facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ara-andyly-yz-m-skeudeg-londonda-y-zh-ne-n-yu-yorkteg-m-r-zh-ne-alaysha-3-ayda-k-tap-zhaz-any-turaly
logo
Қарағандылық қыз Мәскеудегі, Лондондағы және Нью-Йорктегі өмір және қалайша 3 айда кітап жазғаны туралы

11.09.2018

Қарағандылық қыз Мәскеудегі, Лондондағы және Нью-Йорктегі өмір және қалайша 3 айда кітап жазғаны туралы

Дина Валуйских, 24 жаста, туғанжері — Қарағанды, жазушы



Өзі туралы



Мен барлығына қызығушылық танытатын адаммын. Өнерді жақсы көремін: кескіндеме, кино, музыка, интерьер дизайны, фотосурет. Барлығын үйреніп, өзімді әрбір салада байқап көргім келеді. Сондай-ақ, әдебиет те бар. Шамамен бір апта бұрын менің ең алғашқы кітабым шықты.

cacf559f-6d06-48d3-b798-d719289df500.jpeg

Күтпей, барлығын бірден жасауды жөн көремін. Егер бір нәрсені айтқым немесе істегім келсе, оны сол уақытта істеймін. Бұл маған дәл осы сәтте алға жылжуға көмектеседі. Тіпті кітапты да тез шығардым — жаздым, оны редакциялады, ал мен оны ғаламтор-дүкендеріне тараттым.


Егер бір нәрсені айтқым немесе істегім келсе, оны сол уақытта істеймін


Жақында күйеуім екеуміз нақты өмір сүруге қалайтын орнымыз жоқ екенін түсіндік. Түрлі қалаларға, мемлекеттерге барып, барлығын көруге тырысамыз, мүмкін кейін бір шешімге келерміз. Жиі Нью-Йоркке және Лондонға барып тұрамыз, уақытымыздың көп бөлігін Мәскеуде өткіземіз. Барлығынан гөрі маған АҚШ ұнайды, адамдардың қарым-қатынасы сүйсіндіреді. Онда ешкім саған саусағын шошайтпайды, өзіңді еркін және жеңіл сезінесің, қалаған нәрсеңді жасай аласың.


Барлығы қалай басталғаны туралы

Қарағандыда туып өстім. Мектеп бітіргеннен кейін қайда оқуға баратыным жайлы сұрақ туындады. Кез келген жер болсын, бірақ Мәскеуге барғым келмеді. Бірақ, бұған қатысты ата-анамның өз жоспарлары болды, сондықтан Мәскеуге маркетинг бағыты бойынша xалықаралық бизнес факультетіне түстім. Алайда бұл салада ешқашан жұмыс істемеппін. Оқу бітіргеннен кейін ары қарай не істеймін деп ойландым: магистратураға түсу немесе күйеуге шығу. Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, ал магистратура жайлы ұсыныс түспеді. Сол себепті тұрмысқа шықтым.

37640292_286456118783205_5418389371785052160_n.jpg

Әрқашан жазғым келді, бірақ әрдайым бір бөгет тұрды. Мен жазу үшін негізгі білім, өмірлік және жазушы тәжірибесі қажет деп ойладым. Күйеуге шығып, босанғаннан кейін уақыт пайда болды. Дәл қазір бірдеңе істейтін кез екенін түсіндім. Бос уақыт болмайды, керісінше ол азая береді. Егер кітап жазғым келсе, оны қазір жазуым керек.

Бірақ жай ғана кітап жазудың қалауы жеткіліксіз. Мен білім беретін әдеби курстарды іздестіре бастадым, сол кезде әлем бойынша саяхатым басталды. Алдымен Мәскеуде Майя Кучерскаяның Creative Writing School курсын өттім. Кейін Лондонға барып, City Lit мектебінде шағын курстарды аяқтадым. Содан соң Нью-Йорктің жазушылар студиясында оқыдым.

Білім алған әрбір мектепте оқытудың өз әдістері бар. Орыс халқы — кітапты ең көп оқитын ұлт және кітап жазу үрдісіне олар қатаң қарайды, көп білім беріп, сынды да жиі білдіреді. Ал Лондон мен Нью-Йоркте бостандық болды, оқытушылар кез келген идеяға қолдау көрсетеді, осылайша қиялың да жақсырақ жұмыс істейді.

