Евгения Темирбаева, 35 жаста, туған қаласы — Павлодар, негізін салушы
Нұрила Сүлеймен, 23 жаста, туған қаласы — Астана, тең негізін салушы
Елена Ольмез, 34 жаста, туған қаласы — Санкт-Петербург, креативті директор
Bloomerang неден басталды
Евгения. Басында кесілген гүлдермен айналысатынмын. Ғаламтордан шабыт іздеп, флорариумдарға тап болдым. Ол кезде Қазақстанда ешкім айналыспайтын болып шықты, ал Ресейде бұл қарқынды түрде дамып жатыр екен. Алғашында Ресейден дайын қалыптар сатып алып, Instagram парақшасын жүргізе бастадым. Алдымен, бұл гүлдер блогы болатын, кейін аккаунт флорариумдар мен суккуленттерге бағыттала бастады.
Осы парақша арқылы Нұрила мені тауып алды. Оның да қызығушылығы бар екен. Оның үстіне ол қалыптарды өз бетімен дайындағысы келді. Содан бері басқа арнаға түстік. 2016 жылдың қарашасынан бері көрмелер, жәрмеңкелерге қатыса бастадық, ал 2017 жылдың қаңтарынан бастап шеберлік сыныптарын өткізе бастадық, солардың бірінде Ленамен танысқан болатынбыз.
Нұрила. Үлкен қалада кез келген адам топырақ қазып, гүл отырғыза бермейді, ол үшін арнайы материалдарды сатып алу да қажет болады. Ал біздің шеберлік сыныптарымызда олар гүлге қарауды, композиция құруды үйренеді және бір уақытта демалады.
Евгения. Биылғы жылдың басында біз флорариумдар жасай бастадық. Бізде өндірістің толық циклі жүретінімен мақтанамыз.
Нұрила. «Халықаралық құқық» мамандығын аяқтадым, алайда 2014 жылдан бастап үй интерьері бұйымдарымен әуестенемін. Женяның аккаунтын көргенде бірден оған хабарластым.
Бұрынғы «Дон Бутон» атауын Bloomerang деп өзгерттік. Бұдан кейін адамдардың жобамызға деген қызығушылығы арта түсті. Бұл заманауи атау, жақсы естіледі және есте жақсы сақталады. Ағылшын тілінен аударғанда bloom — «гүлдеу» дегенді білдіреді. Біз жақсылық жасап, сыйлық сыйлау керектігін және оның қайта айналып келетіні туралы идеяны көрсеткіміз келді.
Тобымызға Лена келісімен-ақ, композициямыздың түсі, тарихы, қосымша пішіндері пайда болды.
Евгения. Лена жобамызға екпін мен ерекшелік қосты.
Нұрила. Алғашында әрқайсысымызда нақты міндеттер болған жоқ. Бірақ, қазір көлем артқаннан кейін міндеттер белгілене бастады. Біз қолымыздан жақсы келетінін ғана істейміз. Женя әйнек кесу шебері, ал мен қалыпты дәнекерлеумен айналысамын. Лена композициялар құрады, гүлмен айналысады, сонымен қатар болашақ қалыптар мен пішіндердің 3D-макеттерін полимерлі балшықтан дайындайды. Алайда, біз әрқайсысымыздың флорариум дайындау процесін бастан-аяқ білгенімізді қалаймыз.
Елена. Флорариумдармен екі жылдан астам уақыт әуестенемін. Алғаш рет мұнымен өзімнің Гавай аралдарында тұратын америкалық достарымның арқасында таныстым. Оларда суккуленттер өсіретін бақ бар. Кейін флорариумдердің танымалдық кезеңі өтіп кеткен Стамбулда отбасыммен бірге тұрдым, алайда онда концепт-сторларда әлі де сатылады.
Қалай бірге жұмыс істейді
Нұрила. Бізге бірге жұмыс істеген ұнайды. Біз бір-біріміздің идеяларымызды қодаймыз.
Елена. Біз бір-бірімізді алыс қиялдан шынайы өмірге қайтара аламыз.
Евгения. Жас айырмашылығымызға қарамастан, арамызда ешқашан кикілжіңдер болған емес. Келісімге келуге тырысамыз.
Елена. Женя екеуміздің отбасы, балаларымыз бар және уақытымыздың бір бөлігін соларға бөлеміз. Сондықтан, бір-бірімізден таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін шеберханада отыруды талап етпейміз. Жұмыс кестеміз еркін, уақыт болса, жиналып brainstorming өткіземіз, міндеттерді жазып, оларды орындаймыз.
