіктен біз бірге тұрамыз деп шештік.


2с.jpg


Бізге ата-аналарымызбен тұру өте ыңғайлы, ешқандай шиеленістер мен қақтығыстар жоқ, кез-келген түсінбеушіліктің шешімін оңай табамыз. Ұлымыз Алимге де жақсы, ол әрдайым біреудің бақылауында болады. Сондықтан бөлек тұрғымыз келмейді, тек пәтер сатып алуды жоспарлап жүрміз.

Ата-анамызбен көзқарастарымыз келмейтін кездер болады, өйткені жасымызда айырмашылық бар, кейде бізді түсінбейді, кейде біз оларды түсінбейміз. Бірақ біз тез шешім табамыз.


4с.jpg


Ата-аналарымен бірге тұрудың артықшылықтары әрдайым қолдау көрсетеді, жылы сөздер және кеңестер айтады. Ал, біз өз кезегінде оларға жаңа қайталанбас әсер сыйлаймыз. Біз олармен жиі қыдыруға тырысамыз. Олар бізбен бірге жасарады, ал біз олармен ақылдырақ бола бастаймыз.



Нурдаулет Арыстанбеков

24 жаста, мемлекеттік қызметкер

Жұбайы: Гаухар Арыстанбекова


5с.jpg


Біз 3 жыл бұрын үйлендік. Осы үш жыл бойы ата-анамызбен бірге тұрамыз. Анам 56 жаста, ал әкемге 55-те.

Біз ата-анамызбен бірге тұруды ұйғардық, себебі бұл дәстүр, мен отбасындағы ең кішкентаймын, сонымен қатар бұл өте ыңғайлы. Қаржы жағынан қолайлы - пәтер ақысын төлемейміз, ет сатып алмаймыз.


6с.jpg


Жұбайым екеуміз бір жерге баруды жоспарлаған кезде, менің анам үйде болғандықтан, ешкімге баламен бірге отыруды сұрамаймыз. Кейде ұлымды әкеммен де бірге қалдырам. Бізде бұл бірінші бала, сондықтан ата-аналар алдымен көптеген пайдалы кеңестер берді - мысалы, массажды қалай жасауға болады, алғашында қалай шомылдыру керек екенін көрнекі көрсетті.

Әйелім оңтүстіктен, мүмкін, осыған байланысты,немесе әлі ерте болғандықтан, ата-аналарымызбен келіспеушілік жағдайлар болған емес.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы