facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-sol-zha-alau-bolma-an-kezde-adamdar-ayda-bar-andy-natatyn-ed
logo
Астанада сол жағалау болмаған кезде адамдар қайда барғанды ұнататын еді

28.03.2017

Астанада сол жағалау болмаған кезде адамдар қайда барғанды ұнататын еді

Астананың он жыл бұрын қандай болғаны немесе ең алғаш бұл қалаға келген күніңіз есіңізде ме? Уақытыңызды қайда өткізгенді ұнатушы едіңіз? БІЗ Астана тұрғындарымен бұрынғы уақытты еске түсіріп, Астананың олардың жүрегінде қандай орын алатыны жайлы әңгімелестік.




Дереккөз: istory.kz


Тамара Салимова

52 жаста, туған қаласы — Жамбыл


Мен Астанаға 1986 жылы келдім. Қаладағы көптеген жерлер менің өмірімнің мағыналы бөлігімен байланысты: Желтоқсан көшесіндегі облыс прокуратурасының ғимараты, мен сабақ берген педагогикалық институт, құрбыларыммен барғанды ұнататын Орыс театры, Конгресс-холл — ескі қаланың мәдени өмірінің орталығы.


Қала өсіп, дамыды, онымен бірге мен де өстім, менің өмірге деген көзқарасым дамыды.


Дереккөз: mytravelbook.org


Мухамеджарова Жамиля

22 жаста, туған қаласы — Ақмола


Мен Астанада туып өстім, ал менің ата-анам осында, Целиноградта оқыған.


Мен үшін Астана — туған үй. Аға, әпкелерімізбен ең күшті және қымбат Cinema City кинотеатрына баратынымыз есімде. «Евразия» СҮ мен ЦУМ-ға бару бүтін бір мереке болатын. Ал «Бәйтеректі» салғанда біз ең жоғарысына тек туыстарымыз келгенде шығатынбыз.


«Целинный» шағын ауданында тұрдық, кейін жеміс түріндегі пластик орамадағы «Елка» балмұздағы мен «Телепузик» сағызын сатып алатын «Жастарға» көштік. Мен бұл жерлердің әлі күнге дейін сақталғанына қуанамын, себебі жанынан өткен сайын жылылықты сеземін.


Астана мен үшін — это Орталық саябақ пен америкалық сырғанақтар, «Самал» ауданындағы «Рамстор» супермаркеті. Астана — бірінші сыныпқа барғанда бүкіл мектеп болып су арнасындағы «Мәңгілік алау» монументіне барып гүл қою және Жағалауда бірге жиналу.




Дереккөз: ormonti.com


Мерей Мустафина

35 жаста, туған қаласы — Көкшетау


2003 жылы университетті бітірдім және диплом алысымен-ақ Астанаға келдім. Туыстарымның үйінде тұрдым. Мен тұрған ең бірінші аудан «Жастар» болды, яғни «Жастар» шағын ауданы.


Республикадағы қазір Mango дүкені орналасқан жердегі «Веселый Роджер» ғимараты есімде. Республиканы жағалай орналасқан екі сүйікті орын болатын — «Шыгыс» және «Арбат» кафесі. Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының бұрышында «Шарабонда» жалғыз боулинг болған, қазір онда Hungry Rabbit орналасқан.


Шопинг бұл — бөлек әңгіме. Қалада тек «Евразия» мен базар болған. Базар деп Уәлиханов, Сейфуллин мен Бөгенбайдағы сауда үйлерін айтып отырмын.


Мен Астанаға келгенде мұнда Сол жағалаудың белгісі де болған жоқ. Қазір мен қаланы барлық ғимараттарымен және сиволдарымен бірге Сол жағалаусыз елестете алмаймын.


Астана — өз болашағымды байланыстырған менің туған үйім.





Евгений Кугай

35 жаста, туған қаласы — Целиноград


Мен Целиноград қаласында тудым, Астанада өмір сүріп жатырмын. Негізінде, бұл екеуі екі бөлек қалалар, сондықтан шет аймақтық Целиноградтан Астанаға телепортталдым десем де болады. Бүкіл өмірімде ескі орталықта өмір сүріп келемін және бұл ауданды қаладағы ең керемет аудан деп санаймын.


Енді менің қызым да туған аулада жүгіріп жүр. Мәңгілік алау саябағына барып, Горький атындағы театрдың жанындағы көгершіндерді тамақтандырып жүр. Жалғыз қалғым келетін кездерде өзіме ыстық Орталық саябаққа ертемен кіремін. Пионерлер сарайына қарама-қарсы орындыққа отырып, күнделігімді ашып, шын жүрегімнен бірнеше жолдар жазамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
10 ең әдемі қазақ халық әндері
10 ең әдемі қазақ халық әндері
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап