«Алматы» ауданында хоккей алаңдары № 5, 27, 30, 31, 32, 57 мектептердің аумағында, сондай-ақ «Железнодорожный» тұрғын үй алқабындағы №65668 әскери бөлімнің аумағында орналасатын болады.
Сонымен қатар 25 желтоқсанда Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдынының ашылу салтанаты өтеді деп күтілуде. 26 желтоқсанда Жерұйық саябағындағы мұз айдыны ашылады. 27 желтоқсаннан бастап Президент саябағындағы қардан жасалған төбешіктерден сырғанау мүмкін болады.
Барлық саябақтарда конькиді жалға беретін пунктер мен тамақтану орындары ұйымдастырылады. Бұдан бөлек «Жастар» сарайының аумағында да мұз айдыны мен төбешіктен сырғанау мүмкін болады.
Дерек көзі: khabar.kz