Әуе сапарлары аптасына екі рет орындалады, яғни дүйсенбі мен бейсенбі сайын CRJ200 ұшағы қалалардың арасын байланыстырады. Айта кетейік, осындай рейстер бұған дейін де жүзеге асырылған еді, алайда 2016 және 2017 жылдары тоқтап қалды. Астанадан Томскіге қарай рейстер сағат 13:10-да (жету уақыты сағат 15:55-те) бағыт алса, ал кері бағытта сағат 16:50 кезінде (Астанаға сағат 18:30-де жетеді) іске асырылады. Уақыт әрбір әуежайға жергілікті мерзіммен көрсетілген. Қазірден бастап билеттер сатылымға шығарылды. «Көптен күтілген рейстің Астанаға қайта жандануы студенттерге үйлеріне қарай жол уақытын қысқартады, сонымын қатар іскерлік әрі туристік сапарларды айтарлықтай қолайлы етеді», - деді Томск әуежайының директоры Роман Фроленко.
Дерек көзі: kazinform.kz