facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-zherg-l-kt-t-r-yndar-sh-n-alany-zhat-a-b-let-nderge-arnal-an-10-yzy-ty-oryn
logo
Астана жергілікті тұрғындар үшін: қаланы жатқа білетіндерге арналған 10 қызықты орын

14.03.2023

Астана жергілікті тұрғындар үшін: қаланы жатқа білетіндерге арналған 10 қызықты орын

Егер сіз Астанада туып-өссеңіз және көп жерін жатқа білсеңіз, қайда баруға болады? Міне, бүгінгі материалымызда сіздер үшін жанға жайлы кофеханалар, боулинг және гастро-сквер жайлы ақпарат беріп отырмыз.


PINgWIN, @pingwin_bowling

photo_2023-02-28_14-25-23.jpg


Атмосферасы жайлы, қызметкерлері күлімсіреп қарсы алатын боулинг-караоке. Бейілділік бағдарламасына тіркелгеніңіз үшін арнайы бонустар беріледі. Мұнда достарыңызбен боулинг ойнап, дәмді тамақ іше аласыз.


TEMPLE, @temple.kz


Қала орталығында орналасқан коктейль-бар. Мұнда арнайы технологиямен әзірлернген бірегей коктейльдер ұсынылады. Ерекше дәмді ұнататындар үшін таптырмас орын.


«Музыкалық жас көрермен театры»

photo_2023-02-28_14-26-12.jpg


Мұнда жас театр әртістерінің қойылымдарын тамашалап, жақындарыңызбен көңілді кеш өткізуге болады. Барлық қойылым қазақ тілінде өтеді. Мұнда танымал туындылардың және тарихи оқиғалардың интерпретациясын тамашалап, таныс әндерді тыңдайсыз.


Food Park, @foodpark_astana

Screenshot_25.png


Қаладағы бірегей орын — Food Park отбасылық кеңістігі. Мұнда бес түрлі мәзір түрі ұсынылған: азиялық, америкалық, ұлттық, италиялық және Sweet Lily кондитерлік өнімдері.


Cheese Mart, @cheesemart.kz

Мұнда 100% табиғи сүттен және италиялық ашыту технологиясы негізінде әзірленген жоғары сапалы азық-түлік шығарылады. Маркет дәм күшейткіштері жоқ, ГТА-сыз және консерванттарсыз ірімшіктер ұсынады. Ірімшік әзірлеу технологиясымен де танысуға болады.


VARVAR RESTAURANT, @varvar.restaurant

varvar

Артем Марченконың The Chef Group мейрамханалар желісінің жаңа жобасы. Түрлі елдің тағамынан дәм татып, гастрономиялық саяхат жасауға болатын атмосфералық мейрамхана. Мұнда сонымен қатар ерекше десерт түрлерін және мен коктейльдердің дәмін татуға болады. Ерекше интерьер және дәмі тіл үйіретін тағамдар сізді бейжай қалдырмайды.


ART BAZA, @artbaza_ast

Screenshot_24.png

Бірнеше функцияны біріктіретін шығармашылық кеңістік: суретшілерге арналған коворкинг кеңістігі, натурадан сурет эскиз жасауға арналған орын, акварель сабағы және дәріс оқитын орын.


Qazaq Books, @qazaqbooks

tom-hermans-9BoqXzEeQqM-unsplash.jpg


Қазақ тіліндегі классикалық шығармалар ұсынатын кітап дүкені. Кітап сөрелерінен Толкиннің, Стивен Кингтің және Джейн Остиннің, т.б. туындыларын табасыз.

Дүкен «Abu Dhabi Plaza» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан.


Гастрономиялық орталық, @gastro.center

Қазақстандағы ең үлкен гастрономиялық орталық. Мұнда ұлттық тағам түрлерінен бастап, қытай тағамына дейін бар. Ғимарат екі қабаттан тұрады, мұнда тамақ сататын дүңгіршектер, мейрамханалар және гастро-корнерлер бар.


Sky Beach Club, @skybeachclubastana

Сіз білетін, бірақ әлі барып көрмеген жер. Мұнда жылдың кез келген маусымында суға түсуге болады. Тропикалық климаты әрі жұмсақ құмы жанға жайлы демалыс сыйлары анық. Жағажай аумағында балалар бассейндері және фитнес-бар орналасқан.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.