БІЗ Астанаға басқа жақтардан келгендердің жергілікті тұрғындардан немен ерекшеленетінін ойланып, еске түсіріп көрмекші болдық.
— әдетте сырттан келгендер Солжағалауды жақсы біледі, ал жергіліктітұрғындарына бұл аудан тіптен жаңа әрі беймәлім
— көп жағдайда сырттанкелгендерге Сол жағалауда орналасқанның бәрі жақсырақ және беделдірек болып көрінеді
— жергілікті тұрғындар аяздар мен суықтарға мойынсұнса, сырттан келгендерәңгіме арасында міндетті түрде елорданың климатына шағымданып үлгереді
— уақыт өте келе ғанасырттан келгендер «Шанхайда» не болмаса «Шапағатта» саудажасау керектігін түсінеді
— сырттан келгендер қала маңындағы демалысқа арналған жерлерді жақсы біледі, мысалы, Вячеславский су қоймасы. Ал шеттен келгендердің көпшілігікөбінесе тек Бурабайды біледі
— Астанаға кішірек қалалардан көшіп келгендер бастапқы кездері түнге дейін жұмыс істейтін сауда орталықтары мен дүкендерге, қымбат таксиге және жұмыста кешкі тоғыз немесе онға дейін кідіріп қалуғатаңданыспен қарайды
— автобустарда сырттан келгендерді көбінесе автобус терезесінен қызыға қараған көзқарасынан тануға болады
— сырттанкелгендер өзінің туған қалаларына жүретін поездардың кестесін және оларға сатылатын билет бағаларын өте жақсы біледі
— егер жергілікті тұрғындарға қала күні сияқты ірі қалалық іс-шаралар үйреншікті болса, сырттан келгендер оны асыға күтеді
— сырттанкелгендердің қалада өздеріне ыстық көрінетін аудандары көп, өйткені олар астанада тұрған уақыттарында жалдайтын пәтерлерін бірнеше мәрте ауыстыруы мүмкін
— бір таңғаларлығы, жергілікті тұрғындар сырттанкелгендерге қарағанда қаланы нашар біледі, себебі олар өз аудандарынан сирек шығады
— сырттан келгендерді кеудем соқтық пен ұдайы көпке қол жеткізуге деген ұмтылысынан жиі ажыратуға болады
— сырттан келгендер бастапқы кезде тамақ, киім, ойын-сауық және жүріс-тұрыстарында астаналық стандарттарды ұстануға тырысады.