Наурыз айының 17-нен басталған көрме «Керуен» ойын-сауда орталығында 4 күн бойы жалғасатын болады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеде аталған жобадағы жеңімпаздардың суреттері мен олардың еңбегі жайлы мәлімет көрсетілген.
Аталған фотокөрмедегі суреттер 2017 жылдың 1 желтоқсанында жоба жеңімпаздарының басын біріктірген форумда, Елбасының жоба жеңімпаздарымен кездесуі барысында көрсетілген болатын.
Дерек көзі: kazinform.kz