facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanaly-grafika-dizayner-ansha-tabys-tabatyny-zh-ne-ansha-zh-msaytyny-zhayynda
logo
Астаналық графика дизайнері қанша табыс табатыны және қанша жұмсайтыны жайында

31.03.2023

Астаналық графика дизайнері қанша табыс табатыны және қанша жұмсайтыны жайында

Біз график дизайнермен сөйлесіп, оның табысы туралы білдік.


Қуаныш Аманғали, 21 жаста, қаласы — Астана, дизайнер, кәсіпкер, @jedikuna

Куаныш А

Өзі жайлы

Мен Орал қаласында дүниеге келдім. Графикалық дизайнер болып жұмыс істеймін және «Sapa» —дизайн студиясы мен мектебімді дамытудамын.

Менің мақсатым — ТМД-дағы ең мықты дизайн мектебін құру. Дәл қазір әлемнің тоғыз елінен 80 адамға сабақ беріп жатырмын. Негізінен олар — шетелде тұратын қазақстандықтар. Осы уақытқа дейін 400-ден астам адамға дизайн үйретіп үлгердім.

Табыс көзі

Өз бетімше дизайн жасап жүргенде, ең көбі айына 2 000 000 теңге, яғни 4 300$ алатынмын. Қазір дизайн студиясын менеджер басқарады.

Мектебімнің 2023 жылдың қаңтарындағы табысы 20 000 000 теңгені — 44 500 долларды құрады, одан менің таза табысым 3 000 000 теңге — 6 650 доллар болды. Одан бөлек, студия үшін орындайтын жеке тапсырыстардан да табыс табамын.

Otbasy Bank-тен депозит аштым, бірақ олардың несие шарттары ұнамады. Қазір мен басқасын іздеп жатырмын.

Бір танысым аз жұмсауға тырыспай, керісінше, көп ақша табудың жолын іздеуге кеңес берді. Содан бастап маған инвестициялау идеясы ұнап, кірісімнің 20%-ын криптовалютаға салуды жоспарлап жүрмін.

Ай сайынғы шығындар

Ай сайын ақшамды пәтер жалдауға, тамаққа, таксиге және жеке көмекшімнің айлығын төлеуге жұмсаймын.

Менің ай сайынғы шығындарым төмендегідей:

— азық-түлікке шамамен 200 000 теңге — айына 444$

— пәтер жалдау үшін 250 000 теңге — айына 550$

— ассистенттің жалақысы — 50 000 теңге — айына 110$

— шаш қию — 13 000 теңге — айына 29$

— таксиге — 45 000 теңге — айына 100$

— ойын-сауық пен күнделікті ұсақ шығындар — 400 000 теңге — айына 890$.

Оған қоса несие төлеймін, ол айына 160 000 теңге, яғни 355$.

Мегаполисте жайлы өмір сүруге арналған лайфхактар

Мен бюджеттімді жазып отырмаймын, оны көмекшіме тапсыруды жоспарлап жүрмін. Мен күн сайынғы шығындарымды есептеуге тырысып көрдім, бірақ барлығын, әсіресе ұсақ-түйекке дейін есептеп жазып жүру қиынға соқты.

Үлкен қалада тұратындарға кеңес: азық-түлікке тапсырысты Kaspi дүкенінен беріңіз. Себебі апталық азық-түлік сатып алуға көп уақыт кетеді. Сондықтан онлайн тапсырыс беріп, үнемделген уақытты жұмысқа, өзіңізді дамытуға немесе жақын адамдарыңызға жұмсау әлдеқайда тиімді.

Тамаққа, жеке күтімге және киімге үнемдемеңіз. Бір айда тозатын арзан затты сатып алғанша, бірнеше жыл киетін сапалы әрі қымбат киім алған әлдеқайда арзанға түседі. Теріңізді бүлдіріп, емделуге ақша төлегенше, жоғары сапалы косметика сатып алған дұрыс. Бар ақшаңызды тіс дәрігеріне жұмсағаннан гөрі, тісіңізге сапалы паста, т.б. құралдар сатып алып күтінген жөн.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда кадр нарығы қалай дамуда: танымал мамандықтар мен үміткерлерге қойылатын талаптар
Қазақстанда кадр нарығы қалай дамуда: танымал мамандықтар мен үміткерлерге қойылатын талаптар
Қазақстандағы Сәтті жұма туралы не білу керек
Қазақстандағы Сәтті жұма туралы не білу керек
Зерттеулердің маңыздылығы және қазақстандық ғылымның дамуы туралы
Зерттеулердің маңыздылығы және қазақстандық ғылымның дамуы туралы
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
10 ең әдемі қазақ халық әндері
10 ең әдемі қазақ халық әндері