facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/523/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/5233754dfb778e313537116937e856d0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
astanaly-zhas-zh-p-telegram-kanaly-ar-yly-adamdar-a-sauda-satty-ta-alay-nemdeuge-bolatynyn-yret-p-zh-ru-turaly
logo
Астаналық жас жұп Telegram-каналы арқылы адамдарға сауда-саттықта қалай үнемдеуге болатынын үйретіп жүруі туралы

19.03.2022

Астаналық жас жұп Telegram-каналы арқылы адамдарға сауда-саттықта қалай үнемдеуге болатынын үйретіп жүруі туралы

«Арзандау Қазақстан» Telegram-каналы адамдарға сауда-саттықта аз ақша жұмсауға көмектесетін пайдалы лайфхактар ​​туралы айтады. Біз оның негізін қалаушысымен жоба, шабыт және контент жайында сөйлестік.


Адильхан Сапаргалиев, 27 жас, қаласы — Астана, «Арзандау Қазақстан» жобасының негізін қалаушылардың бірі

Сапаргалиев Адильхан.jpg


Бәрі қалай басталды


Әйелім Әсел екеуіміз әрдайым пайдалы лайфхактарды іздеудеміз. Көбіне олар қаржы саласына қатысты. Біз ақпаратпен достарымызбен бөлісетін едік, бұл хобби секілді болған.

Telegram-каналды ашуды 2019 жылдың желтоқсанында ойластырдық. Бұған бірнеше жағдай себеп болды. Мен акциялар мен пайдалы әрекеттер туралы әр адамға бөлек айтумен тым көп уақыт жұмсайтынымды сездім. Сонымен бірге «Kaspi бонустарын» қалай қолма-қол ақшаға аударуға болатынын білдім. Банк бұл мүмкін емес деп айтады. Сонда Әселге өзімнің каналымды ашқым келеді деп айттым. Біз бірінші посттарды жазып, жобаны 2020 жылғы 12 қаңтарда бастадық.

Мен бала кезімнен керекті ақпаратпен бөліскім келетін, пайдалы нәрселер туралы айту мен үшін қажеттіліктей.


«Арзандау Қазақстан» жобасы туралы


Каналды алты адам жүргізеді. Мен редактор ретінде, әйелім саналы шабыттандырушы, чаттың екі модераторы. Сонымен бірге менің екі ағам күнде сайттардан біздің тақырып бойынша ақпаратты іздейді. Төртеуіміз Астанадан, тағы екеуі Қарағанды мен Алматыдан.

Жоба Қазақстандағы қымбаттап бара жатқан өмір мәселесін ішінара шешуге көмектеседі. Біз адамдармен ұнататын заттарды алу үшін қолданатын кэшбек, қаржылық лайфхактар, промокод, акциялар түріндегі біліммен бөлісеміз.

Біз үнемдеуге үйретпейміз, арзан тауарларды сатып алуды үндемейміз. Одан гөрі бағалар өсіп бара жатқанда үйреншікті бір нәрселер мен қызметтерді аз бағаға сатып алу туралы айтамыз.

Біз үнемдеуге үйретпейміз, арзан тауарларды сатып алуды үндемейміз


Жеті сайын бақылау негізінде біз контент жоспарын әртүрлі, пайдалы, қызықты етіп құрастырамыз. Сондай жолмен жоғары құштарлықты қамтамасыз етіп, жазылмандарымызды жалықтармай, легті тығындамаймыз.

Біз тақырымызбен байланысты барлық нәрсе жайында жазамыз: карталар, кредиттер, депозиттер, саяхаттар, қаржылық сауаттылық бойынша мақалалар мен лайфхактар. Ақпарат шынымен пайдалы болса ғана жариялаймыз. Біз көргеннің 95%-ы арнада шықпайды.

Біз айналамызға пайдалы болғанымыздан рақаттанамыз. Екі жылда арнаның бекітілген хабарламасында жазылмандарымыз бен бізге үнемдеуге және күнделікті шығындармыздың іс жүзінде барлығын қамтитын көп басылымдарды жинадық.

Пайдалы болып қалу мен жаңа бағыттарды іздеуді мақсат етеміз. Таяуда біз инвестициялар тақырыбында бірнеше жазбаларды шығардық. Жақын арада бизнесті ашуға мемлекеттік гранттарды тарту туралы айтып береміз.

Өз бюджеті мен лафхактар туралы


Біз арнада жариялатын ақпараттың барлығын қолданамыз. Бізге банктің карталарындағы жоғары кэшбектер үнемдеуге көмектеседі. Супермаркеттерде сатып алу үшін бар картаны, киім мен аяқ-киімді алу үшін басқа, әуе билеттерін алуда үшінші картаны қолданамыз. Солай біз бәрібір алатын заттан 5-10% сақтай аламыз.

Адильхан Сапаргалиев.jpg

Сонымен қатар біз ай сайын коммуналдық қызметтер мен үйдегі ғаламтор төлемдерінің 10%-ын қайтарып аламыз. Бюджетті банктік қосымшалардағы көшірімдер арқылы жүргіземіз.

Келесі бірнеше лайфхактар жайында толықтай арнадан біле алуға болады:

— сіз супермаркеттер мен дәріханалардағы әр чек үшін 3%-дан 30%%-ға дейін кешбэк ала аласыз

— «Отбасы банкінде» ипотека немесе өз қаражатыңызға медициналық қызметтерді алған болсаңыз, жалақыңыздан ұсталатын салықты азайту мүмкіндігі бар

— ПТР тестін тегін тапсыруға болады

— несиені мерзімінен бұрын ішінара өтеу жағдайында ай сайынғы төлем сомасын емес, несие мерзімін қысқарту тиімдірек

— мемлекеттен сыйақы ретінде жыл сайын 122 520 теңге алуға болады, ол «Отбасы банктегі» депозитке есептеледі

— 4 пен 17 жас аралығындағы балалар бірқатар спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін бара алады.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.