Bloomerang бұл — тәуліктің қай уақыты екеніне қарамастан айналысқың келіп тұратын сүйікті ісіміз
Евгения. Ең бастысы, Bloomerang — уақытқа қарамастан айналысқымыз келетін сүйікті ісіміз. Бұл жоба бізге достар, жаңа таныстар мен қарым-қатынас сыйлады. Біз командамыз.
Флорариумдар қалай жасалады
Елена. Композиция құрмас бұрын макетін жасау керек, себебі бір әйнегі өлшемі бойынша сәйкес келмесе, қалып жиналмайды. Біз стандартты қалыптарды да, эксклюзивті, нақышталған, түрлі-түсті әйнектерден қалыптар жасаймыз.
Содан кейін әйнек кесу процесі басталады. Біз қалыңдығы үш түрлі: 1,2 мм, 1,5 және 2 мм әйнектерді қолданамыз.
Женя әйнек кесіп болған соң оны өңдеп, майсыздандыру қажет. Және оны бал фольгасына бекіту керек. Содан кейін қалыпқа жинақтап, оны дәнекерлеуге ыңғайлаймыз.
Нұрила дәнекерлеп болған соң қалыпты жуып, патинирлеу керек және тағы бір рет жуылады. Осыдан кейін қалып ішіне композиция құру үшін дайын болады.
Евгения. Суккуленттер ұзақ өседі, сондай-ақ олардың бойын флорариум қалыбы мен дұрыс күтім ұстап тұрады. Біздің кеңесімізді сақтағанда ғана бұл вазалардағы өсімдік бір жарым-екі жыл ауыспастан тұра алады. Ауыстыру қажет болғанда адамдар қайтадан біздің көмегімізге жүгіне алады. Жаңа қалыпты таңдап немесе құмыраға ауыстыра аласыз, ал босаған формаға жаңа композиция құруға болады.
Қазір еңбек демалысы мезгілі, және егер клиентіміз екі аптадан көп уақытқа бір жаққа кететін болса, біз оның өсімдігіне қарайлауға дайынбыз.
Заманауи бизнестің қиындықтары
Евгения. Өз қалаң үшін жаңа нәрсе істей бастағанда ең қиыны — мұның не екенін және оның не үшін қажет екенін түсіндіру мен халыққа таныстыру, оны таныту. Басында адамдар өнімнің бағасы неден тұратынын түсінген жоқ. Адамдар қарайды да, ойлайды: «Әдемі, креативті, алайда бұл тек әйнек пен өсімдік».
Елена. Бұл іс хобби ретінде басталды, одан ешкім де пайда көздеген емес. Енді қазір бизнеске айналды, оның өз тасбысы мен шығындары бар.
Қазақстан нарығының ерекшелігі мұнда өте арзанын немесе өте қымбатын жақсы көреді. Сондықтан, біздің кішкентай құмыраларымыз арзанды қалайтындар үшін, ал флорариумдар қымбатты алғысы келетіндерге арналған.
Қазақстан нарығының ерекшелігі мұнда өте арзанын немесе өте қымбатын жақсы көреді
Және қазақстандықтар жеке түсіндіргенді ұнатады. Қазақстан прогресінің қозғаушысы — ерлер деп ойлаймын, олар жаңа нәрселермен танысуға қатты құмартады.
Қазақстандағы көптеген шеберлер клиент тарапынан сенімсіздікке жолығады. Қазір адамдар қол еңбегін зауыттыкіне қарағанда төменірек бағалайды.
Bloomerang деген не
Нұрила. Біз өз флорариумдарымызды алдымен сыйлық ретінде көрсетеміз. Себебі, бұл бірнеше күндер ішінде солып қалатын, құмырадағы жай гүлдер емес. Бұл ұзақ уақыт бойы көз қуантып, өзіне назар аудартып, жайлылық сыйлайтын нәрсе.
Жұмысты бастағанымызға жарты жылдан астам уақыт болды, және адамдар да брендімізді танып келеді.
Елена. Біз Қазақстан нарығына жаңа бір нәрсені енгізгіміз келеді.
Жоспар туралы
Елена. Біз тек флорариумдармен шектеліп қалмаймыз, басқа да бағыттарды дамыта түсеміз. Алайда, оның бәрі үй интерьері аясында болмақ.