Әлия Ахметова, 33 жаста, туған қаласы — Астана, Hey, baby негізін салушысы
Инна Филипович, 33 жаста, туған қаласы — Астана, Hey, baby бас директоры
Hey, baby киім маркасы неден басталды
Әлия. Мен бұрын жұмысқа қабылдау бойынша ұжымдық секторда жұмыс істедім, өз мансабымды құрдым, бәрі оңынан болды. Кейін тұрмысқа шығып, бала күтімі бойынша еңбек демалысына шықтым. Сонда жұмыс істейтін әйелдердің әдемі әрі заманауи көрінгісі келетінін түсіндім, ал бұл елімізде әлі қолға алынбаған. Мен осы жұмыспен айналысуға тырыстым. Ісімізді құрбым Роза екеуміз бастаған болатынбыз, ол егіз балаға аяғы жүкті болып, оның үстіне оған дейін екі баласы болған соң жарты жылдан кейін жобамен айналысуын тоқтатты. Ол төрт баланың анасы атанғанда біздің серіктестік жолымыз екіге айырылды.
Содан соң адасып қалғандай болдым, ары қарай жалғастырайын ба немесе бәрін ұмытып кетейін бе деп бір шешімге келе алмай жүрдім. Алайда, ештеңеге қарамастан бұл істі жалғастырдым.
Бәрі де қарапайым басталды: киім үйде тұратын, қыздар келіп, киіп қарап, керегін сатып алатын. Содан соң кішкентай қойма бөлмесіне, кейін Астананың шығармашылық аудиториясымен: визажистер мен фотографтармен бөлісетін work shop бөлмелерге де ауыстым. Онда стилист Марина Кэмпті жолықтырдым, ол екеуміз бір мектепте оқыған едік. Жолымыз тағы да тоғысып, бірге жұмыс істеудің қызықты болатынын түсіндік. 2015 жылдың күзіне қарай 20 must have стилистті дайындадық. Ол адамдарға өте қатты ұнады, бәрі бірден сатылып кетті. Бұған дейін Махаббат Есенмен жұмыс істегеніміз бар еді, біз оған үлкен авторлық жолақты әзірледік, ол да табысты болған еді. Маринамен де жұмыс істеуді жалғастырдық.
2015 жылы Инна жақсы жұмысын тастап, маған көмектесемін деп шешті. Ол кезде уақытша сияқты көрінген еді. Сөйтіп, Hey, baby жобасында төртеу болдық. Тағы бір құрбымыз Наталья, Мәскеуде, ол маркетингпен айналысады. Наталья — Мәскеуде, мен, Марина және Инна — осындамыз. Біздің командамыз осылай құрылды.
Тағы бір құрбымыз Наталья, Мәскеуде, ол маркетингпен айналысады. Наталья — Мәскеуде, мен, Марина және Инна — осындамыз
Инна. 30 жастан кейінгі ұжымдық еңбек өтіліне қанағаттанбадым. Мен қандай көмек әкеленетінімді білмедім. Әлия мен Марина 20 must have жасап шығарды, маған ұжымдық салада осы жетіспейтін еді.
Әлия жүкті екенін білгенде менің үйіме келді, оған жұмысты жалғастырудың қиын болатынын түсіндім. Сондықтан, бір күні арыз жазып жұмыстан шықтым. Келесі күні Әлия маған жұмыстың неден тұратынын, мата шығыны мен өнідіріс бойынша экономиканы түсіндірді.
Жұмысқа кіріп, fashion-көрме, көрсетілімдерге қатыса бастадық. Бәрі де тез дами бастады. Бізге қаржы табу, жаңа маталар алу, базар іздеу керек болды. Бес-алты айдан кейін Қытайдың Гуаньчжоу қаласына бардық. Кейін Дубайдың мата нарығын зерттей бастадық. Қазір ол да жоспарымызда бар. Әр жаңа коллекцияға жаңа маталарды көбірек сатып алатынбыз, байланысты. Себебі, ешқайсысымыз кәсіби дизайнер, тігінші емеспіз. Біз шығармашылық тұлға ретінде көрінуге емес, бизнес құруға келдік.
