Ильнур Мурзалиев, 25 жаста, Астрахан облысы, Володарский ауылы, ТЖМ қызметкері, «Жолдастық» бірлестігінің жастар секторының жетекшісі
Асттрахан облысы көпұлтты, бізде түрлі ұлттық бірлестіктер көп: татар, ұйғыр және басқалары. Қазақ бірлестігі облысымызда жалғыз, ол — «Жолдастық», және мен ондағы жастар секторының жетекшісімін. Біз жиналамыз, қазақ жастарын қатарымызға тартамыз, салт-дәстүрлер туралы әңгімелесеміз, себебі олар бізде жақсы дамымаған. Кездесулер жиі өткізілмейді, айына бірнеше рет. Сонымен қатар жастар арасында түрлі тақырыпта қазақша кештер өтеді. Мен әрқашан осындай оқиғаларға тікелей қатысып, ұйымдастырып та отырамын.
Біздің қазақтардың белсенді жиналғандарын қалар едім
Шын мәнінде, көптеген мемлекеттер мен қалаларда болдым, бірақ Қазақстанның өзінде болып көрмеппін. Бірақ, ресейлік қазақтар Қазақстанда тұратын қазақтардан ерекшеленеді деп ойлаймын, біздің ділдеріміз әртүрлі.
Біздің облыста ересек адамдар қазақ тілінде еркін сөйлейді, ал жастар тілді аса біле қоймайды. Мысалы, мен қазақша еркін сөйлей алмаймын, бірақ жақсы түсінемін. Алыстанған ауылдарда әлі күнге дейін қазақша сөйлейтін жастар да бар.
Әрине, біздің қазақтардың белсенді жиналғандарын қалар едім, бірақ бұл әлі қиындау. Жастарды басқа нәрсе қызықтырады, оларға қазақ халқының мәдениеті қызықсыз болып барады. Бұрын мен де қазақ мәдениетіне аса қызықпайтынмын, бірақ қазір қызығамын, және бұл аумағымыздың барлық қазақтарына ортақ болғанын қалар едім.
Қайрат Шайхиев, 24 жаста, Астрахан облысы, Троицкий ауылы, Астрахан облысының мәдениет Министрлігінің қызметкері, фестивальдік, конкурстық, мәдени-көпшілік бағдарламаларды іске асыру дирекциясының солисті
Астраханда туылған кезімнен бастап тұрамын. Қаламызда «Жолдастық» деп аталатын қазақ диаспорасы бар. Мен ол жерде, өкінішке қарай, жоқпын, бірақ көптеген балалармен және ұйымның меңгерушілерімен жақсы таныспын. Сонымен қатар, диаспораның тек қала ішінде ғана емес, бүкіл облыс бойынша дамитынын білемін, әр ауданда, аудан орталығында өз тобы мен меңгерушісі бар.
Салт-дәстүрлерге жақсы, сыйластықпен қарайды
Салт-дәстүрлерге жақсы, сыйластықпен қарайды. Қазақ мәдениеті Астрахан мен Астрахан облысында таралған, аудандардың бірінде «Құрманғазы» атты қазақ мәдениет орталығы бар, ол жерге Қазақстаннан және жақын шетелдерінен қонақтар жиі келеді. Барлық облыстарда «Наурыз» секілді қазақ мейрамдары аталады. Тілге қатысты айтатын болсақ, онда 50/50. Көбісі ана тілдерін білмейді, мен де білмеймін, ол үшін ұяламын. Бірақ, жастар қазақ тілде сөйлеуді қолдайды деп ойлаймын. Мысалы, алыс жердегі ауылдардағы адамдар қазақ тілін жақсы біледі, себебі бізде орыстардан гөрі қазақтар көп орналасқан аудандар бар.
Бізде вокалды, би, аспаптарда ойнайтын көптеген ұжымдар бар және олар көбінесе жас балалар, мектеп оқушылары. Көбісі қазақша концерттік нөмірлермен сахнада өнер көрсетуге тырысады.
Қазақстанда сирек боламын, барлық қалалардың ішінен тек Атырауда болдым, себебі онда туыстарым тұрады. Бірақ, Қазақстан мен Ресей қазақтары өзгешеленеді деп ойлаймын. Біріншіден, бүл тілге байланысты — Ресейдегі қазақтардың барлығы қазақ тілін білмейді. Екіншіден, діліміз әртүрлі.
Әсемгүл Исенгулова, 28 жаста, Астрахан облысы, Пойменный ауылы, зооинженер
Астрахан облысының байырғы тұрғынымын, ата-анам да осы жерде тұрады. Жалпы, Астараханда қазақтар көп, облыстағы ауылдарда көбінесе қазақтар тұрады.
Менің ойымша, Ресейдегі қазақтарды орыстанған деп атауға болады, себебі туған тілінде сөйлейтіндер аз және балаларына есім таңдаған кезде стандартты есімдерді қоймайды. Бұған қарамастан, менің отбасым қазақтың салт-дәстүрлерін сақатуға тырысады.
Ресейдегі қазақтарды орыстанған деп атауға болады
Астраханда «Жолдастық» атты қазақ мәдениетінің белсенді ұжымы бар, оның белсенділері мерекелерді және жастарға арнап кештерді жиі ұйымдастырады. Мектепте оқыған кезімде қазақ тілін оқитынбыз, бірақ қазір менің мектебімде оны оқытпайды.
Қазақстанда бүкіл өмірімде бес рет болдым, Атырауға бардым, себебі онда туған тәтем тұрады. Қала өте ұнады, енді Астана мен Алматыға барғым келеді. Менің есімде бір оқиға сақталды: анам екеуміз Атырауда серуендеген кезде сатушыдан бір нәрсе туралы орысша сұраған едік, ал ол тіпті қарамай, біз жоқ секілді кейіп танытты. Бұл өте біртүрлі болды, кейін бізге Атыраудағы қазақтар тек қазақша сөйлеуге тырысатынын айтты. Сол себепті Ресейдегі қазақтар Қазақстандағы қазақтардан өте қатты ерекшеленеді деп ойлаймын.