Ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап Астанада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама электронды түрде беріле бастайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлім етті.
Өткен жылдың қорытындысында жүйеге талдау жасалып, анықталған кемшіліктер жаңа жүйеде ескерілген. Мәселен, бұған дейін жеңілдік санаты бар азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдау мүмкіндігі болмаған. Бұл қызмет ата-аналар үшін Білім басқармасына барып, құжат тапсыру арқылы жүзеге асырылған еді.
Басқарма басшысының айтуынша, сонымен қатар ата-ана таңдап алған балабақшасына 5 жұмыс күннің ішінде бара алмаса, онда жүйеден жолдама мерзімін ұзарту қызметін пайдалану қажет.
Дерек көзі: 24.kz