Аттары әлемге әйгілі «Ла-Скала», «Мәскеу театры» ұжымдарымен «Астана Опера» театрын қатар қоюға әбден болады. Еңселі ғимараты бар театрдың техникалық мүмкіндіктері де соңғы талаптарға сай. Бастысы қысқа уақытта ұйымшыл өнер ұжымы қалыптасып үлгерді. «Астана Опера» театрының алып жатқан жалпы аумағы – 9 гектар. Ал ғимаратқа тиесілі аумақ – 64 мың шаршы метр. Театрдың төбесінде төрт тұлпарды тізгіндеген сақ патшайымы Томирис ханымның мүсіні бейнеленген. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Ғимарат әлемдегі ең үлкен саналатын Ла-Скала, Мәскеу театрларынан аспаса, кем түспейді. Жалпы Астана төріндегі бұл мәдени нысан – бірнеше өнер ошақтардың архитектурасын біріктірген теңдесі жоқ ерекше ғимарат. Театрдағы ең үлкен залдардың бірі – «Мәрмәр» деп аталады. Бұндағы жылтыр тастар Сицилиядан әкелінген екен.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Опера әншілері, балет бишілері, оркестр. Жаңа жыл қарсаңында өнер ұжымы өз көрермендерін түрлі қойылымдармен қуантпақ. Мәселен, 30-31 желтоқсан күндері Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін тамашалай алады.
Дерек көзі: www.khabar.kz