Көркем фильм Ұлттық ұланның 2017-2019 жылдарға арналған арнайы имидждік бағдарламасын орындау аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Туындыны көпшілікке қазақстандық «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы мен «Хабар» агенттігі ұсынды. «Сол бір оқиға болған уақытта Ербол Отарбаев бар-жоғы 19 жаста болған. Ерболды үлгі ете отырып, бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Мен өз басым осынау ерлікке назарын аударған біздің Үкіметке, «Хабар» агенттігіне, «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясының басшылығына зор алғысымды білдіремін. Себебі, жауынгерлеріміздің батырлығын біз көп жағдайда ұмытып кетіп жатамыз. Ал біздің жігіттердің ерлігі - жас ұрпаққа үлгі бола білуі керек. Бүгінгі күні мен біздің әскерде ең лайықты жауынгерлер қызмет етіп жүр деп нық сеніммен айта аламын», - деді тұсаукесер алындағы баспасөз мәслихаты кезінде Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов.
Дерек көзі: kazinform.kz