БІЗ «Евразия» сауда орталығының коммерциялық директорымен оның даму стратегиясы мен жетістікке жету жолы және клиенттермен жұмыс істеу ерекшеліктері жайлы әңгімелестік.
Ростислав Симонов
26 жаста, туған қаласы — Мариуполь, Украина, «Евразия» сауда орталығының коммерциялық директоры
Компания: «Евразия» СО
Қызмет саласы: коммерциялық жылжымайтын мүлік
Салынған жылы: 1998
Базардан кинотеатрға дейін: уақыт өткен сайын «Евразия» қалай өзгерді
«Евразия» бұл — Астанадағы ең алғашқы ірі сауда орталығы, қазір үш бөлікке бөлінген: «Евразия-1», «Евразия-2» және «Евразия-3». Орталық көптеген өзгерістерге ұшыраған. Басында ол контейнер орталығы болған, одан кейін мұнда құрылыс базары болды. Бірінші «Евразия» 1998 жылы, екіншісі — 2004 жылы және үшіншісі — былтыр ашылды. Олардың әрқайсысы орталықтың даму баспалдағын, сонымен қатар Астанадағы сауда мәдениетінің қалай өзгергенін көрсетеді.
Бірінші «Евразияның» негізін азық-түлік деп атауға болады. Азық-түлік бөлімінде біз баға мен сапаны сәйкестендіреміз. Мұндағы жалға алушылар кез келген сатып алушының қалтасы көтеретін зор таңдау мен балғын өнімдерді сатып алуға мүмкіндік жасайды. Бұл орайда біз қазір қаланың ең ірі базарлары мен супермаркеттерімен бәсекелесе аламыз.
Екінші «Евразия» бастапқыда құрылыс материалдарын сататын пункт болатын. Қазір бұл жерден үйге арналған тауарларды табуға болады. «Евразия-2» - ні келешекте үлкен өзгерістер күтіп тұр және онда жақында көптеген желі ойыншылары пайда болады.
«Евразия-3» бұл — сауда жасаудан бөлек ойын-сауықты қажет ететін бүгінгі сатып алушылардың көрінісі. Оның аумағында балалар аймағы мен фуд-корт бар.
Көктемде бізде сегіз жолды үлкен боулингі бар 600 адамға шақталған алты залды кинотеатр ашылады.
Үш зал фильмдерді 3D форматында көрсетеді, ал барлық залдардағы орындықтар фильм қарауды жайлырақ ете түсетіндей жоғарырақ орналасқан. Бұл Астанадағы басқа кинотеатрлардан қалыспайтын, біздің ауданымыздағы жалғыз кинотеатр болмақ, алайда біз оны қолжетімді етіп жасаймыз. Сондай-ақ, IceClub жабық мұз айдыны жақын арада сыртта да жұмыс істейтін болады. Ал жазда оның орнында роллердром жұмыс істейді.
«Евразия» неліктен енді базар емес
Өкінішке орай, көпшілік біздің орталығымызды базар деп ойлайды. Көбісі осы уақыт аралығында болған оң өзгерістерді байқамағандықтан немесе үшінші «Евразияда» болмағандықтан осылай айтып жатады.
«Евразияда» үш кіру тобы бар, әрқайсысынан өзінің сатып алушысы кіреді. Біреу мұнда киім алуға, ал басқа біреулер тамақ алуға келеді. Сондықтан, қазір адамдардың тек азық-түлік алып қана қоймай, киім сатып алып, фуд-кортта тамақтануына күш салудамыз. Бұл өте қиын, сонымен қоса қызықты міндет. Сондай-ақ, қазір үшінші «Евразия» арқылы бес-алты жыл бұрын сол жағалаудағы орталықтарға кеткен келушілерімізді қайтарудамыз.
Біз үшін сын-тегеурін болып саналатындардың бірі бұл — маркетинг
Бізге әлі күнге дейін дұрыс жүрістерді көре алатын аға маркетологты табу қиынға соғып тұр. Бізге үш түрлі сатып алушы келеді, ал маркетингіміз бәріне бірдей. Сондықтан барлығы үшін жұмыс істейтін шешімдерді табу қажет. Бізбен жұмыс істегендердің көбісі стандартты жүрістерді ұсынды. Мысалы, бірінші «Евразияда» Zara бутигін ашу. Әрине, көп жағдайда бұл іске асатын еді, тек бұл жерде емес. Бұл орайда монолитті сауда орталықтарына маркетингтік стратегияның құру оңай.
Ең қиын шешімдер бірдеңеге қаражат салу керек пе әлде қажет емес пе, соны түсінуге байланысты. Сонымен қатар біз балалар орталығын ұзақ ойластырдық. Басында бізге карталық төлем жүйесі бар, аттракциондары жасөспірімдерге арналған парк келмекші болды. Алайда біз өз аудиториямызды талдай келе бізге негізінде кішкене сәбилері бар отбасылар келетінін түсініп, паркте шектеусіз уақыт өткізуіне болатын төлемі бар, үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған аймақ ашамыз деп шештік. Жер асты көлік тұрағының ашылуы да оңай болған жоқ. Бұл үшін бізге қонақтарымыздың ішінде көлік тұрағының жоқтығынан келгісі келмейтіндердің бар-жоғын түсіну қажет болды.
«Евразияға» кім және не үшін келеді
Біз тыныш ауданда орналасқанбыз, сондықтан біздің басты қонақтарымыз — отбасылар
Сондықтан, ата-аналар балалармен бірге өздерін мұнда жайлы сезінуі үшін жағдай жасаймыз. Тіпті боулингті бәрі ойнайтынына қарамастан, отбасыға көбірек есептелген.
«Евразия-3» - ті құрудағы біздің басты мақсатымыз — адамдардың Сол жағалауға нені алуға баратынын ескеріп, соны беру. Біз қонағымыздың сауда болсын, ойын-сауық болсын, балаларға арналған демалыс немесе достармен уақыт өткізу болса да, бәрін бізден таба алғанын қалаймыз.
Әрине, қазір адамдар легі толастамағандықтан ештеңе істемей отыруға да болады. Бірақ, біз нарықтың 3-5 жылдан кейін қандай болатынын болжау мен сол уақытқа дейін орталықты лайықты бәсекелестікке даярлау үшін жұмыстанып жатырмыз. Біздің көздеген аудиториямыздың саны — қаладағы 500 000 - ға жуық адам мен біздің ауданымызда тұратын 150 000 адам. Қазір біз сол адамдардың киім, аяқ киім сатып алуына, тамақтанып, жақсы демалуына күш салудамыз.
Біздің артықшылығымыз бір жердегі бәрінің қосындысы екендігімізде. Біздің сұрыпталымымыз тұтынушының мол сұранысын қанағаттандыра алады.
Бізде қаладағы ең үлкен зергерлік галерея бар
Егер адам өзіне немесе сыйлыққа әшекей бұйымдарын алғысы келсе, онда көп жағдайда «Евразияны» таңдайды.
Біздің ісіміздегі басты нәрсе — ұсақ-түйектер деп санаймыз. Сондықтан, біз үнемі сатып алушы неге дәл бізден емес, басқа жерден алды, үлкен сауда арбаларымыз жеткілікті ме, детальдардың көмегімен қонақтың мұнда жайлы сезінуі үшін қалай әрекет етсе болады деген сұрақтарды талдап отырамыз. Сондай-ақ, біз үздіксіз жақсаруға талпынамыз. Қазіргі стратегиямыздың басты пункттерінің бірі бұл — жалға алушылармен жұмысты жүзеге асыру және қонақ «Евразияда» көргісі келетін желілік брендтерді көбірек тарту.