Кәсібінің бастамасы
Мен мектеп кезінде өзімнің дағдыларымды іске асыру үшін әртүрлі жолдарды іздестірдім, шығармашылық салада жұмыс істеп көрдім, бірақ ақшалай табыс тапқан жоқпын. Бұл мені артқа тартты және мен коммерциялық жобаларға ауыстым.
Алдымен сыныптастарыма супермаркеттен алған азық-түліктерді сатып жүрдім, жеңіл жейделерге сурет салатынмын. 10 сыныпта сыныптастарым үшін сауық кештер ұйымдастырдым. Бір іс-шараға 300 — 400 адам келетін, әрбіреуі 1000 — 3000 теңгеден алып келетін. Біз бір іс-шарадан 100 000-нан 200 000 теңгеге дейін табатынбыз. Маған дайындық процесі ұнайтын, бірақ соңғы сәтке дейін қанша адам келетіні және іс-шараға кеткен шығындардың орны қаншалықты толатыны белгісіз болғаны ұнамайтын. Сонымен қатар бұл адамдарға пайдалы екеніне сенімді болмадым.
10 сыныпта мен университетке түсуге, SAT және IELTS тесттерін тапсыруға дайындала бастадым. Бірнеше орталықтарға барып дайындалдым және нарықты еріксіз зерттей бастадым. Мен барлық емтихандарды сәтті тапсырдым және американдық университетке грантқа түстім. Сол себепті 11 сыныпқа көшкен кезде, ҰБТ-ға дайындалу жайында ойланбай, табыс табудың жолдарын іздестірдім.
Адамдарға пайда әкелетінім және сол үшін табыс табатыным ұнайтын
Емтихандарға дайындалған кезде пайдаланған оқулықтарды сатуды шештім. Қытайдан 60 000 теңгеге қосымша 90 оқулықтарға тапсырыс бердім, бірақ сұраныс болған жоқ. Оларды сату үшін әртүрлі жолдарды іздестірдім, сыныптастарыма ұсындым, білім беретін орталықтарға хабарластым. Бір рет маған сағатына 700 теңге төлейтін оқытушы қызметін ұсынды. Осылайша 11 сыныпта мен ағылшын тілінен сабақ беріп, студенттеріме оқулықтарды сатып жүрдім.
Бизнесті ашудың жолы
Мен ағылшын тілді оқытатын мектепті ашуды шештім. Адамдарға пайда әкелетінім және сол үшін табыс табатыным ұнайтын. Шикізатты немесе тауарды сатып алу қажет емес – ұйымдастырушылық жағынан барлығы оңай сияқты. Менде жоғары білімім және белгілі салалар бойынша түсінігім болған жоқ. Бірақ бұл бағыт мен үшін түсінікті болды, мен мақсатты аудиторияны сездім.
Мен студенттерді жинай бастадым, репетиторлық қызметтер жайында хабарламаларды іліп жүрдім. Алғашқы өтінімдер түскен кезде, 10 шаршы метр болған кеңсені аштық – осыдан Rocket Study жобасы басталды. Мен 17 жаста болғандықтан, құжаттарды рәсімдеуге ағам көмектесті.
Менің жолым мінсіз болған жоқ, бірақ түзу болды, себебі мен барлығын шын ниетіммен істедім. Мен мектепте оқыдым, ешқандай міндеттемелерім болған жоқ. Курстарды ашу үшін, кем дегенде шамамен 70 000 теңге қаражатым кетті: 40 000 — кеңсені жалдау, 5000 теңгеден екі парта, 2000 теңгеден төрт орындық, 12 000 теңге тақта, шағын үстел, компьютер, принтер және үйден әкелінген Стив Джобстың портреті.
Менің жолым мінсіз болған жоқ, бірақ түзу болды, себебі мен барлығын шын ниетіммен істедім
Бизнесті бастау үшін миллиондаған ақша қажет деген теріс пікір бар. Бірақ кез-келген идеяны 100 000 теңгемен жүзеге асыруға болады. Сонда істі бастау оңайырақ, себебі сіз тәуекелге бармайсыз.
Бизнесім бірден тұрақтанған жоқ. Барлық шешімдерімді тез іске асыратынмын. ВКонтакте және Instagram желілерінде жарнамаларды жариялай бастадым. Алғашқы клиенттерім сыныптастарым болды. Алғашқы клиенттер туыстар және достар болса, бұл жақсы жақсы тәжірибе.
Менде қаражат, инвестициялар, басқарушылық білімім болған жоқ
Менде қаражат, инвестициялар, басқарушылық білімім болған жоқ. Бірақ жұмыс кезінде маркетинг, сатылымдар, сабақ беру әдістемесі сияқты жақсы дағдыларға ие болдым.