Біз шығармашылық тұлға ретінде көрінуге емес, бизнес құруға келдік
Үлкен қаладағы іскер әйедің мәселелерінің шешімін табамыз. Барлық масс-маркет түстерді де, әйелдердің сымбатын да ескермейді. Сондықтан, әйелдер киім сатып алады да, оны қайда, немен үйлестіріп киерін білмейді. Марина түсті жақсы үйлестіреді. Сондықтан, мата сатып алғанда онымен бірге таңдаймыз, ал Әлия бізбен қашықтықтан жұмыс істейді.
Hey, baby деген не
Әлия. Алғашқы серіктесім осы атауды — Hey, baby ұсынды. Киім арқылы әйелге өзін тартымды сезінуге, өзін табиғи қалпында жақсы көруге көмектесеміз. Бір жағынан қазір — әйелдер ғасыры, екінші жағынан — әйел өзіне көп жауапкершілік алады. Ол супермашина: үйде — жақсы ана, әйел, келін, жұмыста — нәтижелі қызметкер. Және ол әлеуметтік тұрғыдан дамып, ілгерілегісі келеді, премьераларға қатысып, достармен араласып, соңғы жаңалықтардан хабардар болып, жақсы көрінгісі келеді. Сондықтан өмірдің маңызды сәттерінде бәрін жіберіп, демалуға болады. Біздің әйелдер жақсы өмірді жиі жағдайда кейінге қалдырып жатады. Біз осы жерде және дәл қазір өмір сүруге шақырамыз.
Біз осы жерде және дәл қазір өмір сүруге шақырамыз
Киімдеріміз сатып алушыларға ғана емес, оны жасайтындарға да пайда мен қуаныш әкеледі. Бұл салаға қызығатындардың барлығы — әйелдер: тігіншілер, конструкторлар, сатушылар. Егер бренд болмаса, осы адамдар да, жетістіктер, кәсіби өсу де болмас еді. Мақсатымыз — коммерциялық, ұйымның жұмыс істеуі үшін істің пайда әкелуі шарт. Біз үшін еңбек жағдайын жақсарту маңызды. Мысалы, Алматыда жақында конструкторлық бюро мен шоурум ашпақпыз. Біз кеңістікте адамның өзін қалай сезінетінін көп ойластырғандықтан да жөндеу жұмыстарымыз ұзаққа созылып кетті. Себебі, сегіз сағат жертөле бөлмесінде отыру, өте ауыр еңбек. Сондықтан, әйел серуендеп, денесін сергітуге мүмкіндік алуы тиіс.
Инна. Hey, baby — өмір салты. Маған өмірдегі динамика ұнайды — мұнда ол бар. Бүгін мен Дубайдағы қоймада мата орамдарын орап тұруым мүмкін, ал ертең fashion-көрмеде әдемі киініп, адамдармен араласып, фотосет ұйымдастырып тұруым мүмкін.
Hey, baby — өмір салты
Заманауи бизнестің қиындықтары
Инна. Алғашқы қиындық — бұл елімізде жақсы тігіншілердің аздығы. Сәйкесінше, олардың бағасы да жоғары, ал бағасы әрдайым сапасына жауап бермейтін сияқты. Екіншісі — маталар. Себебі, Қазақстанда шикізат бар, өндіріс жоқ. Бәрін шетелден сатып алуға тура келеді. Осыдан теңгенің курсына тәуелді боламыз.
Қазақстандағы көптеген процестер «бұлыңғыр» түрде орындалады. Біз тек «ақ» бухгалтерияны қолданамыз. Соңғы кезде ресми құжаттар бермейтін контрагенттермен қарым-қатынастан бас тартып жүрміз.
