Сұхбатымызда вайн түсіретін танымал TikTok-креатор Аружан Әріпжанқызы блогты қалай бастағаны, шабыты мен оқырмандарымызға кеңес жайында.
Аружан Әріпжанқызы, 20 жаста, Алматы қаласы, TikTok-креатор, @aripjankyzy_
Өзі туралы
Мен қазақша контенті түсіріп жатқан вайнер, Instagram-блогермін. Сонымен қатар көптеген брендтердің амбассадоромын.
Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде екінші курс биолог мамандығымын. Ал колледжде медицина саласын аяқтағанмын.
Маңсабы мен шабыты туралы
Блогерлікті мен Instagram-әлеуметтік желіден екі жыл бұрын бастадым. Карантин кезінде TikTok-платформасы да ақырандап шыға бастады. Сонда менде «Неге TikTok-ты да белгілі бір Instagram сияқты қосып алмасқа» деген ой пайда болды. Солайша мен көптеген курстарды және оқытатын адамдарды іздей бастадым.
Негізі мен TikTok-қа келгенде әртүрлі бағыттарды қарадым. Сөйтсем адамдарға әзіл бағыты жақсы өтеді екендігін білдім. Қазіргі таңда мен вайндарда әзілден басқа мотивацияны да түсіремін. Осы бағыт түсіруге жеңіл, әрі маған өзіме де ұнайды.
Блогерлің маңсабым арқылы мен жақсы дамыдым. Себебі мен блогерлікті бастағаннан кейін, көптеген адамдармен таныстық болды. Мен адамдармен қалай сөйлесу керек, олармен қандай қарым-қатынас құру керек туралы білдім.
Қазақ тіліндегі контент туралы
Қазақтың жастары қазіргі кезде қатты білімді. Менің ойымша егер барлық блогерлар орысша контент жасаса, сонда қазақ аудиториясы үшін кім жұмыс жасайды деген сұрақ туындайды. Біз, блогерлар, адамдарға эмоция сыйлау үшін жұмыс жасаймыз. Қазақ контентін жүргізетін блогерлар демек Қазақстанның халқы үшін жұмыс жасайтын блогерлар. Сол себепті, менің ойым — қазақша контенті жасап, оны көтеру керек.
Кеңес
Менің ойымша, сіздер оқырмандарды тез жинағыңыз келетін болсаңыз, блогыңызды TikTok-та бастасаңыз жүн. Одан қарай Instagram-ға да көше аласыз. Себебі TikTok мүмкіндікке толы, онымен қатар оны көптеген адам ақтарады.