Майя Кучерскаяның мектебінде кітабымның аты дүниеге келді. Тапсырмалардың бірінде бес тақырыптың біріне шағын мәтін жазу қажет еді. Олардың бірі «Ал кейін отшашу» деп аталды. Атаудың ұнағаны соншалықты, кейін кітабым да соның айналасында болды.

Кітап туралы

Ең қиыны — не туралы жазғым келетінін шешу. Ойымды төрт ай бойы ойластырып келдім. Ақыр соңында барлығы мистикалық реализмге айналды. Кітаптың өзін үш айдың ішінде жазып бітірдім.

IMG_3995.jpeg

Мен ашық және шынайы түрде жаздым, бұл жеке мәселе. Ол менің өмір мен өлімге байланысты ойларым мен қиялдарымнан құралады. Егер алғыс жазсам, оны әкеме арнар едім. Өйткені кітап идеясы ол қайтқаннан кейін туындады. Сол кезде қайғылы нәрсе туралы ойланғым келмеді, барлығын басқаша қабылдауға тырыстым. Біреу осы кітапты оқыған кезде барлығы соншалықты жаман емес екені жайлы ойланғандарын қалар едім. Өлім — бұл соңы емес, барлығы басқаша болады.

Менің кітабымда төрт кейіпкер бар, ештеңе ойдан шығарылған емес, барлығы өмірден алынған. Алдымен біріншісі, кейін екіншісі, үшіншісі пайда болды. Ал ең соңында төртінші кейіпкер пайда болды. Қызықты болып шықты.

Менің ойымша, оқырмандарымның жас аралығы 15-тен 30-ға дейін. Осындай оқиғаларға көбінесе әйелдер лебіздерін білдіріп жатады, өйткені онда опасыздық, сатқындық, бала, көптеген мистика, қызғаныш және көре алмаушылық та бар.


Бір ретте маған барлық жасаған нәрсеңді еркін ашық түрде айтып беруің керек деп айтты


Кітабымды қоғамға ұсыну қорқынышты болған жоқ. Бір ретте маған барлық жасаған нәрсеңді еркін ашық түрде айтып беруің керек деп айтты. Яғни, жасап жатқан әрекеттеріңнен ұялудың қажеті жоқ.


Қарағанды туралы

Қарағанды — мен жақсы көретін қала, мында менің отбасым тұрады, ата-анам осында туылды. Біз жоқ жерде жақсы деп айтып жатады. Мектепте оқып жүргенде әрқашан осы қаладан кетуді армандайтынмын. Ал енді әлем бойынша саяхаттап, басқа шағын қалалар біздің қалаға қарағанда нашар екенін түсініп жатырмын. Әрине, мегаполистер жайлы айтып жатқан жоқпын, ондағы өмір басқаша.
Біздің адамдар керемет, олар ақкөңіл, ашық және мейірімді. Бізде адаммен танысып, бір аптадан кейін онымен дос болуға болады, оған қоса шын көңілмен. Кішкентай кезімде дос болған достарым бар, олар әлі күнге дейін менің жанымда. Менің ойымша, бұл тамаша, мұндайды тек бізде кездестіруге болады.

IMG_7137.jpeg

Қазақстанда кітап жазатынымды айтқан кезде мені барлық уақытта түсіне қоймайтын. Мәскеуде бұған жақсы қарайды, ал бізде көп адамдар мұны бос уақыт өткізу деп санап, оның әлемге танылуға құқысы бар еңбек екендігін түсінбейді.

Менде шығармашылықпен шындап айналысатын бірнеше досым бар. Көбісіне басқа жаққа көшіп кетулеріне тура келді. Өйткені сен жай ғана сүйікті ісіңмен айналысуды қалайсың, басқаларға неліктен мұнымен айналысу себебін түсіндіруге уақыт жоқ.


Жоспарлар туралы

Кітапты таратумен айналысып келемін және ол Қазақстанда да шығарылуын қалар едім.

Сондай-ақ, жақын уақытта екінші кітапты аяқтауды жоспарлап отырмын. Бұл жаңа жылға дейін дайын болатын роман.

Сонымен қатар fashion-суретпен айналысқым келеді, үйрету курстарынан өтуді жоспарлаудамын. Кейін жиналып, үшінші кітабымды жазамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі