БІЗ елордамыздағы өмірді сипаттайтын 10 әзілді таптық.
Астанада «Құдалар» қонақ үйі ашылды. «Құдалар» қонақ үйі: «Балам, еденге бесеуміз жатсақ, бола ма?»
«Тұран» колледжі қаламыздың басқа жоғары оқу орындарында лайықты білім алуға шақырады.
Астанадағы Айгүл апа Гиннес рекордтар кітабына енді: ол немересінің тойындағы тілекті 1951 жылдан бері айта бастады.
Астанадағы өте сараң отбасы бейнеоператордың қызметіне үнемдеу үшін, тойын естеріне сақтап алды.
Қазақ полицей қызметкерлердің жалқау болатыны соншалық, қарақшының суретін «Бармысың, бауырым?» бағдарламасына жібереді.
Астаналық тұрғын өзінің бітеліп қалған мұрнын ломбардтан екі ай бойы қайтарып ала алмай жүр.
Астанада Серік Сәпиевті МАИ қызметкері тоқтатуға талпынды. Енді Республика көшесінде тағы бір жылдамдық бәсеңдеткіш пайда болды.
Жаңа құдалары ұнамай қалған апа шашуды бетке қарай, әрі қаттырақ лақтыратын болды.
Астанадағы жағдай: ауруханадағы кезекте туған бала бірінші сөздің орнына сұрақ қойды.
Астанадағы тілек: «Бәйтерек сияқты сымбатты бол, Оттық сияқты жарқыра және Хан Шатыр сияқты ешқашан бүгілме».
Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Жамбыл Күлдеевке алғысымызды білдіреміз.