Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, елордалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқанын өткізуде. Науқан барысында ұйымдастырушылар полиэтиленді пакеттердің зиянды әсері туралы халық арасында кеңейтілген насихат өткізіп, үндеу парақтарын тарату мақсатында еріктілерді тартты. Мамандардың айтуынша, орта есеппен полиэтиленді пакеттер 20 минут пайдалынылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейін мерзімді қамтиды. Қазіргі уақытта 40-қа жуық елде полиэтиленді пакеттердің айналымын төмендетіп немесе қолдануға тыйым салған.
Дерек көзі: 24.kz