Өзі жайлы
Мен үшін әділ болу маңызды. Бұл әрдайым тиімді емес, бірақ ұзақ мерзімді инвестиция тезарадағы жеңістен жақсы.
Тағы бір маңызды қасиет — біліктілік. Сен жасап жатқан нәрседе сенімді болу керек. Қателіктер салдарларға әкеп соғады, сондықтан адам тиісті білім мен дағдыға ие болуы тиіс.
Мен үшін әділ болу маңызды
Адамдар арасындағы сенім мен түсіністікті бағалаймын. Менің ойымша, адал адам кез келген рөлде жеңеді. Адал болу жай ғана өтірік айтпау емес, ол топқа немқұрайлы қарамау, жан-жақты ойлауды, ұжымда жұмыс істей алуды білдіреді.
Отбасы мен жұмыс уақыттың 90%-ын алады. Отбасы мен өз ісіне деген махаббат тиімді болуға көмектеседі. Мен бұл өмірдің осы ырғағын жақсы көремін. Уақыт өте келе аз жұмыс істейтінімді күтпеймін — менің ойымша, барлығы тек өсе түседі.
Мен белсенді демалысты жақсы көремін. Салауатты өмір салтын ұстанамын.
Өмірлік қағидалар жайлы
Мен айналамдағылар үшін жауапкершілікті сезінемін. Бұл бізге жақын адамдар, кейін — біздің қызметкерлер, ал кейін барлық қазақстандықтар.
Адамдар мінезді жас кезінен қалыптастыру керек. Балабақша, мектеп, университет адамның фундаментін қалыптастыру керек. Сонда адам ересек өмірде қиын жағдайларда күйзеліске ұшырамайды. Ол бірден мүмкіндіктер мен шешімдерді көре алады.
Мен айналамдағылар үшін жауапкершілікті сезінемін
Балалар мен олардың білім алуына — болашақ ұлт қалыптастыруға күш салу керек. Әділ шешім шығара алатын, көшбасшы орындарда тұратын, адал, патриот, білімді және дені сау қазақстандықтарды тәрбиелеу маңызды.
Мен үшін ұжымда өзара қарым-қатынас маңызды. Басшы ретінде бәрі бір толқында болуына тырысамын. Армандаған өнімінді жасап, әлемдік компаниялармен бәсекелесу үшін команда мүшелері кәсіби және бір-бірімен үйлесуі керек. Бөлімдер арасында қарым-қатынас пен өзара көмек, достық пен бірлік болуы керек.
Біз бізбен жұмыс істейтін адамдарға қолайлы жағдайлар жасаймыз: спортзал, ойын аймақтары, демалыс бөлмелері. Біздің қызметкерлер жұмыс және демалыс күндері 10-12 сағат еңбек етеді. Бірақ оларға да денсаулықты, моральдық көңіл-күйді қадағалау маңызды.
Маған қиындықтар ұнайды, әрине, егер олар әділетсіздікке негізделмесе. Бұл жағдайда оларды шешу қызықты.
Өмірдегі адамдары жайлы
Менің отбасыммен және достарыммен жолым болды — олар өмірімде айтарлықтай қолдау көрсетеді.
Мен адамдардағы ашықтықты бағалаймын. Барлық адамдармен жақын сөйлеспеу керек, бірақ саған жақын адамды сезіну маңызды.
Мен адамдардың менен артық білетіні ұнайды. Мен терең білімі мен жан-жақты біліктілігі бар, технарьмын. Сондықтан маған өзінің саласын жақсы білетін адамдар қызықты. Оларды табу қиын. Бірақ олармен қызықты — мен олардан жаңа нәрселер біле аламын.
Жұмысы жайлы
Бала кезімде ағам екеуіміз олимпиадаларға қатысып, өзіміз ойыншық құрастыратынбыз.
Қайратқа компьютер сыйлағанда, біз оны зерттедік, бөлшектерге бөліп, қайта жинадық.
Ақырындап ғаламтор пайда болып, технологиялар дамыды — осы уақытта біз де өстік, даму барысын бақыладық. Сондықтан өзіміз үшін IT саласын таңдадық.
Біз үшін Қазақстанда IT-егемендіктің пайда болуы маңызды
Мен үшінші курста оқығанымда, біз ағам екеуіміз интерне-кафе аштық. 50 000 $ қарызға алып, оны бір жыл ішінде қайтрғанымыз есімде. Ақырындап өз IT-компаниямызды аштық.
Біз үшін Қазақстанда IT-егемендіктің пайда болуы маңызды. Мақсаттарымыздың бірі — елдің IT-қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл шетелдік компаниялардың қолына беруге болмайтын маңызды бағыт. Біз командаға тек қазақстандықтарды таңдаймыз. Бірақ қоғам үшін бұл әлі айқын емес тәуекел.
Біздің флагмандық өніміміз — «Сергек». Оны құру үшін көп біліктілік қажет болды — және олардың барлығы біздің компанияда бар. Бізде әр түрлі бағыттағы бағдарламашылардан тұратын, бес-алты бөлім жұмыс істейді: серверлер, желілер, мобильді құрылғылар бойынша. Олар әртүрлі білімге ие және бұл өзінің бірегей өнімінді жасауға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда бейнетіркеу жүйесін модификацияладық — ыңғайлы конструктор жинадық және арзан әрі тиімді жүйе құрдық.
Біздің бизнес — стратегиялық. Оны біздің қоршаған ортаның 90%-ы түсінбейді. Сондықтан біз компанияның табыстылығын сақтап қалуға тырысып, жай ғана өз миссиямызды орындаймыз.
Елордада «Сергек» жүйесін орнатуды бастағаннан кейін, қалада апаттылық бойынша статистика төмендеді. Және әрбір ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін мен тағы не істеуге болатынын түсіну үшін егжей-тегжейлі зерделеймін. Біз жағдайды жақсарту үшін барлығын алдын-ала жоспарлаймыз.
Біз деректерді жинаймыз және оларды өңдейміз. Осындай талдаудың арқасында көптеген қайғылы оқиғалар мен қылмыстарды болдырмауға болады. Біз қазақстандық нөмірлерді тануға бағытталған нейрондық желіні құрдық — бірде-бір шетелдік өнім бізді жұмыс сапасы бойынша жеңе алмайды.
Біз күрделі және бірегей жұмыс жасаймыз. Көлік ағынын бағалау — әлемдегі бірнеше компаниялар орындайтын қымбат қызмет. Бірақ біз оны жүргіздік және Астанадағы жағдайға көмектесуге дайынбыз. Біз өзімізді Toyota компаниясының бәсекелестері деп санаймыз. Бізде кейбір бағыттар бойынша әлемдік ойыншыларды озатын мүмкіндіктер мен құралдар бар.
Маған бай болу қызық емес. «Сергек» жобасымен айналысқанымызға дейін бізде әлдеқайда жоғары пайда әкелетін жұмыс және бос уақыт көп болды. Бірақ біздің мақсатымыз — жеке әл-ауқатымыз емес, ұлттың қауіпсіздігі.
Біздің ісіміз — менің сүйікті хоббиім. Қазір біз бастан кешіп жатқанымыз — үлкен жолдың басы. Менің өмірлік ісім — қоғамға пайдалы болу.