«Мясо» ресторанының бас аспазы тамыз айында қандай жеміс-жидектерге назар аударуға болатыны туралы айтып берді.
Елена Ковалева, 46 жаста, туған қаласы — Щучинск, «Мясо» ресторанының бас аспазы
Мен ет тағамдарын әр түрлі көкөністермен үйлестіруді ұсынамын. Қазір тамырлы жемістердің, көкөністердің, саңырауқұлақтардың мерзімі, жергілікті азық-түліктерді алуға тырысыңыз. Өйткені, Қазақстанда өсетін көкөністер біздің ағзаға пайдалырақ.
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар Солтүстік Қазақстандағы орман алқаптарға бай жерлерде өседі. Саңырауқұлақтарды білетін адамдардан, мамандандырылған дүкендер мен ресторандардан алған дұрыс. Егер, өзіңіз саңырауқұлақ теретін болсаңыз олардың сапасына сенімді болуыңыз керек. Әр саңырауқұлақты жинаудың және дайындаудың өз технологиясы бар. Өнімнің сыртқы түрі жеуге жарамды болса да ол ішінен шіріген канцерогендік болуы мүмкін.
Ең дәмді саңырауқұлақтар – груздь, терекқұлақ, маслята мен опята. Олардың құрамындағы заттар саңырауқұлаққа ащы дәм береді. Еуропада олар трюфельден кейінгі екінші орында тұр, ал бізде оны көп бағалай бермейді. Жалпы саңырауқұлақтармен ет, салқын тіскебасарлар мен салаттарды әзірлеуге болады.
Шырғанақ
Қазақстан - бақшалық және жабайы шырғанақтарға өте бай ел. Шырғанақ – пайдалы жидек. Онда микроэлементтер мен витаминдер өте көп, ал сүйегінде бағалы май бар. Сіз дәмі тіл үйірер жидекті жеп рахаттана аласыз не болмаса ет пен тауыққа әр түрлі соустар әзірлей аласыз. Оның күн түстес сары түсі тәбетті ашады.
Қарбыз бен қауын
Тамыз айында 15 қыркүйекке дейін қарбыз бен қауын жеп рахаттана аласыз. Олардың мерзімі қысқа. Егер сіз кешігіп қалсаңыз денсаулығыңызға зиян келтірмеу үшін келер жылды күткеніңіз абзал. Оларды таңдағанда абайлағаныңыз дұрыс болар, өйткені оның қайда өсірілгендігін білмейсіз. Тамақ талғағыштарға қызықты идея ұсынамын: қарбызды грильде қуырып, сулугунимен беру – керемет үйлесім.
Балық