Өмірде сенделуге, алға ұмтылуға, құлауға, аяққа тұруға, қайта сергелдеңге түсуге, қайта ұмтылуға, қайта құлап, қайта тұруға болатынын есіңізден шығармаңыз
Тағы бір қиындығы — онлайн-сауда. Әлия брендті құрған кезде оның бастапқы идеясы — интернет-дүкен болатын. Бірақ, біздің әйелдер дәстүрлі сауданы ұнатады, олар ұстап, киіп көруі керек, ол да дұрыс шығар. Біз әйелдердің онлайн саудаға деген көзқарасын өзгерткіміз келеді, сондықтан сайтпен жұмыс істейміз, оны жаңартып отырамыз. Мұнда тағы бір мәселе туындайды — төлем карталары. Көптеген әйелдерде, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлерде онлайн төлем қызметі жоқ базалық карталар болады. Оларға бұған рұқсат алу үшін банкке хабарласу немесе бару керек. Ал бұл сатып алу процесін қиындатады да, әйелдер бұдан бас тартады.
Әлия айтқандай, екінші нүктемізді Алматыдан ашқалы жатырмыз, ол жерде үлкен қызметтер бар. Ол үшін несие алдық, мемлекеттен берілетін субсидиялау. Біз жасайтын көптеген нәрселер — біз үшін жаңа дүниелер, сондықтан тәжірибеде үйреніп жүрміз.
Біздің шоурумнан кетіп бара жатқан бақытты әйелді көргенде немесе жақсы пікірлер оқығанда күйзеліс сәттері мен шаршағаныңның бәрі жойылады.
Әлия. Ақша болмай, қызметімізге, жалақыға жетпей жатқан және нашар маталар келген кездер, жеткізуші алдап кеткен де, дизайнер басқа логотиптің суретін салып қойған кездер де болады. Бұл кездерде күлеміз де, алға қарай жүре береміз.
Қалай бірге жұмыс істеуге болады
Әлия. Адамдардың негізгі құндылықтары бірдей болуы тиіс. Себебі, маған ұнайтын нәрсе басқа біреуге ұнамаса, бірге алға баса алмаймыз. Біз заттарға түрлі қырынана қараймыз, алайда құндылықтарымыз ортақ.
Біз ортақ іс құрамыз. Иннасыз бәрі тоқтап қалуы немесе жойылуы мүмкін еді. Барлық қызметті орындайды, бірақ ол оның жауапкершілік аймағына жатады, мен одан нәтиже күтемін.
Қандай да бір істі бастамас бұрын кіммен жұмыс істейтініңді түсіну керек
Инна. Біз қай жерде жол беру керектігін түсінеміз. Сосын жеке қасиеттеріміз бар: Әлия — күшті дипломат, ал мен — эмоционалды адаммын. Мен эмоция арқылы көптеген нәрселерді шешемін, бірақ тез орындаймын, ал Әлия стратегиялық тұрғыда жақсы ойлайды. Төтенше жағдайларда мен серіктесімнің осы қасиеттеріне арқа сүйеймін. Серіктес болуда адамға сенуге, оған арқа сүйеуге мүмкіндіктің болуы маңызды. Әлияға отбасына көңіл бөлу қажет болғанда ол жұмыста не болып жатқанынан тәуліктер бойы хабарсыз болуы мүмкін, бірақ ол менің істі орта жолда қалдырмайтынымды біледі. Немесе қаржы — Әлияның жауапкершілік саласы болғандықтан, маған жедел ақша керек болғанда мен де оның қиын кезде көмектесетініне сенемін.
Қандай да бір істі бастау үшін, біріншіден, кіммен бастау керектігін түсіну қажет. Тек жақсы құрылған топ қана компанияны табысқа жеткізеді. Кеңес кезінде де : «Кадрлар бәрін шешеді»деп айтатын еді ғой. Кейін іс құрудың қиын екенін түсінесің, себебі дұрыс адамдармен кез келген бизнесті құруға болады.
Әлия. Инна екеуміздің ақшаға деген көзқарасымыз бірдей, бұл біз үшін негізгі мақсат емес. Басқа да адамдар секілді ақшаны жақсы көреміз, оған әдемі көйлек сатып алуға болатынын, курортта демалуға болатынын білеміз. Алайда, бұл үшін өзіңді сатып, өзің қаламайтын адам болудың қажеті жоқ деп есептейміз.