Бизнесті кеңейтіп, жаңа кеңселерді аша бастаған кезде, барлығын өзіміз жасайтынбыз. Жаңа кеңселерді бірінші кеңсеге ұқсатып ашқанымыз қателік болды. Барлығын басқаша ойластырып жасау керек еді. Мысалы, сол кезде инвестицияларды тартсақ, нәтижелер басқаша болар еді.
Компания кеңейгеннен кейін, филиалдарды басқару қиынға соқты. Сол кезде біз IT-платформамызды жасап шығардық. Барлығы түсінікті және айқын болғанын қаладық. Сол үшін әрбір қызметкердің лауазымдық міндеттерін жазып, әдістемені жүйелеу, мұғалімдерді оқыту, кадрлық лекті, команда ішіндегі кадрлармен жұмысты реттеп, бухгалтерлік және қаржылық есеп-қисаптарды, жалақыны, маркетингтік стратегияны және т.б. құрып алу сияқты бірнеше қадамдарды жасау маңызды болды. Маркетинг, сатылымдар, HR, оқытудың әдістемесі, IT және т.б. бағыттарда жауапты адамдарды таңдап алғаннан кейін, жұмыстың нақты жүйесі қалыптасты.
Қызметіміздің үшінші жылы біз бизнес-үлгімізді тексеруді шештік – басқа адамдар бұл үлгімен қаншалықты жетістікке жете алатынын білуді қаладық. Серіктестік бағдарлама үшін адамдарды тарта бастадық, бірақ көп қателіктер жібердік. Бірінші тәжірибеміз сәтсіз болды – біз бизнес серіктестермен айқын жұмысты құрай алмадық және олармен жұмысты тоқтаттық.
Енді желіде басқа адамдар ашқан және инвестициялары ақталған филиалдар табысты жұмыс істеп жатыр. Біз табыс әкелетін бизнес-үлгіні жасадық.
Бизнесті бастау қиын еді, барлығы идеялардың деңгейінде болды. Бірақ мен жарты жыл бұрын басқа жобаға кетіп қалсам да, қазірде барлығы қалай жұмыс істеп жатқанын көріп отырмын. Бұл жаңа деңгей – әрбір шешім тұтынушыға, қызметкерге немесе жалпы жобаға пайда әкелуі үшін, жобаның жүйелілігін көріп, талдау жүргіземін.
Бізде Астанада, Алматыда және Омбыда 11 филиал, шамамен 60 оқытушы бар. Жыл сайын 3000 — 4000 адам білім алады. Мақсатымыз – ағылшын тілі арқылы адамдарға көбірек мүмкіндіктер ұсыну.
Клиенттерді қалай тартуға болады
Мақсатты аудиториямыз шетелде білім алуды қалайтын жоғары сынып оқушылары екенін бірден айқындап алдық. Бұл дұрыс қадам еді, себебі ол стратегияны таңдауға көмектесті. Біз бірден мектептерге бардық, жарнамалық парақтарды жасап тараттық. Оларды мектеп оқушыларына таратқан кезде, аты-жөндері мен телефон нөмірлерін жазғыздық – осылайша клиенттер базасын жинадық.
Кейін Instagram желісінде жарнамалай бастадық. Жарнамаларды блогерлерден сатып алмай, өзіміз жасап шығардық. Мысалы, ағылшын тілі бойынша білім деңгейін білуді ұсындық. Бұл ұсыныс арқылы көп тапсырыстарға ие болдық.
Біз контентті адамдарды шабыттандырып, әрекет етуге сендіру үшін қолдандық
Біз контентті адамдарды шабыттандырып, әрекет етуге сендіру үшін қолдандық. Мысалы, ағылшын тілін үйренуге пайдалы болатын әдебиеттің толық тізімін жіберу үшін, пікір қалдыратын жерге байланыс телефондарын қалдырып кетуді сұрайтынбыз. Бір жазылымнан 100 — 300 адам байланысқа шығатын.
Сонымен қатар іс-шараларды ұйымдастыранбыз. Ең ірі іс-шаралардың бірі — Rocket Fest, сол жерге шамамен 5000 өтінімдер түсті. Бұның арқасында біз 40 000 адамдардың базасын құрдық. Еmail- және смс-жіберілімдерді іске қостық.
