Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жәдігер» өлкетану-зерттеу клубы ашылды.
Оған туған жерін сүйетін кез келген адам мүше бола алады. Өкінішке орай, қазір мектеп қабырғасында тарих сабағы оқытылғанмен, әр өлкенің ерекшелігі балаларға жете түсіндіріле бермейді. Ал клубта тарихшылар мен өлкетанушылар өскелең ұрпаққа кенді аймақтың киелі жерлері, тылсым табиғаты, осы топырақта туған танымал тұлғалары жайлы кеңінен баяндайтын болады. Сонымен қатар клуб мүшелерінің әр отырысына осы жердің перзенттері шықырылып, кездесулер ұйымдастырылмақ. Алғашқы жиынға «Кеншілер даңқы» құрмет белгісінің иегері Казимир Гудз келді. Ал жазға қарай клуб мүшелері табиғат аясына, қасиетті орындарға баруды жоспарлап отыр.
Баян Уатаева, «Абай» кітапханасының директоры:
– Елбасымыз айтқандай, өлкетану, туған жерге деген махаббат арқылы Отанға деген махаббат күшейе түседі. Сол себепті біз бүгінде балалардың патриоттық сезімін, балалардың өз еліне, өз жұртына деген ерекше ықыласын тудыру мақсатында клуб ашуды мақсат етіп қойдық.