Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Astana Garden School. Қалайша айына 300 000 теңгеге балалар кембридж, оксфорд немесе назарбаев университетіне түсе алатындары туралы
3819

02.09.2018

Astana Garden School. Қалайша айына 300 000 теңгеге балалар кембридж, оксфорд немесе назарбаев университетіне түсе алатындары туралы

Нұрмұхаммед Доссыбаев, 26 жаста, туған жері — Шымкент, GA Garden Schools басқарушы компаниясының бас директоры, Astana Garden School жеке меншік мектебінің негізін салушыларының бірі


ҚТЛ-де оқыдым, мұғалім жолын таңдап, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне түстім. Оқумен бірге "Білім Инновация" лицейінде тәрбиеші болып жұмыс істедім. Білім жүйесінде жүргеніме он жыл болды.



Мектепті құру үрдісі туралы


20180822-WED_1195.jpg

Мектепті құру алдын біз шетел тәжірибесін меңгеріп, шетелге барып келдік. Индияда тәртіпке баса назар аударатындарын көрдік. Германияда жеке қарым-қатынастарды, оқушыға қатысты көзқарасты байқай алмадық, Германияда мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс ақсаңдайды. Финляндияда бағдарлама көбінесе баланың болашақта кім болуына бағдарланған.

Бірақ, бұл елдерде балалар барлық қажетті нәрсені мектептен алатындары маңызды. Тиісінше, жоғары мектептегі балаларды мақсатты түрде олар шынымен де түсуге қалайтын университетке дайындайды. Ал біздің жүйеде балалар таңертеңнен түске дейін бүкіл жүктемеге шыдап, түстен кейін қосымша курстарға немесе мұғалімге барулары қажет. Бұның салдарынан оқушы бас назарды жоғалтатынын және оған қалайтын нәрсесін «бір терезеден» беру қажет екенін түсіндік. Сондықтан осы жоғары мектепті құруды шештік, балалар мұнда келіп, барлығын бір жерден алып, алдарына қойған мақсаттарына жете алады.

Сонымен бірге, біз қазақстандық білім тәжірибесін меңгеріп, негізгі етіп келесі үш мамандандырылған мектептің бағдарламасын алдық: НЗМ, «Білім Инновация» және РФММ.



Мектеп туралы



Astana Garden School — оқушылар университетке түсер алдын соңғы екі жыл оқитын жеке меншік жоғарғы мектеп. Біз оқушыларымызды Қазақстан және әлем бойынша үздік жоғары оқу орындарына түсуге дайындаймыз. Мектепті дайындалу, мамандық пен икемділікті анықтау және оқуға түсу мақсатымен құрдық.

20180822-WED_1239.jpg

20180822-WED_1179.jpg

Оқу келесі жүйемен жасалған: оқу жылы басталған уақытта біз арнайы апта өткіземіз, онда баланың қызығушылығы мен қабілеттерін айқындаймыз, нәтижесінде оның икемін анықтаймыз. Бұдан кейін даму картасын құрамыз, мұнда оқушы оған университетке түсуге қажетті пән модульдерін таңдайды. Бұған біздің мұғалімдер, менторлар, кураторлар көмектеседі. Олардың жұмысы екіге бөлінеді: академиялық және тәрбиелік. Astana Garden School ағылшын тілі бөлімі бар: General verbal, TOEFL, IELTS. Техникалық бағыт бар, ғылым мен бизнес үшін 21-ғасыр икемдері. Ал бағдарламалау екі формаға бөлінеді: жеңілдетілген және қиындатылған. Сондай-ақ, Kazakh identity бөлімі бар — негізгі қазақ тілі немесе қазақ тіліндегі шығармашылық хат, қазақ әдебиеті және үш тілде тарихты меңгеру. Ары қарай гуманитарлық пәндер мен әлеуметтік ғылымдар кетеді. Әлбетте, бізде ғылыми бағыт та бар — физика, химия, биология және кәсіпкерлік. Бұл стартап-ойлау мен қаржы. Келесі бөлімге self-management, public speaking, presentation skills, кәсіби бағдарлау, мансаптық жоспарлау және көсбасшылық кіреді. Тағы бұл бөлімге физикалық даму мен салауатты өмір салты сабақтары кіреді. Ал West Point түсуді қалайтындар үшін сол академияның түлегі әскери дайындыққа ұқсас түрде сабақ өткізеді.