Бірақ біз пайдаланған барлық маркетингтік кампаниялардың шамамен 10 % ғана нәтижесін берді. Мысалы, лимтисіз ағылшын тілі бойынша жобамыз болды, соған көп уақыт пен көп ақша кетті, бірақ ол сәтсіз болды. Сәтсіз іс-шаралар мен шеберлік кластар, өтінімдерге айналмаған сайттар мен парақшалар сияқты нәтиже бермеген көптеген қадамдар болды.
Біз нені қалайтынымызды түсіндік, маркетингтік мәселелерді талқылап тастадық, кейін штатқа маркетологтарды қостық. Бастапқыда бір байқау сабағына өтінімнің құны 3000 теңге болатын. Біз бағасын 10 есеге азайта алдық. Үлкен трафикті тартып, оларды сатылымдарға айналдыруды үйрендік.
Қиындықтар жайында
Бизнес — әрдайым жұмыс істеуді және шоғырлануды талап ететін күрделі процесс. Алғашқы бір жарым жыл уақыттың ішінде мен ешқандай табыс тапқан жоқпын – бұл жаңа жоба үшін қалыпты жағдай. Кейбір кезде ішің пысып, қиын болып кетеді, бірақ бәрібір жұмыс істеу керек. Қателесесің, көңілің қалады, бірақ жаңа шешімдер табылады.
Бастауға қарағанда әрі қарай дамыту қиынырақ екенін түсіндім. Сен жалғыз болған кезде, жауапкершілігің аз болады. Ал команда болған кезде, әрдайым дамып, жаңа нарықтарға шығу керек.
Жетістікке жетудің жолы
Басқа адамдармен араласу – бұл әрекет бизнесімде көмегін тигізді. Белгілі бір салада көмек керек болған кезде, маманды тауып, оған жазатынмын. Бизнеспен айналысып жатқанымды және мәселені шеше алмай жатқанымды түсіндіретінмін, әрі кездесіп, бұл мәселені талқылауды қалайтынымды айтатынмын. Көбінесе адамдар көмектесуге және араласуға дайын болады.
Артық нәрселерден арылып, барлық ресурстарды табыс әкелетін салаға бағыттау – жақсы тәжірибе. Уақыт өте біз жұмысты көбейтіп жүрген нәрселерді ысырып тастадық, сұранысқа ие болмадық немесе сирек кездесетін кадрларды талап еттік. Мектеп оқушыларын емтихандарға дайындау бағытын өзгерту шешімін қабылдадық және адамдарды ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету мақсатына ауыстық.
Бүгінгі күні
Мен Rocket Study жобасын белсенді басқарудан уақытша алшақтап кеттім, бірақ ол жұмысын әрі қарай жалғастырып келеді.
Atameken кәсіпкерлер палатасымен бірігіп айналысып жатқан екінші жобам – Atameken Academy. Бұл коммерциялық келешегі бар әлеуметтік жоба. Мақсаты – Қазақстандағы кәсіпкерлерді біріктіріп, елімізде жобаны іске асыруға қажетті барлық ақпаратты ұсынатын біріңғай платформаны құру. Көбісі жеке кәсібін ашуды қалайды, бірақ қалай бастау керек екенін білмейді, қажетті құжаттарға, білімге, мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмайды. Біз Қазақстандағы ресурстар мен адамдар арасында көпір ретінде жұмыс істеуді қалаймыз.
Мақсаты – Қазақстандағы кәсіпкерлерді біріктіріп, елімізде жобаны іске асыруға қажетті барлық ақпаратты ұсынатын біріңғай платформаны құру
Біз кәсіпкерлер үшін орыс және қазақ тілдерінде контент жасап шығардық. Сол жерде тәжірибелі кәсіпкерлер бастан кешкен қиындықтары жайында, бизнесті қалай кеңейтіп, көбірек табыс табудың жолдарымен бөлісті. Біз мектеп оқушылары үшін кәсіпкерліктің негіздері бойынша ақпарат дайындап, кәсіпкерлердің қатысуымен тақырыптық бейнелерді жазып алдық, сәтті тәжірибелерді бір жерге жинап қойдық.
Келешекте аталмыш жоба жаңа білім беру институтына – тәлімгерлер мен бастаушы кәсіпкерлер қауымдастығына дейін өсуі мүмкін. Мысалы, жақында Атыраудан бизнес ашуды қалайтын 17 жасар қыз келді. Біз оны Астанаға шақырып, сол салаға қатысты кәсіпкерлермен таныстырдық. Бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, адамдарға идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктерді ұсынсақ, жақсы болар еді. Білімнің арқасында жұмысқа орналасуға, жобаны бастауға, одан кейін жақсы табыс әкелетін шынайы нәтижелерге қол жеткізуге болады.