Алдағы жылы Астанадағы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасы қолданылмақ. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының қаладағы такси қызметінің жұмысын қорытындылау туралы өткізген жиында белгілі болды.
Сонымен бірге алдағы уақытта қаладағы такси көліктері газға көшіріледі. Бүгінгі күні 150 көлікке газбалондық құрал орнатылды. 2018 жылы шамамен 500 такси автомобильдерін газға ауыстыру жоспарлануда.
Дерек көзі: www.khabar.kz