facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-men-almaty-t-r-yndary-shymkentke-k-shu-zh-ne-stereotipter-turaly
logo
Астана мен Алматы тұрғындары Шымкентке көшу және стереотиптер туралы

12.08.2018

Астана мен Алматы тұрғындары Шымкентке көшу және стереотиптер туралы

Сергей Безбородов, 29 жаста, туған жері — Астана, сату бөлімінің жетекшісі, Royal club fitness & SPA фитнес-клубының даму бойынша директоры



Көшу туралы



сб.jpg

Мені облыстағы ең ірі фитнес-клубқа жұмысқа шақырғандықтан, 2017 жылдың мамыр айында Шымкентке көшіп келдім. Сұхбаттасуға келіп, одан сәтті өттім, қазір осында тұрып жатқаныма бір жыл болды.



Қиындықтар туралы



Қиындықтарды өзім қаладым, қолайлылық аумағынан шыққым келді, көшуді дәл осылай елестеттім. Бірақ айтарлықтай қиындықтарды кездестіре алмадым. Адамдар мен климатқа үйренгенше бейімделу уақыты болды.



Қалада не ұнайды



Маған Шымкент ұнайды. Көзге түскен ең бірінші нәрсе — солтүстіктегі қала туралы стереотиптер мүлдем шындыққа келмейді. Шымкенттіктер адал, ашық, жомарт адамдар.

Екінші орында мен үшін климат, ал үшінші орында жергілікті бағалар мен шымкенттік ас үй. Мұнда тамақты дайындай алады және бұл қуантарлық жайт.

Мен Астана қалайша елордаға айналғанын көрдім, енді Шымкенттің мемлекеттік маңызы бар қалаға айналып жатқанын бақылап отырмын. Қалада елеулі өзгерістерге бейімділік байқалады, қаланың сыртқы көрінісі айтарлықтай өзгерді. Тек ірі қалаларға ғана тән марафондар өткізілуде. Осы жылы Shymkent Marathon өткізіп жатырмыз, мен үшін бұл қызықты әрі әмбебап тәжірибе. Көптеген спортшылар бұл марафонды спорттық туризм мүмкіндігі ретінде қарастырып жатыр.



Ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы



сб1.jpg

Шымкент Астана өткен жолдан да өту керек. Қазір қала ескі және жаңа қала болып екіге бөлініп жатыр, Shymkent City ірі жобасы құрылуда.

Шымкент Астанадан қызмет көрсету саласымен ерекшеленеді. Астанада қызмет көрсету саласы жедел, ал бұл жерде қызмет көрсету саласы шығысқа жақын, яғни барлығы сәлемдесу мен араласудан басталады. Шымкентте саудаласуды жақсы көреді, тіпті ірі компанияларда да саудаласу қалыпты. Менің ойымша, солтүстік қаталдау, ал оңтүстік ашық.



Жоспарлар туралы



Астанаға көшу жайлы ойланып жүрмін, өйткені ол жақта ата-анам мен туыстарым бар, бұл мен үшін қайтудың орынды себебі.

Галия Моисеева, 34 жаста, туған жері —Алматы, жаттығу залының жаттықтырушысы



Көшу туралы



мг2.jpg

Шымкентке алты жыл бұрын бүкіл отбасымызбен көшіп бардық. Біз Алматыда тұруды жоспарладық, бірақ жұбайым Шымкентте жұмыс істеп, онда үйге қарағанда көбірек уақыт өткізді. Ол Шымкенттің тумасы, сондықтан бірінші жылы біз бір-бірімізге қонаққа барып тұрдық, кейін үлкен ұлымыз туылып, Шымкентке көшуді шештік.



Қиындықтар туралы



Бастапқыда қала мені қабылдамағандай болды. 15 шілдеде көшкендіктен қатты ыстықтадым. Оның үстіне салқындатқыш пен перде орнатылмаған жаңа үйде тұрғандықтан үрейім қашты.

Барлық туыстарым мен достарым Алматыда қалды, ал мұнда ешкімді білмедім, сондықтан маған қарым-қатынас жетіспеді. Бірақ уақыт өте келе достарым мен жақындарым пайда болды.



Қалада не ұнайды



мг.jpg

Маған Шымкентте көптеген спорттық үйірмелер мен мектептердің болуы ұнайды. Мектептер әрдайым дамуда және онда балалар өте көп. Менің қызым Қазақстанда ең мықты мектептердің бірі болып саналатын Алия Юсупованың мектебінде көркем гимнастикамен айналысады. Ұлым спорт мектебінде футбол және акробатикамен айналысады, бұл үшін стадиондар мен жаттықтырушылар көп. Шымкент маған ұтқырлығымен ұнайды, мұнда баланы А пунктінен Б пунктіне оңай жеткізуге болады, сондықтан біз футболға, акробатикаға және мектепке де үлгереміз.



Ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы



Менің ойымша, Шымкент қоғамы діни, мұнда дәстүрлі заңдар мен жарғыларды ескереді. Бірақ, жаһандану бізге де әсерін тигізеді. Мұнда ысылмаған қоғам. Алматылықтар көңіл көтеру мен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерінің көптігіне үйренген. Ал Шымкентте ондай жоқ, бірақ бұл жақсы, себебі балаларым көңіл көтеру мен бос уақытты өткізу жағынан ерке болып өсіп жатқан жоқ.



Жоспарлар туралы



Анам Алматыда тұрады және оған көмектесіп, жанында болу үшін оған жақынырақ болғым келеді. Бірақ жақын арада Алматыға көшу жоспарымызда жоқ.

Анастасия Каштанова, 32 жаста, туған жері — Астана, балалар фитнес-клубының жетекшісі



Көшу туралы



ка.jpg

Шымкентке өткен жылдың маусым айында көшіп келдім. Сәуір айында жұбайыма тиімді келісімшарт ұсынды, ал мен қаланы көру үшін келдім. Ұшақтан енді ғана шыққан кезде маған балалар фитнес-клубы департаментінің жетекшісі лауазымын ұсынды.



Қиындықтар туралы



Барлығы бірден оңай болып, дұрыс бағытта жүрді. Мүмкін, мәселе маған кездескен адамдарда шығар. Қайда және кімге жүгіну керек екенін айтып отырды. Жалғыз қиындық кіші балама балабақша, ал үлкеніне мектеп іздестіруде болды. Бірақ біз бұл мәселені де шеше алдық. Үлкен балам «Бәйтерек» мектебіне барып жүр, ал кіші балам әлі балабақшаға барған жоқ.



Қалада не ұнайды



ка2.jpg

Маған Шымкентте ауа райы ұнайды, өйткені мұнда үнемі жылы. Желтоқсанда аяғымызға кеды киіп, күртемен жүреміз. Мұндай ауа райына тез үйренесің. Демалыс күндері тауға шыққан ұнайды. Бұл жерде жануарларды көріп, бүкіл отбасымен демалуға болатын көптеген ерекше бұлақтар мен демалыс зоналары бар. Сондай-ақ, Шымкентте мейірімді адамдар тұрады.



Ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы



Ана ретінде Шымкентте Астанадағыдай балалар алаңдары көп еместігін байқадым. Бізге көшелерде балаларға демалыс алаңдары жетіспейді, сондықтан саябаққа немесе ойын сауықтыру орталықтарына баруға тура келеді. Бұл мәселені шешкенін қалар едім.



Жоспарлар туралы



Шымкентте мәңгі қалатын жоспарымыз жоқ, өйткені басқа қалаларда да тұрғым келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі