La Tartine французская наубайханасы
Адрес: Достық к., 8/1, Forte Bank
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 08:00 — 19:00
Орташа чек: 2000 тг
Forte Bank-тің бас кеңсесіндегі La Tartine — жай ғана дәмді тамақтану орны ғана емес, сонымен қоса work cafe. Яғни, мұнда адамның кофе іше отырып, жұмыс істеуіне, кездесу немесе келіссөз өткізуіне мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалған. Бұл жерде тегін Wi-Fi, ешкім кедергі келтірмейтін үлкен кеңістік, сондай-ақ оқшауланған аймақтары да бар.
Әлбетте, La Tartine-ге тәтті француз нан өнімдерін, десерттер, сэндвичтер, пицца, ыстық тағамдар мен басқа да көптеген тағамдардан дәм тату үшін келуге болады.
Байланыс телефоны: 8 705 294 72 22
Жарнама құқығында
Hot Spot қалалық дәмханасы
Мекен-жайы: Кенесары к., 63
Жұмыс кестесі: ЖС-БС 10:00 — 00:00, ЖМ-СН 10:00 — 02:00
Орташа чек: 2000 — 3000 тг
Hot Spot-та таңертеңгі 10-нан 16, 17-ге дейін тыныш әрі жайлы жерде компьютермен жұмыстануға немесе кітап оқуға болады. Бұл жерде бір-екі адамға арналған кішкентай үстелдер мен олардың жанында ток көзі бар.
Байланыс телефоны: 8 778 888 52 58
Traveler’s Coffee
Мекен-жайы: Қонаев к., 12
Жұмыс кестесі: 08:00 — 00:00
Орташа чек: 2500 — 4000 тг
Traveler’s Coffee екі қабаттан тұрады, екінші қабаты тыныш, себебі онда шуылдаған кофе машиналары мен кіріп шығып жатқан келушілер жоқ. Сағат 15-тен 17-ге дейін кофеханада келушілер аяғы басылады және белсенді түрде жұмыс істеуге болады. Оның үстіне мұнда кофе мен тәтті тағамдардың мол таңдауы бар, сондай-ақ таңғы ас күні бойы беріледі.
Байланыс телефоны: 8 747 941 57 10
«Министерство Кофе»
Мекен-жайы: Қонаев к., 35
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 09:00 — 00:00, СН 10:00 — 00:00, ЖС 11:00 — 23:00
Орташа чек: 2500 — 3000 тг
«Министерство кофе» қаламызда кофе сусындарының әртүрлілігімен және жайлылығымен танымал. Бұл жерде кездесу белгілеп немесе оңашаланғыңыз келсе, мұнда адам аз болатын кез, 14:00-ден 18:00-ге дейін келгеніңіз жөн. Кофеханада жақсы Wi-Fi бар және кішкене немесе ұзын үстелдердің жанында ток көз бар.
Байланыс телефоны: 404 414
Marrone Rosso
Мекен-жайы: Достық к., 9, «Керуен» СОСО
Жұмыс кестесі: ЖС-ЖМ 09:00 — 00:00, СН 09:00 — 01:00
Орташа чек: 5000 тг
Іскерлік және достық кездесулер үшін астаналықтардың сүйікті орнына айналған, сондай-ақ компьютермен немесе қағаздармен жұмыс істеуге арналған жайлы орын. Бір-екі адамдық үстелшелер мен барда жұмыс ісеуге болады. Marrone Rosso-да өз ісіңізбен айналысқыңыз келсе, ыңғайлы әрі тыныш уақыт 9-дан 12-ге дейін және 17-ден 20-ға дейін болмақ.
Байланыс телефоны: 575 222, 446 399
The Kofe
Мекен-жайы: Иманов к., 13, «Нұр-Сәулет 2» БО, 1 қабат
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 08:30 — 18:30, СН-ЖС — демалыс
Орташа чек: 2000 тг
Бизнес-орталықта жұмыс істейтіндерге және үйреншікті орнын ауыстырғысы келетіндерге арналған керемет орын. Кофе ішіп, түстеніп, өз көңіл-күйіңізді көтересіз әрі жұмысқа ден қоя аласыз. 15:00-ден 18:30-ға дейін келіп, жұмыс істеуге болады.
Байланыс телефоны: 8 708 663 57 63, 8 747 310 86 55
Ma famille француз кондитерлік дүкені
Мекен-жайы: Кенесары к., 30
Жұмыс кестесі: ДС-ЖС 08:00 — 00:00
Орташа чек: 2500 тг
Астанадағы таңғы 8-ден түскі 12-ге дейінгі уақыт аралығындағы өз жұмыстарыңызды реттеп алуға болатын ең жайлы орындардың бірі. Кез келген жақсы кондитерлік дүкендегідей мұнда сіз тәтті нан және торттан дәм тата аласыз.
Байланыс телефоны: 8 771 517 71 71