Жаңажылдық шырша қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда орнатылған. "Барлығымыз да ең ғажайып мерекені асыға күтіп отырмыз. Бұл мерекені тек балалар емес, сондай-ақ, ересектер де күтеді. Бізде енді Медиа Селфи Шырша орнатылды. Оның көмегімен әлемнің түкпір-түкпіріндегі кез кедген адам Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жақындары мен туыстарына құттықтаулар жолдай алады", - деп жазды Арман Тұрлыбек Instagram желісіндегі парақшасында.
Өзіңізді жаңажылдық шыршадан көру үшін selfi.kz сайтына кіріп, құттықтауыңызды жазып, суретіңізді жүктеуіңіз керек.
Дерек көзі: Kaz.tengrinews.kz