WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.
WE адамдары:
Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады
Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді
Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз
Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби
Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі
Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын
Қайда барсаң да, атмосфера мен көңіл-күй тудыратын адамдар бар. Шығыс базарларында дәмдеуіштердің, сиқыр мен кілемнің иісі аңқиды деп жатады. Ал астаналық базардың келбетін кім құрады? Әрине, саудагерлер. Басқаша емес, дәл осылай атаған дұрыс сияқты. Олардың жұмысы ең қиын жұмыстардың қатарында, әсіресе, Астананың қысында. Бұл адамдар аязда, мереке мен демалыс күндерінде жұмыс істейді. БІЗ олардың бір күні қалай өтетінін, көңіл-күйлерінің қалай өзгеретінін және базар «тұрмысының» қалай жайғасқанын қарауды жөн көрдік.