Келешекте бұл жерде 20 мың адамға медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу мекемесі заманауи құралдармен қамтамасыз етілген, мамандар да жеткілікті. Айта кету керек, әлеуметтік нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылып отыр. Отбасылық денсаулық орталығы бұрын №1 емхананың ішінде болатын. Енді жеке дара ғимаратқа көшті. Мұнда 60-қа жуық дәрігер 20 мың тұрғынға медициналық көмектің барлық түрін көрсетеді. Емдеу мекемесі қажетті қондырғылармен толықтай жабдықталған.
Облыс басшысы бұл күні дағдарыс орталығының жұмысымен де танысты. Мұнда қан тамыр ауруларына шалдыққан науқастарға көмек көрсетіледі. Дәрігерлер жылына шамамен 2 мың адамға жәрдемдеседі екен. Жуырда орталыққа жаңа заманауи қондырғы алыныпты.
Аймақ басшысының айтуынша, алдағы жылы шалғай аудандарда гемодиализ орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Себебі аптасына 2-3 мәрте қаралатын науқастар үшін қалаға қатынап тұру қиын. Ең бастысы бұл емдеу мекемелері де мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын болады.
Дерек көзі: khabar.kz