Біздің мектептегі міндетті сабақ — қоғамға қызмет ету


11 сыныпта оқушылар дипломдық жоба дайындаулары тіис. Белгілі пән бойынша олимпиадаға қатысушы, университетте зерттеу ассистенті немесе ән айту мен домбырада ойнауда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.



Мұғалімдер туралы



Astana Garden School Дәулет Серікбаймен бірге дамытамыз. Ол екі мәрте болашақ бағдарламасының қатысушысы. Indiana университетінде бакалавриатты және Оксфорд университетінде магистратураны бітірді.

20180822-WED_1228.jpg

Мұғалімдерде біз үшін мамандық, шетелдік немесе мықты посткеңестік білімнің бар болуы маңызды. Осылайша, мұғалімдердің 80 пайызы шетелдік дипломдары бар түлектер, ал 20 пайызы қазақстандық білімге ие түлектер.

Әрбір мұғалім— біздің әріптес және өз тәжірибесі бар жеке тұлға. Олар да біз секілді адам капиталының дамуына өз үлестерін қосқылары келеді. Біздің мұғалімдер әлемді өзгертуді қалайды және бұны қалай жасау керектігін көреді, олар арманшыл.

Біз жергілікті мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, көрнекі түрде Гарвард, MIT және басқа да үздік университеттерді бітіріп, Қазақстанға оралған кездерінде, ең алдымен олар біздің ұйымда жоғары бағаланатындарын көрсеткіміз келеді.



Түсу мен оқушылар туралы



Astana Garden School — таңдаулы типтегі мектеп, осы жылы бар жоғы 80 жуық оқушыны қабылдаймыз.

20180822-WED_1202.jpg

Біз жай ғана төлеуге қабілетті ата-аналардың балаларын таңдап алмай, балаларды үш кезең арқылы іріктеп аламыз. Біріншісі — IELTS ұқсас, екіншісі — SEТ ұқсас, ал соңғы кезең — сұхбаттасу. Егер бала барлық үш кезеңнен өте алса, оған біздің мектептің, біздің community бөлігі болуына мүмкіндік пайда болады. Барлық талаптарға сай тоғызыншы сынып түлектерін жинап алу оңай емес.

Бір жылдың оқу ақысы — үш миллион теңге, оның ішіне тамақтану кіреді. Оқу ақысын тоқсан сайын төлеп отыруға болады, бірақ біз ерекше себептері бар ата-аналар үшін шегінімге бара аламыз.



Құндылықтар туралы



20180822-WED_1189.jpg


Біздің мектептің миссиясы — әлемді жақсырақ ету, ал ұранымыз — «Арман жетегінде».

Ең бірінші құндылық — позитивті өзгерістер үшін үнемі даму. Екінші құндылық — care and share, яғни қамқор бол және артық нәрсеңмен бөліс. Үшінші құндылық — diversity in unity, бірліктегі әртүрлілік.



Оқу нәтижелері туралы



20180822-WED_1177.jpg


Оқушылар үшін нәтиже — бұл олардың қалаған университеттеріне түсе алу мүмкіндігі. Мұғалімдер портфолиоларын Қазақстандағы ірі бірегей оқу жобасының бөлігі болғандарымен толықтыра алады. Ал ата-аналар, балаларына инвестиция жасау — бұл ең негізгі және құнды шешім екендерін түсіне алады. Және білім саясатына қатысты шешім қабылдайтын мемлекеттік органдар жеке сектор балабақша, мектеп, университет ашып, лайықты білім бере алатындарына көз жеткізеді.

Ата-аналар, балаларына инвестиция жасау — бұл ең негізгі және құнды шешім екендерін түсіне алады

Меню

Істер

Қала 24

Шолу